Түркістан облысы: Төлеби ауданының Қаратөбе елді мекеніне 187,0 гектар жер телімін ортақ жайылымдық жер қорына алу жұмыстары жүргізіледі

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың үшінші тоқсандағы кезекті кездесуі Аққұм ауылдық округінде жалғасын тапты. Регламентте көрсетілгендей, аудан басшысы кездесудің жоспарланған уақытының төрттен бірден аспайтын бөлігін ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының 6 айлық көрсеткішін таныстыруға және сәуір айында өткен басқосуда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің жүзеге асыру барысын баяндауға арнады.

Жиынның басым бөлігі «сұрақ-жауап» форматында өтті. Тұрғындар елді мекен шеңберінде инженерлік коммуникация жүйелері, жайылымдық жерлерге қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Аққұм ауылдық округіндегі аудандық маңызы бар жолдар 25,6 шақырымды құраса, қанағаттанарлығы — 86,4 %. Елді мекеннің ішкі көшелері 37,6 шақырым болса, жарамдылығы — 96,1 %. Жыл қорытындысымен 97,5%-ға жетеді деп жоспарлануда.

Аққұм елді мекеніндегі 1,65 шақырым Қапал батыр және 1,860 шақырым Әлі ата көшесін ағымдағы жөндеуден өткізуге 52,0 млн. теңге қаржы қаралып, мердігер «Бірлік НС» ЖШС тас төсеу жұмыстары жүргізуде.

«Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы аясында Аққұм елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 4,722 шақырым Қапал батыр көшесінің жол жабындысын орта жөндеуден өткізуге 118,3 млн. теңге қаралып, мердігер «ЕвроРемонтСервис» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

Момынай елді мекеніндегі 1,5 шақырым Ақтас көшесін ағымдағы жөндеуден өткізуге 23,5 млн. теңге қаржы қаралып, мердігер анықталуда.

Округ аумағындағы елді мекендерде табиғи газ мәселесі толық шешімін тапқан. Аққұм ауылдық округі, Аққұм, Жаңаұым, Момынай елді мекеніндегі 1968 жылы салынған ауыз су құбырлар келешекте жаңартуды қажет ететін болғандықтан, 2024 жылы жобалау-сметалық құжатын (ЖСҚ) әзірленетін болады.

2023 жылы Момынай елді мекенінде жалпы ұзындығы 0,880 шақырым Ақпан батыр көшесіне трансформатор мен электр желісі үшін ЖСҚ әзірлеуге 2,6 млн. теңгеге қаржы қаралып, жобалаушы анықталуда.

Демеуші «Шымгеопроект» ЖШС есебінен Аққұм елді мекінендегі 1,7 шақырым Ащы көшесіне Жаңаұйым елді мекеніндегі 1,2 шақырым Қырықбаев, Тастөбе көшелеріне электр желісінің құрылысын жүргізу үшін жобалау–сметалық құжаты әзірленуде. ЖСҚ-сы жыл соңына дейін аяқталып, 2024 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады.

Елді мекендерге жалпы 14,9 шақырым түнгі жарық орнатылып, 9,2 шақырым аяқжол салынған. Орталық жолдар түнгі жарықпен қамтылған.

Жаңаұйым елді мекеніндегі Тастөбе көшесіне 0,810 шақырым аяқжол салу және суағар орнату үшін алдағы болатын бюджетті нақтылауда қайта қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

Аққұм елді мекенінің Әліата көшесіндегі тозығы жеткен 10-ға жуық ағаш бағанасы — «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгерімінде. Аталған мекеме тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары арқылы қараша айына дейін жаңартылатын болады.

«Жылақ-ата» бұлағынан Аққұм елді мекенінің жоғарғы бөлігіне (5-көшеге) су тарту бойынша «Ленгір су» мекемесімен бірлесіп, зерттеу жүргізілді. Алайда бұл бұлақтарда су көлемі аз болғандықтан су тарту тиімсіз екендігі анықталды.

Қазіргі таңда Аққұм елді мекені Жаңатұрмыс елді мекеніндегі ұңғымадан тартылған сумен қамтамасыз етілуде. Алдағы уақытта жаңа скважина қазу жұмыстарын жүргізу немесе Нысанбек елді мекеніндегі су тарту мәселесі қаралып жатыр.

Тоқсан сайын ресми сайтта кездесу барысында халық көтерген проблемалы мәселелердің шешілу барысы туралы ақпарат жарияланады. Халықпен сөйлесіп, олардың мәселелерін шешу жолында жоспарлар құрылып, жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Бұдан соң Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы Төлеби ауданы әкімінің кезекті кездесуі Кемеқалған ауылдық округінде жалғасын тапты.

Басқосуда халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының жарты жылдық қорытындысы мен ІІ тоқсанда өткен басқосуда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысын баяндады.

