Түркістан облысы: Төлеби ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың жалға алынған жайылым жер телімдерін ауданның арнайы жер қорына қайтару жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың үшінші тоқсандағы төртінші кездесуі Көксәйек ауылдық округінде өтті. Жиында ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері мен ІІ тоқсанда өткен басқосуда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарырлған жұмыстар барысын баяндады.

Ауылдық округ аумағындағы облыстық маңызы бар жолдар 22,4 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлық жағдайы –89,7 %, жыл қорытындысымен 95,0 пайызға жететін болады. Елді мекеннің ішкі көшелерінің жарамдылығы жыл соңына дейін 91,2 пайызға жетеді деп жоспарлануда. Қазіргі кезде «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» 36,0 шақырым жолын мердігер «АлемТрансЖол» ЖШС орта жөндеуден өткізуде. Бүгінге 0,663 шақырым аяқжол салынып, түнгі жарық бағаналары орнатылып, асфальт салынуда. Жоба аясында асфальт салынып біткеннен кейін жол белгілері орнатылатын болады.

II тоқсанда кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы төмендегідей:

Қаратөбе және Көксәйек ауылдық округтері бойынша ұзындығы 46,1 шақырымды құрайтын диаметрі 250 мм топтастырылған полиэтилен құбыры 2014 жылы салынғандықтан, тозу мерзімі өтпеген, ауыстыруды қажет етпейді. «Ленгір су» МКК тарапынан құбырдың су тежегіш қондырғыларында және бұрандамаларында тұрып қалған құм-тастар тазаланып, реттелді. Қазіргі кезде су тұрақты берілуде.

Бірнеше көше бойына жаңа электр бағаналарын орнатып жатқан мердігер мекеменің жауапсыздығынан жұмыстар уақытша тоқтатылған. «ПМК-7К» ЖШС тарапынан электр желісіне қосу үшін құрылғылар түгел болмауына байланысты Төлеби АЭЖ тарапынан қосуға мүмкіндік жоқ екенін хабарлауда. Аяқталмай қалған жұмыстар бойынша қалған қаржыға конкурстық өтінім берілді. Мердігер мекеме анықталмаған жағдайда жобаға түзету (корректировка) жұмыстарына жіберіліп, қаржыландырылған жағдайда жобамен 2024 жылдың шілде айында жұмыстар аяқталатын болады.

Тұрсынбай көшесі бойына жүргізіліп жатқан лоток құрылысы 2023 жылдың маусым айында толық аяқталды.

К.Өмірәлиев көшесіндегі элетр бағаналары мен желілері 2027 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің инвестициялық бағдарламасы негізінде ауыстырылады. Апатты жағдайда тұрған 4 бағана 2024 жылы ауыстырылады.

Жер қатынастары бөлімі тарапынан Төлеби ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың жалға алынған жайылым жер телімдерін ауданның арнайы жер қорына қайтару жөнінде өткізілетін көшпелі мәжілісінің кестесіне сәйкес 2023 жылы 7 маусымда Көксәйек ауылдық округ тұрғындары және жұмысшы топ мүшелерімен бірге жиналыс ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Көксәйек-Шымкент бағытындағы және ауыл арасындағы таксидің жол ақысының қымбаттағаны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық көлік жүргізу бойынша Төлеби автобус паркіне ұсыныс берілген, зерделеу барысында Көксәйек-Шымкент бағытында жүретін көліктің шығынын ақтамай тиімсіз болғандықтан, «Төлеби автобус паркі» бас тартты.

Кездесуде тұрғындар өздерін алаңдатқан ауыз су, жайылымдық жер, ағын су мәселесін сөз етіп, ойын алаңшасын орнатып, тозығы жеткен электр бағаналары мен трансформаторларды ауыстыруды өтінді. Округ халқының сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырдым. Көтерілген шешу жолдары аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады.

Бекітілген кестеге сай, Төлеген Телғараевтың аудан халқымен кезекті кездесуі Жоғары Ақсу ауылдық округінде жалғасын тапты. Құрамында екі елді мекені бар округте тұрғындардың жайлы өмірі үшін инфрақұрылым жүйелері толығымен тартылған. Инженерлік коммуникация жүйелері шешімін тапқан елді мекендерде облыстық маңызы бар жолдар 12,9 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлығы –94,1 %. Ал, елді мекеннің ішкі көшелері — 13,71 шақырым болса, жарамдылығы –100 %.

Мәдени елді мекеніне кіре беріс көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін Түркістан облысының жолдар басқармасы арқылы жобалау-сметалық құжаты (ЖСҚ) әзірленуде, жоба мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылған. Басқарма 2024 жылы қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілетіндігін хабарлауда.

Аудан бюджеті есебінен биылғы жылы Мәдени елді мекеніндегі С.Тлеуов, Бәйшешек көшесіне 2,50 шақырым суағар (лоток) қойылып, С.Тлеуов, С.Бастықов және Ақсу Жаға көшесіне 2,88 шақырым түнгі жарық орнатылады.

II тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі төмендегідей:

Мәдени ауылындағы жаңадан салынатын спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттарын жаңарту үшін аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан 2023 жылы 26 сәуірде №229-17/06-05/539 санды хатымен аудандық бюджеттік комиссияға жобаны қайта әзірлеуге бюджеттік өтінім тапсырды. Қолдау тапқан жағдайда, құжаттары қайта жасалып, облыстық салалық басқармаларға қаржыландыруға ұсынылады.

Мәдени ауылы С.Тлеуов көшесінің бас жағына №105 үйдің алдына «Жарық жол» МКК тарапынан тас төселді.

Қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы кездесу еркін, сұрақ-жауап форматында өтті. Кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, оның орындалу жолдары бойынша шешімдер қабылданды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.