Түркістан облысы: Шардара ауданында қырман астыққа толып, жем-шөп қоры жасақталды

«Биыл Шардара ауданында 2023 жылдың өнімі үшін 57 800 гектар суармалы егістік алқапқа әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары жоспарланып, толығымен егілді» — деп хабарлады Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.

Атап айтқанда, күздік бидай – 1050 гектар, арпа – 1500 гектар, дәндік жүгері –2850 гектар, маш – 677 гектар, мақта – 15 259 гектар, ескі жоңышқа – 16 614 гектар, жаңа жоңышқа – 4160 гектар, сүрлемдік жүгері – 4119 гектар, картоп – 250 гектар, көкөніс – 600 гектар, бақша – 9227 гектар, күріш – 1094 гектар, күнбағыс 400 гектар егілді.

Қазірге дейін егілген 1050 гектар күздік бидайдан 3255 тонна, егілген 1500 гектар арпадан 4360 тонна өнім жиналды.

Сондай-ақ, жоңышқа, дала шөптерінен 205 850 тонна мал азығы дайындалды. 90 880 тонна бақша өнімдері, 5400 тонна көкөніс, 215 тонна картоп жиналды.

Өнім жинау жұмыстары жалғасып жатыр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.