Ауылдық округ аумағындағы облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы – 98,5 %. Аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлығы 94,2 пайызға жетті.

Аудандық бюджет есебінен Қаратөбе елді мекенінде 2,92 шақырым Ақбосаға, Ақбура, Ынталы көшелері, сметалық құны 70,414 млн. теңге қаржы қаралды. Мердігер мекеме анықталуда.

Аудандық бюджет есебінен 1,6 шақырымды құрайтын Ұйымшыл елді мекеніндегі Шоқалақ көшесін жөндеуден өткізуге сметалық құны 36,628 млн. теңге қаржы қаралды. Мердігер мекеме анықталуда.

Ақбастау елді мекеніндегі 2,9 шақырым Төртшал көшесін, 0,620 шақырым Қазығұрт көшесін жөндеуден өткізуге сметалық құжаты әзірленіп, қаржыландыруға құжаттары ұсынылды. Абай-Ұйымшыл елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 3,1 шақырым КХТЛ-12 жолының жабындысын орта жөндеуге 79,9 млн. теңгеге сметалық құжаты әзірленіп, алдағы болатын бюджеттік нақтылауға құжаттары ұсынылды.

Қарақия елді мекеніндегі Қарақия көшесіндегі 14 үйге, 3,5 шақырым газ құбыры тартылып, 10 дана ГШРП орнатылды. «ИнтегазГазОрталықАзия» АҚ-нан Қазақстан–Бейнеу-Ташкент магистралды газ құбырымен қиылысатын аумақтан өтетін Д63мм құбырды тарту жұмыстары мамыр айында аяқталған. Қазіргі кезде ары газды іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Ұйымшыл елді мекеніндегі ауыз су құбырының ағымдағы жөндеуден өткізуге аудан бюджетінен 30,1 млн. теңге бөлінді. Ленгір су мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталатын болады.

Ақбастау елді мекені Төртшал, Талдыбастау (Үңгіртас) көшелеріне демеушілер есебінен ЖСҚ әзірленіп, салалық басқармаға қаржыландыруға ұсынылды. Ұйымшыл елді мекеніндегі Шоқалақ көшесіндегі 0,402 шақырым суағар орнатуға 5,7 млн. теңге қаралған, қазіргі кезде мердігер анықтау жұмыстары жүргізілуде.

II тоқсанда ауылдық округі халқымен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалу барысы:

Ұйымшыл елді мекенінің ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 30 167,57 мың теңге қаралып, бүгінгі таңда «Ленгір су» МКК арқылы жөндеу жұмыстары басталды.

Сметада су есептегіш құралдарын орнату қаралмаған. Су есептегіш құралдары «Ленгір су» МКК келісімі арқылы абоненттердің өз есептерінен жүргізілетін болады.

Ұйымшыл ауылына баратын асфальт жолды жөндеуге қажетті сметалық құжаттамасы әзірленген. Алайда 2023 жылы заңға өзгерістер енгізуіне байланысты, ұлттық сапа орталығына ведомствалық сараптамадан өткізуге ұсыныс берілген. Сараптама қорытындысы алынған жағдайда сараптамаға сәйкес смета әзірленетін болады. 2024 жылдың бюджетіне ұсынылады.

«КазТрансГаз» ЖШС тарапынан бекітілген жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін ақауы бар құбырлар жөнделіп, реттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қаратөбе елді мекені, Қазығұрт, Қаратөбе, Ынталы көшелеріне трансформаторлық станциядан электр желілерін салу құрылысы 2022 жылы басталған болатын. Нысанның құрылыс құны 74 190,0 мың теңге. 2022 жылға 10,0 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталып, қалған 64 190,0 мың теңге 2023 жылға өтпелі. Алайда 2023 жылғы бюджеттік бағдарламаға сәйкес қаржы қаралмаған. Бұл бойынша Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасына және энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасына 26.01.2023 жылғы 229-15/08-08/258 және 24.05.2023 жылғы 229-15/08-08/1569 шығыс хаттарымен қосымша бюджеттік өтінім жолданған. Қаржы қаржы қаралған жағдайда 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.

Кемеқалған ауылдық округінің Қаратөбе елді мекеніне 187,0 гектар жер телімін ортақ жайылымдық жер қорына алу жұмыстары жүргізіледі.

Аудан әкімі Кездесуде тұрғындардың мұң-мұқтажын біліп, жоқ-жітігін түгендеп, толғандырған сұрақтарғына жауап берді. Халықтың өтініштері мен сауалдары негізінде жұмыс жоспары түзіліп, проблемалы мәселелер жүйеленіп, оларды қаржыландыруға салалық басқармаларға, мәслихат сессиясына ұсынылады. Кездесу аяқталғаннан кейін Төлеген Телғараев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.