Түркістан облысы: Шардара ауданында жастар слеті ұйымдастырылды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, лудоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өзіндік шеберлігін көрсете білуіне көмек беру, республикалық, облыстық сайыстарға шыңдау мақсатында облыстық «Жастар слеті: Тәжірибе алмасу алаңы” атты жастар слетінің ашылу салтанаты өтті.

Шараның салтанатты ашылуына Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев пен Түркістан облысы тергеп тексеру департаментінің аға офицері Гүлзия Қарсыбай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев, жастар ұйымдарының басшылары, облыс, аудан һәм қаладан келген жастар орталғының қызметкерлері, ерікті жастар қатысты.

Аталған шараға қазіргі таңда 200-ге жуық жас қатысып жатыр. Олар Шардара ауданының тарихы көрсетілген көрмені тамашалап, жастардың денсаулығын жақсарту, спортқа деген қызығушылықтарын оятып, шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке, салауатты өмір салтына тарту мақсатында командалық 4 кезеңнен тұратын эстафеталық сайысқа қатысып, құмнан қалашық тұрғызды.

«Командамызбен бірге әр кезеңнен сүрінбей өтуге тырыстық. Қатысушылардың жеңіске деген ынтасын көріп, біз де жігерлене түстік. Осындай жастардың бірлігін нығайтатын сайыстар көбірек болса деген ойдамын. Жарыстар өте қызықты өтуде, – деді сайысқа Мақтаарал ауданынан келген қатысушы Есімхан Жасұзақов.

Қатысуышылар «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында плоггинг өткізеді.

Айта кетейік, жастар слетінде «Лудомания – қоғам дерті» атты семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингте мамандар баяндама жасап, жастарды лудоманиядан аулақ болуға шақырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin