Шардара ауданының Ақалтын ауылында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық барысында ретсіз жиылған қоқыстарды жойып, көше бойындағы талдарды суарып, ирригациялық жүйелерді тазалау шаралары орындалды.
Жалпы, тазалық жұмыстары ауданға қарасты 10 ауылдық округте жоспар бойынша өткізіліп келеді. Аптаның жұма-сенбі күндері тұрғындар өз аумақтарында талапқа сай тазалық жүргізуді үрдіске айналдырған.
Тазалық шарасына 120-ға жуық адам қатысып, арнайы 2 техника жұмылдырылды. Қоғамдық жұмысшылар мен ауыл тұрғындары 6 көше бойынан 3.1 тоннаға жуық қоқыс шығарды.
Тазалық жұмыстары аудан көлемінде жалғасатын болады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.