Биыл еліміз бойынша көктемгі жұмыстарды жүргізуге өңірлерге 413,0 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылғы деңгейден 13,0 мың тоннаға көп. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі және мұнай өңдеу зауыттарымен ақпан айына белгіленген баға тоннасына 222,0 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып бекітілді. Бұл ретте Шардара ауданы бойынша дизель жетіспеушілігіне байланысты мәселе туындап отырған жоқ. Әрине, диқандардың қам-қарекеті де маңызды. Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім кезінде қажетті жанар-жағармайға қол жеткізу үшін мұнай өнімдерін бөлу тәртібінен хабардар болу керек. Осы мақсатта диқандарға тайға таңба басқандай етіп тиісті ақпарат беріліп отыр.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 сәуірде №32300 болып тіркелді. Ол бойынша кКөктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу тәртібі былайша бекітілген.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынының көлемін қалыптастыруға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге өткен жылдың 30 қарашасынан кешіктірмей, ал егін жинау жұмыстарын жүргізуге – тиісті жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей облыстардың тиісті жергілікті атқарушы органының (ЖАО) АЖ және интернет-ресурсында орналастырылады.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемін қалыптастыруға ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден өтінімдерді қабылдау АЖ-да өткен жылдың 1-20 желтоқсаны аралығында, ал егін жинау жұмыстарын жүргізуге ‒ тиісті жылдың 1-20 мамыры аралығында жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отынының көлемін қалыптастыру АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.
Жеке кабинет ашу үшін веб-порталда тіркелу кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН-сы;
3) байланыс деректері (почта мекенжайы, телефон, электрондық почта мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші бір жұмыс күні ішінде веб-порталдағы жеке кабинетке енгізілген дербес шоттың деректерін өзгертеді.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші АЖ-да осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында дизель отынының көлемін алуға арналған өтінімді қалыптастырады.
Танаптың бір кадастрлық нөмірі бойынша қайта-қайта өтінім жіберуге жол берілмейді.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы кооперативіне өтінім береді.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген бірлескен кәсіпкерлік нысанында ұйымдастырылған шаруа немесе фермер қожалығы шаруа немесе фермер қожалығына өтінім береді.
Бұл ретте дизель отынының көлемін алушы ауыл шаруашылығы кооперативі не шаруа немесе фермер қожалығы болып табылады.
Өтінімнің «қаралуда/бекітілді/бас тартылды» деген мәртебесі веб-порталдағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің деректері, сондай-ақ тиісті алаңдағы жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында (оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативінің не шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы АЖ-ның «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен және автоматтандырылған мемлекеттік жер кадастры жүйесі және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде автоматты түрде расталады.
Дизель отынының көлемін есептеу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші өтінімде танаптың кадастрлық нөмірі мен жер учаскесінің ауданын, сондай-ақ егілетін/жиналатын ауыл шаруашылығы дақылының түрін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дизель отынының көлемін есептеу АЖ-да 1 га арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отыны шығысының базалық нормативтері осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге арналған дизель отынының өтінімі мен көлемін есептеу Басқарманың уәкілетті қызметкерінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Басқарма АЖ-да өтінім қалыптастырылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімге бірегей код бере отырып, дизель отынының алдын ала көлемін бекіту туралы не дизель отынының алдын ала көлемін бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.
Хабарлама ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде көрсетілген электрондық мекенжайына жіберіледі және веб-порталдағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отыны көлемін есептеу негізінде АЖ-да дизель отынының алдын ала көлемі бар аудандар мен облыстар бөлінісінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жиынтық тізбесі қалыптастырылады. Жиынтық тізбе веб-порталда көрсетіледі.
Басқарма АЖ-да жиынтық тізбе қалыптастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша дизель отынының қажеттілігі мен көлемдерін бөлу тізілімін жасайды және оны АЖ арқылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жібереді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс бойынша тізілім келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республика бойынша дизель отынының қажеттілігі мен көлемдерін бөлу тізілімін жасайды және оны АЖ арқылы мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Республика бойынша тізілім негізінде Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп:
өткен жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге әр облыс үшін дизель отынының көлемі бөлінген облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту графигін;
тиісті жылдың 30 мамырынан кешіктірмей егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған графикті бекітеді.
Энергетика министрлігі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге дизель отынын өткізуге ұсынылатын бағаны белгілеу туралы ай сайынғы хаттаманы бекітеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі график және ай сайынғы хаттама бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды веб-порталға орналастырады.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу үшін қажетті көлемде дизель отыны болмаған кезде, әрбір ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дизель отынының көлемі АЖ-ға сұратылған көлемге барабар азайтылған көлемде бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге арналған дизель отынының түпкілікті көлемдері веб-порталда және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
ЖАО АЖ-ға дизель отынын босату жүзеге асырылатын операторлардың тізбесін және олардың мұнай өнімдерін (мұнай өнімдері базасын) сақтауға арналған сыйымдылықтарын, сондай-ақ ресурс ұстаушылардан өз бетінше дизель отынын сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің тізбесін орналастырады.
Оператор және ресурс ұстаушылардан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші веб-порталда жеке кабинет ашады.
Операторлар үшін бекітілетін дизель отынының көлемі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден оператордың жеке кабинетіне келіп түскен дизель отынын тиеп-жөнелтуге арналған өтінімдер негізінде қалыптастырылады.
Ресурс ұстаушылардан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін бекітілетін дизель отынының көлемі дизель отынының нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып қалыптастырылады.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші АЖ арқылы операторға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеңілдікті дизель отынын тиеп-жөнелтуге өтінім береді.
Дизель отыны тиеп-жөнелтілген күні оператор ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің өтінімін ЭЦҚ-мен куәландыру жолымен жеке кабинеті арқылы өтеуді жүзеге асырады.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің өзінің жеке кабинетінде көрсетілген электрондық мекенжайына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын тиеп-жөнелту туралы хабарлама жіберіледі.
Ресурс ұстаушылардан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер апта сайынғы негізде веб-порталда мынадай ақпаратты орналастырады:
1) жеткізу шарты бойынша сатып алынған дизель отынының көлемі;
2) жарияланған күнге дизель отынының қалған көлемі.
Оператор апта сайынғы негізде веб-порталда мынадай ақпаратты орналастырады:
1) берілген дизель отыны көлемінің саны;
2) жарияланған күнге дизель отынының қолжетімді көлемі.
Дизель отынының өткізілмеген көлемі болған кезде оператор ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге (ЖАО-мен келісу бойынша) осы көлемдердің ауыл шаруашылығы жұмыстарының мынадай түрлері бойынша өткізілуін қамтамасыз етеді:
1) егін жинау жұмыстары;
2) жемшөп дайындау;
3) дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру.
Бұл ретте ЖАО АЖ-ға өтінімдерді қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, дизель отынының қалдықтарын өткізуге арналған өтінімдерді қабылдау туралы қосымша хабарландыру жариялайды.
ЖАО ауыл шаруашылығы және энергетика министрліктеріне дизель отынының өткізілмеген көлемі туралы және осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы жұмыстарына қайта жіберілген дизель отынының көлемі туралы хабарлайды.
АЖ жұмысы істен шыққан жағдайда, ЖАО туындаған жағдай және оларды жою жөніндегі шаралар туралы көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні дереу хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші ЖАО-дан хабарлама алғаннан кейін АЖ жұмысының бұзылуын жоюға және ЖАО АЖ-ға қол жеткізуді ұсынуға кіріседі.
Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін көрсетілетін қызметтерді жеткізуші 1 жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған ЖАО қол қояды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.