Түркістан облысы: Шардара ауданында ағын су каналдарын қайта құрылымдау жұмыстарына мониторинг жүргізу мақсатында аудан әкімінің өкімімен аудандық штаб құрылды

Шардара ауданында ПУИД-2 бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізу мақсатында аудан әкімінің өкімімен аудандық штаб құрылды. Аудандық штаб Қызылқұм және Алатау батыр ауыл округтерінде атқарылып жатқан жұмыстарға күнделікті мониторинг жүргізуде.          

Аудандағы Алатау батыр, Қызылқұм ауыл округтеріндегі жер көлемі – 12532 гектар. Жөндеуден өтетін каналдар ұзындығы – 281,152 шақырым. Оның ішінде: бетонмен қапталатыны – 169,016 шақырым, топырақты каналдар – 112,136 шақырым.

Каналдарға орнатылатын қондырғылар (құрылғылар) – 1433 дана, қашыртқыларды механикалық тазалау – 404,821 шақырым.

Қашыртқыларға орнатылатын қондырғылар (құрылғылар) – 273 дана.

Барлығы – 1711 дана тоспа бар. Жалпы қаралған қаржы – 23,374 миллиард теңге. Оның 2019 жылы – 972,268 миллион теңгесі, 2020 жылы – 2,6 миллиард теңгесі, 2021 жылы – 4,24 миллиард теңгесі, 2022 жылы – 6,0 миллиард теңгесі, 2023 жылы – 9,562 миллиард теңге игеріледі. Жоба бойынша бағдарламаның аяқталу мерзімі – 2023 жыл қазан айы. Мердігерлер – «Мелиоратор» ЖШС, «Тахал» ЖШС.

Ағын су каналдарын қайта құрылымдау жұмыстары 65 дана каналда жүзеге асырылады. Жалпы ұзындығы – 169,016 шақырым, оның 55 данасы ұзындығы 135,219 шақырым бетондалған, 68,1 % құрайды. Ендігі кезекте әртүрлі деңгейдегі 34,797 шақырымдық 10 дана канал бетондаудан өткізіледі.

Ағын су қашыртқыларын  тазалау жұмыстары – 422,381 шақырым, тазаланғаны – 185,008 шақырым,  44,0  % құрайды.

Ағын су тоспаларын орнату 1433 дана болса, оның 432 данасы орнатылған, 30,0 %  құрайды.

Жалпы бағдарлама аясында құрылыс жұмыстарына қатысып отырған адам саны – 180, түрлі құрылыс техникалар саны – 45 дана.

Қызылқұм ауыл округінде ағын су каналдарын бетондау жұмыстарымен «Мелиоратор» ЖШС-гі айналысуда. Бүгінгі таңда мердігер мекеме 169 шақырым каналдың 140 шақырымын бетондап үлгерген. 80 пайызын орындап қойды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталуы тиіс. Егер бұл жоба толық жүзеге асса, Қызылқұм ауыл округінде қосымша 1,5 мың гектар суармалы жер іске қосылады. Бұл ауыл округіндегі агроқұрылымдарға мол мүмкіндіктер бермек. Құрылыс басында 157 техника мен 200-ге жуық құрылысшы мамандар жұмыс істеуде.

Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған. Жер жұмыстарының 300 шақырымының 210 шақырымы еңсеріліп қалды.

Аудандағы АШТӨ-не 2023 жылдың ауыл шаруашылығы өнімі үшін қажетті ағын су лимитін бекіту мақсатында «Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы» мекемесіне ұсыныс хат жолданып, ауыл шаруашылығы саласы бойынша КМК арқылы 798,56 миллион текше метр ағын су лимиті бекітілді.

«Ауыл округтері бойынша 2023 жылғы көктемгі егіске байланысты сор шаю мен ылғалдандыру (сор шаю – 15643 гектар, ылғалдандыру – 20974 гектар) жұмыстарын атқару бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, ауыл округі әкімдеріне жұмыс үшін жолданды» — дейді Шардара ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жауаптылары.

Сонымен қатар 2023 жылы аудан бойынша зерттелетін жер көлемі 43 000 гектарды құрап отырғанын да атап өткен жөн. Аса қауіпті Марокко шегерткесі зиянкестеріне қарсы 2480 гектар өңдеу жұмыстары болжамданып, іске асырылып жатыр. Анықтаушылардың күнделікті нормаларының орындалуына ауыл округінің әкімдері жауапты болып белгіленді. Аса қауіпті Марокко шегерткесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстарына ауыл округтерінен қолданатын қажетті су көздері, мамандер мен жұмысшылардың қонуға ыңғайлы мекен жайлары белгіленіп қойылды. Ағымдағы жылдың 12 сәуірінен бастап анықтаушылар Марокко шегерткесіне анықтау зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге дейін экономикалық зиянды шегінен (ЭЗШ) асқаны анықталмады. 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау мақсатында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 2023 жылы  Шардара ауданына жалпы көлемі 2860,0 тонна, оның ішінде: ақпан айына – 520 тонна,  наурыз айына –780 тонна, сәуір айына –715 тонна, мамыр айына 845 тонна жағар-жанармай бөлінді. 

Сондай-ақ, аудандағы 302 тік дренажды ұңғыма «ҚазСуШар» РМК мекемесінің теңгеріміне беріле отырып, бүгінгі таңға осы тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.  Бірінші лот — Сүткент, Достық, Ақшеңгелді ауыл округтері, мердігер -«Асатай» ЖШС. Екінші лот — Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм ауыл округтері, мердігер — «Алматыинжстрой» АҚ мен «Геотерм» ЖШС. Ал, үшінші лот бойынша Көксу, Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков ауыл округтерінде жеңімпазды анықтау жүргізілуде. 

Аудандағы Ақшеңгелді ауыл округіндегі ұзындығы 32,851 шақырымдық 4 ағын су каналдарына 2,214 миллиард теңгеге облыстық бюджет қаржысы есебінен қайта құрылымдаудан өткізу үшін қажетті қаржы бөлініп, бүгінгі таңға конкурстық жұмыстар жүруде. Осындай жұмыстар Қ.Тұрысбеков ауыл округіндегі ұзындығы 10,74 шақырымдық, Ақшеңгелді ауыл округіндегі 2,7 шақырымдық, Достық ауыл округіндегі ұзындығы 21,3 шақырымдық ағын су каналдарын қайта құрылымдаудан өткізу үшін 4,033 миллиард теңгеге облыстық бюджет арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары жобалаушы «Улмад» ЖШС мекемесі арқылы дайындалуда. Сол сияқты, ауданның коммуналдық меншігіндегі ауыл округі әкімдіктерінің теңгеріміне берілген 944,34 шақырымдық әр түрлі деңгейдегі ағын су қашыртқыларын облыстық бюджет қаржысы есебінен механикалық тазалаудан өткізу үшін тиісті басқармаға  ұсыныс берілген.

Ауыл шаруашылығы саласында ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының 2022 жылдың қорытындылары және  2023 жылға арналған жоспарына келсек, Шардара ауданында ағымдағы жылдың 12 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 60520,4 миллион теңгені (НКИ 102,2 %) құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері — 49913,9 миллион теңге (НКИ 103,1 %), мал шаруашылығы өнімдері 10055,0 миллион теңге (НКИ 97,8 %) болды.

Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 3200,0 миллион теңге жоспары 4362,758 мың теңгеге немесе жылдық жоспар 136,3%, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемі 720 миллион теңге жоспары 1063,246 мың теңгеге немесе жылдық жоспар 147,7% орындалды.

Ағымдағы жылы ауданда 57 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, төмендегідей өнім алынды. Атап айтқанда, 1010 гектар күздік бидайдан — 3040 тонна, 1530 жаздық арпа дақылынан 4340 тонна, 8494 гектар бақшадан  224 240 тонна,  21 183 гектар ескі және жаңа жоңышқадан 211 857 тонна,  табиғи, дала шөптерінен 129 050 тонна, сабан 5120 тонна, 4250 гектар сүрлемдік жүгеріден 150 400 тонна, 3510 гектар дәндік жүгеріден 22 815 тонна, 600 гектар күріштен 4810 тонна, 670 гектар маштан 1065 тонна, 15643 гектар мақтадан 45 448 тонна, 250 гектар картоптан  5250 тонна, 660 гектар көкөністен 23 310 тонна өнім жиналды.

