Түркістан облысы: Төлеби ауданында қарқынды бау шаруашылығын дамыту 5 гектарға ұлғайтылып, 425 гектарға жетті

Тамылжыған табиғатымен, саф таза ауасымен, туристік аймақ ретінде танылған Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды даму үстінде. Ауыл шаруашылығы — ауданның экономикалық әлеуетiн нығайтуға, ел бюджетiнiң қалыптасуына үлес қосып келе жатқан салалардың бірі. Сондықтан, аграрлы ауданның шаруалары ауыл шаруашылығы техникаларын 12 бірлікке жаңартып, бұл көрсеткіш 1316 техникаға жетті.

Аграрлық салаға байланысты мәселе мемлекет саясатының стратегиялық маңызы бар бағыты болып табылатындықтан, халықтың әлеуметтік экономикалық даму деңгейін қамтамасыз ету үшін, оның дәстүрлі, қалыптасқан ата кәсібі – мал және егін шаруашылықтарын, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға экономиканың басқа салаларына қарағанда артықшылық беруде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыруға ағын судың мүмкіндігі зор екенін ескеріп, шаруаларға ағын су жеткізу мақсатында жыл басынан аудандағы 74 каналдың 38 каналы аудан меншігінде болса, 15 канал механикалық тазалаудан өтті. «Олжалы» каналының негізгі 5 дана шлюздерінің айналасы бетондалды, 5 қораның учаскесіне баратын құбырлары бетондалды. «Қарашора» 1 шақырым аумағына темір бетон науа қойылды. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту 5 гектарға ұлғайтылып, 425 гектарға жетті. Мәселен, Кемеқалған ауылдық округі Абай елді мекенінде орналасқан «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі алма бауын егуді қолға алған. Өндірістік кооператив — аймақтағы ең үлкен жобалардың бірі. Бүгінде шаруашылық 138 гектар аумаққа Италиядан әкелінген 265 000 түп ағаш отырғызған. Грении Смит, Айдаред, Голден Делишес, Гала сынды сұрыпты алмалар бүгінде өнім беріп, кәсіпкер піскен жемісті жинау жұмысын жүргізуде. Қарқынды алма бауында тіреуіш бағаналары, күннен қорғайтын тор және тамшылатып суғару жүйесі орнатылған. Осы орайда аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы өндірістік кооперативке арнайы барып, ондағы атқарылған жұмыс барысымен танысты. Алма піскен жиын-терім уақытта мұнда 150 адам маусымдық жұмысқа тартылады екен. Жоба құны 1 миллиард 645,2 миллион теңге болса, кәсіпкер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 1 миллиард 153,3 миллион теңге несие алған. Сондай-ақ Қасқасу елді мекенінде 18 гектар жерге Қазақстан алмасының бренді Алматы апорты өсіру қолға алынған. Апорт өте дәмді алма және сұранысқа ие. Алманы күтіп баптау жұмысы да оңай емес. Апорт алмасы тек жеті жылдан кейін өнім береді. 12-13 жылдан кейін бір түптен жеті жүз, сегіз жүз килограммға дейін өнім алуға болады.

1 алқаптан 2-3 өнім алу бағытында 110 гектарға көкөніс егілді. Нәтижесінде, жалпы өңірлік өнім көлемі 3 айда 21,6 миллиард теңгеге жетті.

Бұдан бөлек Төлеби ауданындағы шаруалар жылыжай салып, тамшылатып суғару әдісін қолдану арқылы көкөніс егуді қолға алған. Таулы аумаққа көктем кеш түсетініне байланысты, жылыжайдың пайдасы орасан зор.

Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңаұйым елдімекенінің тұрғыны Мейіржан Ғаниұлы өзінің үйінің іргесінен 0,03 гектар жеріне жылыжай салып, қияр еккен. Бүгінгі таңда алынған өнімдермен жергілікті тұрғындарды қамтамасыз етіп отыр.

Шаруаның ендігі алға қойған мақсаты — жылыжай көлемін ұлғайту. Сонымен қатар, балық өсіру шаруашылығымен айналысу үшін жеңілдетілген несие алу. Мейіржан Ғаниұлы кәсібін өркендету мақсатында сала мамандарынан кеңес алды.

Жалпы, Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасына сәйкес, 2023 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу көзделіп отыр: Егіс көлемін 860 мың гектарға орналастыру; Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасын 9303 гектарға енгізу; Қосымша 93 гектарға жылыжайлар салу; Су үнемдеу технологиялары ендірілген алқапты 39,2 мың гектарға жеткізу (Оның ішінде 9,9 мың гектары — жаңбырлатып суғару); Жаңадан 665 гектарға — қарқынды бау, 120 гектарға жүзім отырғызу; Сақтау қуаттылықтарын қосымша 29,3 мың тоннаға арттыру; 1346 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын алу; Жылдық қуаттылығы 40 мың тоннаға жеміс-көкөніс өңдеу, 17 мың тоннаға ет өңдеу, 37 мың тоннаға сүт өңдеу кәсіпорындарын ашу; 1000 бастан жоғары 13 бордақылау алаңын, 200 бастан жоғары 4 сүт фермасын ашу; 4 бірлік ірі құс фермаларын ашу және жалпы 270,0 мың басқа отбасылық құс шаруашылықтарын ашу; 4 бірлік тоқыма, тігін және 6 бірлік жүн, тері өңдеу кәсіпорындарын ашу.

Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 75,2 миллиард теңге, тамақ өнеркәсібіне 11 миллиард теңге жеке инвестициялар тартылып, жалпы өнім көлемі 1 триллион 127 миллиард теңгеге жеткізіледі (НКИ – 103 %). Көрсеткіштердің орындалуы бойынша ағымдағы жылдың I-ші тоқсаннан бастап рейтингтік бағалау жұмыстары ай сайын жүргізілетін болады.

Жылыжай шаруашылығын дамытуға келсек, өңірде жылыжайлар көлемі 690 гектарға ұлғайып, 2259 гектарға жеткізіледі. Нәтижесінде, алынған өнім көлемі 3 есеге дейін артып, 243,8 мың тонна өнім өндіріліп, Республика халқы қажеттілігі маусымаралық кезеңде 112 % қамтамасыз етіледі. Республика халқының қажеттілігі — 217,2 мың тонна.

Оның ішінде, 500 гектарға жылыжайларға агроиндустриалды аймақ құру жобасы бойынша Келес, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында жер телімдері нақтыланды, Сайрам, Сарыағаш аудандарында жер телімдерін бөлу мәселелері қарастырылуда. Анықтама үшін айта өтейік, агроиндустриальды аймаққа 500 гектар жылыжай салуға жеңілдіктер қарастыру мақсатында, несие желілерін ашу, «Инвестициялық салымдарды субсидиялау» бағдарламасы шеңберінде фермерлік жылыжайларды инвестициялық субсидиялауға жөнінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар енгізілді.

Қарқынды бау шаруашылығын дамыту туралы бірер сөз. Алма өндірісін арттыру бойынша қарқынды баулар көлемі ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Жоспар бойынша егіс көлемі 4740 гектардан 8520 гектарға жеткізіледі (+3780 гектар). Облыс халқын алма өнімімен қамтамасыз ету 125,1 %-дан 153,5 %-ға артады (2022 жылы 125,1 мың тонна – 2027 жылы 160,3 мың тонна).

Сөз соңында Төлеби ауданының 2023 жылғы І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы да ауыз толтырып айтуға болады. Ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашраповтың сөзіне сүйенсек, 2023 жылдың 3 айының кіріс бөлігі нақты 847 миллион теңгені құраса, қаржы игеру жоспары 100 пайызды құрайды. Өнеркәсіп саласы негізінде 9 миллиард 001 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Кәсіпкерлікті қолдау картасы бағдарламасы шеңберінде жұмыстар жүргізіліп, бюджет есебінен 393 миллион теңге, кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың өз қаржысы есебінен 2 миллиард 251 миллион теңге инвестиция тартылған. Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі көрсеткіштер: егістік жерді әртараптандыру, 1 алқаптан 2-3 өнім алу, тамшылатып суғару, қарқынды бау егу, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау, жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау бойынша белгіленген меже бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал, 1000 бастан жоғары бордақылау алаңдарын ашу, 200 бастан жоғары сүт тауарлы фермасын іске қосу, 5000 бастан жоғары отбасылық құс фермаларын ашып, ауыл шаруашылығы кооперацияларын құру бағытындағы жобаларды жүзеге асыру үшін келіссөздер жүргізілуде.

Жүйелі жұмыс, нақты нәтижеліліктің дәлелі, экономикалық дамудың 14 көрсеткіші бойынша Төлеби ауданы облыс аумағындағы 17 аудан арасында бірінші орыннан көрінді.

Аудан аумағында көркейту, абаттандыру негізінде 400,9 млн теңгеге 10 нысанның құрылысы жүргізіліп, кей құрылыс жұмыстары биыл жалғасын табуда. Атап айтар болсақ, Әңгірата елді мекеніндегі аллеяны қоршау, І мөлтек ауданға түнгі жарықтандыру, бейнекамералар орнату, жолдар кеңейтіліп, аяқ жолдар салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қазіргі кезде көп қабатты тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың сыртқы қасбетін әрленіп, темір жол аумағына көркейту, сәндік ағаштар, гүлдер егілуде. Көше бойындағы мекемелердің және сквер, аллея қоршауларын және аялдамаларды бояу жұмыстары жүргізілуде.

Бұған қоса, Қапал батыр көшесіндегң егілген көшеттерге сәндік қоршап, жарнамаларық панолар орнату (Ә.Бектаев, Қапал батыр көшесіне), Ленгір-Достық тас жолын көркейту жұмыстары атқарылатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.