Аудан прокурорының бастамасымен «Ауыл — ел аманаты» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бөлініп жатқан несиелік бағдарламалар мен субсидиялық жеңілдіктер жайлы, кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін талқылау туралы ауыл тұрғындарымен шаруалар және АӨК төрағаларымен «дөңгелек үстел» өткізілді.
Жинға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шардара аудандық филиалының директоры Ж.Қамбаров, аудандағы құзырлы мекемелер өкілдері, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының мамандары, «Ырыс» МҚҰ аудандағы өкілі және кәсіпкерлер қатысып отырды. Жиынды Шардара ауданының прокуроры Р.Абдраймов ашып, жүргізіп отырды. Ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін түсіндіріп, тараптардан туындаған сұрақтарға жауап берілді. Жиында ауыл шаруашылығы мәселелері: минералды тыңайтқыштарды субсидиялау мен жеңілдетілген дизель отыны жөнінде, қыс және жаз мезгілінде бөлінетін ағынсуды оңтайлы мерзімде босату, ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан жеңілдетілген несиелер бойынша тоқталып өтті.
Аудан прокуроры кәсіпкерлерге «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен ашықтық қағидаларына сәйкес, кәсіпкерлерге ойларын еркін жеткізе отырып және ұсыныстар мен өтініштер бақылаусыз қалмайтынын, тиісті жұмыстар жүргізілуін өз бақылауында екендігін мәлімдеді. Сонымен қатар әр айдың 19 жұлдызында дөңгелек үстел өткізуді ұсынды.
Сондай-ақ кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан рұқсатнама құжаттарын алу кезінде, қаржы даму мекемелеріне құжаттарды дайындау барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары және жол бермеу маңыздылығын ескертті.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.