Түркістан облысы: Төлеби ауданының Бірінші Мамыр елді мекеніндегі жайылымға шығатын жолдағы қоршалған шарбақтар толық алынып, жол ашылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің екінші тоқсандағы он бірінші кездесуі Зертас ауылдық округінде өтті. Кездесу Зертас Мәдениет үйінде өтіп, оған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Әуезханұлы Серікбаев төрағалық етті.

Конституциялық заңның 17-ші және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы кездесу барысында Лесбек Әуезханұлы 2023 жылдың үш айында округ аумағында жүзеге асатын жобалар мен ақпан айында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер негізінде атқарылған жұмыстар барысын баяндады.

— 2023 жылдың 21 ақпанында өткен есепті кездесуде Сіздер шешімін күткен 4 мәселе көтерген едіңіздер. Сол мәселелерді шешу бойынша іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 3 мәселе өз шешімін табуда, атап айтқанда:

  1. Зертас елді мекеніне 64,0 шақырым су құбыры тартылып, 2 дана (1200 текше метр) резеруар қойылып, 531 дана су құдық орнатылды. Резеруарлар ішіне су толтырылып, ішкі жүйелерге су жіберілді. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ, резеруардың айналасын көгалдандыру, асфальттау, тал егу жұмыстары және ішкі жүйелер реттелуде. Жалпы жұмыстарды 2023 жылдың маусым айында аяқтап пайдалануға беріледі.
  2. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан Зертас елді мекені, Жамбыл көшесіндегі ескірген электр бағаналарының жарты бөлігі ауыстырылған болатын, қалған бөлігі 2023 жылдың қыркүйек айына дейін ауыстырылатын болады.
  3. Аудандық жер комиссиясы тарапынан Зертас ауылы Шомшақты көшесі аумағынан «Теле 2» ұялы байланыс операторына антенна орнатуға тиісті жер телімін беру туралы шешімі шығарылып, қазіргі таңда мемлекеттік акті алу бойынша құжаттары рәсімделуде. «Теле 2» ұялы байланыс операторымен 2023 жылдың соңына дейін базалық станция қою жоспары бар. Оператордың қаржылық және даму жоспарына сәйкес өзгерістер болуы мүмкін!

Қалған 1 мәселені шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойына 6 дана «Сергек» орнату бойынша облыстық сессия қарауына ұсынылды, қаржыландырған жағдайда орнатылатын болады, — деді өз сөзінде Лесбек Әуезханұлы.

Есепті кездесу барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Әуезханұлы тұрғындарды толғандырған сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің орындалу мерзімі мен жолдарын түсіндіріп өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтынын айтты. Сондай-ақ, өзекті мәселелерді шешу жолында жаңа міндеттер қойып, халықпен жақын болып, әлеуметтік желі арқылы олардың сұрақтарына жауап беруді міндеттеді. Бұған қоса, тұрғындармен жылдың төрт тоқсанында кездесу өткізіп, өзекті мәселелердің шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндіруді тапсырды. Яғни, ашықтық пен жариялылықты кеңінен насихаттап, жүйелі жұмыс жасау қажеттігін айтты. Аудан аумағында Президент тапсырмасы нақты орындалуда. Сөзіміздің дәлелі, аудан басшысы бірінші тоқсанда 1 қала, 12 ауылдық округінде кездесу өткізді. Араға екі ай салып, бекітілген кестеге сай, екінші тоқсанның он екінші жүздесуі Бірінші Мамыр ауылдық округінде жалғасын тапты.

Бірінші Мамыр Мәдениет үйінде өткен кездесуді аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Әуезханұлы Серікбаев жүргізіп, округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жылдың басында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын таныстырды.

Тұрғындардың өтініші негізінде, айтылған мәселелерді шешу бойынша іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 2 мәселе өз шешімін табуда, атап айтқанда:

  1. Бірінші Мамыр елді мекені Сүгір, Мерей көшелеріндегі жарылып жатқан су құбырлары «Ленгір су» мекемесі арқылы жөнделіп, реттелді. Асфальтқа келген зақым болса, «Жарық жол» мекемесі тарапынан реттеледі.
  2. Бірінші Мамыр елді мекеніндегі жайылымға шығатын жолдағы қоршалған шарбақтар толық алынып, жол ашылды.
  3. Сүгір көшесінде 2015 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан инвестициялық бағдарламасы бойынша трансформатор ауыстырылған болатын. Биыл мекеменің осы бағдарламасы аясында босаған трансформаторлардың қуатын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
  4. Зағамбар елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 4,98 шақырымды құрайтын көшелердің жол жабындысын орташа жөндеу үшін «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.
  5. 2022 жылдың қыркүйек айында Зағамбар елді мекеніндегі жер асты су қорына зерттеу жүргізген геолог мамандар Алматы қаласынан келіп, мердігер «Монолит-Дизайн-2030» ЖШС, Ұңғыманы қазған мамандар және ауыл тұрғындарының қатысуымен нысан басында техникалық кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысымен ұңғыманы компрессормен тазалау, су сорғысын ауыстыру жұмыстарын жүргізсе су дебеті көбейетіндігі айтылған болатын.

