Түркістан облысы: Шардара ауданында ветеринария саласының маңызды мәселелері талқыланды

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу бойынша құрылған жұмысшы топқа берілген тапсырмалардың орындалуын талқылау үшін, Түркістан облысы ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғани Құрманбай мен Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайдың қатысумен кездесу ұйымдастырылды.

Естеріңізде болса, «Түркістан облыстық статистика департаментінің бюллетеніндегі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасындағы және ауылдық округ әкімдіктерінде жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кітапшасындағы мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу туралы» Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, жұмысшы топ құрылған болатын. Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды. Дәлірек айтқанда, Шардара ауданындағы мал басын сәйкестендіру, ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы, қажетті биотермиялық шұңқырларды және уақ мал тоғытатын орындарды салу, аудандағы ветеринариялық-санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы және ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы туралы сөз қозғалып, мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Атап өтер жайт, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзіне сенсек, қазіргі уақытта республиканың АӨК жалпы өнімінің шамамен 40%-ы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі. Талдау нәтижелері саланың тұрақты қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетіп отыр. Малдың барлық түрі тұрақты өсуде. 2022 жылдың өзінде ірі қара мал саны 4,2%-ға, қой 4,8%-ға, жылқы 10,5%-ға, түйе 6,5%-ға, құс саны 4%-ға өсті.

Сонымен қатар мал шаруашылығын дамытудың сапалық көрсеткіштері де өсуде. Атап айтқанда, сауылған сүт мөлшері 4,7%-ға, сондай-ақ сойылған қой салмағы 8,6%-ға, тауықтардың жұмыртқа әкелу көрсеткіші 17,2%-ға өсті. Жалпы 2022 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 0,9%-ға, ал осы жылдың 5 айында 3,6%-ға ұлғайды.

Қазіргі мемлекеттік қолдау шаралары мал шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын сақтауға мүмкіндік берді. Өткен жылы инвестиция көлемі 67%-ға артып, 117,5 млрд теңгеге жеткен. Барлығы 102 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, инвестициялардың ең көп көлемі тауарлы-сүт фермаларының құрылысына салынған. Мәселен, 2022 жылы қуаты 52,4 мың тоннаны құрайтын 36 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Сонымен қатар жалпы қуаты жылына 41,9 мың тонна құс етін құрайтын 7 құс фабрикасы пайдалануға берілді.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде өндірістік қуаты жылына 373 мың тонна сүтті құрайтын 65 тауарлы-сүт фермасын құру жоспарланып отыр, бұл республиканың импортқа тәуелділігін 39%-дан 11%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында мал шаруашылығын субсидиялау тетігін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бақылаушы органдардың ескертулері назарға алынып, субсидиялау қағидаларынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар нормалар алып тасталды. Сонымен қатар ветеринария жүйесін реформалау жұмыстары жүргізілуде.

Мал шаруашылығы — Қазақстан үшін ауыл шаруашылығының негізгі және дәстүрлі салаларының бірі. Сондықтан мемлекет тарапынан салаға елеулі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, мал басын және мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайту үшін биыл 108 млрд теңге бөлініп отыр.

Бұл шаралар мал басы мен құс санының өсуіне, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне оң әсерін тигізеді. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша осы салаға құйылған инвестициялар көлемі 67%-ға өсті. 

Сарапшылардың айтуынша, мал шаруашылығы саласының әлеуметтік маңызы бар бірқатар өнімі бойынша импортқа тәуелділік айтарлықтай төмендеді. Мәселен, импорт сүт өндірісі бойынша 45%-дан 39%-ға дейін, құс етінің өндірісі бойынша 51%-дан 32%-ға дейін төмендеді. 

Оған қоса мал шаруашылығы өніміндегі отандық өндірістің үлесін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар проблемалық мәселені шешу қажет. Мысалы, жемшөп өндірісі бойынша.

Мамандардың айтуынша, ауыспалы егістегі, бірінші кезекте суармалы жерлердегі жемшөп дақылдарының үлесін кеңейту жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Сондай-ақ Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының желісі бойынша Қазақстан ұзақ уақыт бойы аусылдан таза мәртебесін ала алмай жүр.

Сарапшылардың сөзінше, бұл – ветеринарлық қызметтің әлсіз жұмысының дәлелі.

Халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, оның қызметін қайта қарау қажет. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.