Осы кезеңде мал шаруашылығында мүйізді ірі қара 55 559 бас (102,7 %) , қой-ешкі 205 564 бас (96,1 %), жылқы 15 273 бас (103,5 %), түйе 2760 бас (97,5 %), құстар 47 459 бас (95,2 %)  болды. Ет тірі салмақта 6860,8 тонна (101,5 %),  сүт 18247,2 тонна (93,4 %), жұмыртқа 2849,5 мың дана (100,1 %). Бір сиырдан сауылған орташа сүт 2243,0 литр (107,4 %), бір мекиеннен алынған жұмыртқа 166 дана (89,2 %). 

Қолда бар 1898 ауыл шаруашылығы техникаларының 100 % көктемгі дала жұмыстарына дайындалды. Оның 102 дана жаңа техникасы 2022 жылы алынды.

Ағымдағы жылы шаруаларға сұраныстарына сәйкес «Қолдау КЗ» порталы арқылы 7378 тонна минералды тыңайтқыштар жеткізіп берілді. Үкімет тарапынан  аудандағы шаруаларға көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 3120 тонна жанар жағармайдың 2677 тоннасы тасымалданды. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстары үшін бөлінген 4030 тонна жанар-жағармайдың 3354 тоннасы тасымалданды.

2023 жылы атқарылып жатқан жұмыстар:

2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарын уақытылы ұйымшылдықпен өткізу мақсатында ағымдағы жылдың 12 қаңтарында  аудан әкімінің №2-6Ө өкімімен «2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына жәрдемдесу жөнінде аудандық штаб» құрылды. Осы сияқты, ауданда аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы №2-7Ө өкімімен аудандық штаб құрылды.

2023 жылы ауданда 57 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айтқанда: күздік бидай – 1100 гектар, жаздық арпа – 1500 гектар, күріш – 1200 гектар, дәндік жүгері – 3560 гектар, маш – 670 гектар, мақта – 11200 гектар, ескі жоңышқа – 20010 гектар, жаңа жоңышқа – 4100 гектар, сүрлемдік жүгері – 4250 гектар, картоп – 250 гектар, көкөніс – 600 гектар, бақша – 9360 гектар.

Бүгінге дейін 1050 гектар, жаздық арпа – 1500 гектар, күріш – 1094 гектар, дәндік жүгері — 2850 гектар, маш – 677 гектар, мақта – 14236 гектар, ескі жоңышқа – 17 314 гектар, жаңа жоңышқа – 4170 гектар, сүрлемдік жүгері – 4432 гектар, картоп – 250 гектар, көкөніс – 600 гектар, бақша – 9227 гектар, құнбағыс — 400 гектар егілді. Қазірге дейін жоңышқаның 1-ші орағынан 80 900 тн., бақшадан 6700 тн. өнім жиналды. Дала ауыл шаруашылығы  жұмыстары жалғасуда.

Осы кезеңде мал шаруашылығында мүйізді ірі қара 64 798 бас (110,7 %) , қой-ешкі 255 033 бас (102,1 %), жылқы 18 570 бас (118,7 %) , түйе 3259 бас (102,9 %), құстар 58 190 бас (120,4%)  болды. Ет тірі салмақта 2217,5 тонна (101,2 %),  сүт 5189,5 тонна (106,2 %), жұмыртқа 899,6 мың дана (109,5 %). Бір сиырдан сауылған орташа сүт — 628 литр, бір мекиеннен алынған жұмыртқа — 53 дана. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Very great post. I simply stumbled upon your blog and wanted to say that I have truly loved browsing
    your blog posts. In any case I’ll be subscribing on your feed and I
    hope you write once more very soon!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.