Бұл жұмыстарды мердігер мекеме міндетіне алып, бүгінгі күні екі ұғыманы компрессормен тазалады. Қазіргі кезде істен шыққа екі ЭЦВ-6-10-110 сусорғысын қайта жөндеуден өткізуде. Мердігер мекеме «Ленгір су» мекемесімен бірлесіп, сусорғыларды мамыр айына дейін орнатады. Бұған қоса, жерасты су қорын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге облыстық басқармаға ұсыныс берілді.

  1. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің ағымдағы жөндеу жұмыстары арқылы Жасқыран көшесінің 12 бағанасы 420 шақырым электр желісі жаңартылды. Нұрлы жол көшесінің ескірген бағаналары 2024 жылдың инвест бағдарламасына енгізілген.
  2. Тағайна елді мекенінде Айбын, Байлық, Береке, Бәйтерек, Бірлік, Ақжол, Ақпейіл, Аққайнар, Сазды және №1, 2, 3 көшелеріне мердігер «Шаңырақ-21» ЖШС тарапынан 574 бағана 20,7 шақырым электр желісі тартылды. 2023 жылдың шілде айына дейін 6 трансформатор орнатылып, тұрғындар сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Іс-шарадағы қалған 2 сұрақтың құрылыстары 2024 жылы пайдалануға берілетін болады.

  1. Бірінші Мамыр елді мекені, Қожабек көшесіндегі ескірген электр бағаналары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгерімінде. Аталған мекеменің инвестициялық бағдарламасына сәйкес 2024 жылдың жоспарында бекітілген. Ағымдағы жылы апатты жағдайдағы электр бағаналары ағымдағы жөндеу арқылы жыл соңына дейін ауыстырылып отыратын болады.
  2. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша «Сергек» камераларын орналастыру үшін облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы қаржы қарастыруда. 2023 жылға Алғабас елді мекенінің орталық көшесіне «Сергек» камерасын қою жоспарда жоқ. 2024-2025 жылға жобаға енгізілетін болады.

Кездесуге қатысқан аудандық мәслихат аппаратының басшысы Бақыт Кемелов сайлаушылар өзінің мұң-мұқтажын білетін және мүддесін қорғай алатын азаматтарға дауыс беріп, елмен етене араласа білген үміткерлер халық сайлаған өкіл атанғанын айтты. Депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артқанын, сондықтан депутаттар 5 жыл бойы саналы, парасатты түрде белсенді жұмыс істейтіндіктерін жеткізді. Әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беру арқылы ел мүддесі үшін қызмет ету қажеттігін айтты.

Кездесу барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Әуезханұлы халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.

Сонымен қатар Төлеби ауданы жұртшылығының мұң-мұқтажын біліп, жоқ-жітігін түгендеп, оларды мазалаған сұрақтарына жауап беру бағытындағы аудан әкімінің кездесуі Ленгір қаласында да өтті. Аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Әуезханұлы Серікбаев төрағалық етті.

Екінші тоқсанның соңғы кездесуінде Лесбек Әуезханұлы аудан орталығында 2023 жылдың алғашқы үш айында атқарылған жұмыстар мен алғашқы кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын түсіндірді. Атап айтар болсақ,

  1. Сәулембаев көшесі асфальтінің тозығы жеткен жерлеріне «Жарық жол» мекемесі тарапынан 2023 жылдың наурыз айында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  2. Қазыбек би көшесіне 2,150 шақырым аяқ жол салуға құны 32,426 млн теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, бюджеттік комиссияға ұсынылып, 2023 жылға қаржы қаралды. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілетін болады.

Қалған 1 мәселені шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

№4 ЖОМ ғимаратында орналасқан «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесін басқа жерге көшіру бойынша ғимарат қарастырылуда, қажетті, қолайлы ғимарат табылған соң аталған мәселе шешілетін болады.

Қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының маңызды екені ақиқат. Кездесу барысында азаматтарды ашық диалогқа шақыруы арқылы оларды толғандырған мәселенің жай-күйімен танысқан Лесбек Әуезханұлы ел сенімін арқалаудың жауапкершілігін бар екенін ескеріп, жиынның басым бөлігін сұрақ-жауапқа арнады. Еркін форматтағы кездесуде аудан орталығының тұрғындары, ашық-жарқын пікір алмасты.

Әкімдердің халықпен кездесуі – билік пен қоғамның, әсіресе, өңірлердегі диалогын орнатуға негізделген кері байланыстың маңызды бағыты екенін ескерсек, кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қала орталығын көркейту бойынша ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесуге қатысқан аудандық мәслихат аппаратының басшысы Бақыт Кемелов VIII шақырылым депутаттарын таныстырып, мәслихаттың құрылымы мен жанынан құрылған тұрақты комиссия төрағаларын таныстырып, олардың атқаратын қызметтерін әңгімеледі. Аудан аумағындағы өзекті мәселелерді шешу үшін атқарушы билік пен өкілді орган бірлесіп еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесуден кейін Лесбек Әуезханұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жиын барысында хаттама толтырылып, проблемалы мәселелер жүйеленіп, зерделеніп, тиісті құжаттар дайындалып, оларды қаржыландыру үшін мәслихат сессиясына қарауға жіберіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

7 Comments

  1. Wow, wonderful blog structure! How lengthy have you been blogging for?
    you made running a blog look easy. The full glance of your
    web site is wonderful, let alone the content material!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.