Түркістан облысы: Шардара ауданында 500 адам жұмыс істейтін зауыт бой көтеріп келеді

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев құрылыс нысандарын аралады. Ең алдымен Шардара тиісті сала мамандарымен бірге Шардара-Шымкент трассасы мен Шардара-Жаушықұм трассасының қиылысқан тұсынан, «Болашақ» шағынауданынан ашылатын саябақтың құрылысымен танысты. 4 гектар аумақты қамтитын саябақтың құрылысы ағымдағы жылы аяқталады.

Сонымен қатар аудан әкімі Арман Романұлы индустриялды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытының құрылысымен танысып, өндіріс орнындағы мәселелерді талқылады.

«Өндіріс орны 2025 жылда толық іске қосылып, 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын боламыз. Бізге қазірден тәжірибелі мамандарды даярлау қажет. Зауыт іске қосылғанға дейін жұмыс істеуге ниетті жандарды ақылы түрде тәжірибеден өткізіп, Жаркент ауданындағы Шардарадағыдай «Казкрахмал» зауытында жұмыс істеп, тәжірибе жинауға шақырудамыз» — дейді зауыт өкілі Руслан Каримұлы.

Арман Романұлы зауыт басшылығына әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin