Түркістан облысы: Шардара су қоймасын шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шардара су қоймасының түбін тазартуға кірісті.

Айта кететіні, су қоймасы 1966 жылы салынған және көлемі бойынша — елімізде үшінші орында. Шардара су қоймасының соңғы батиметриялық түсірілімі (тереңдіктегі бірдей сызықтар туралы деректерді жинау процесі) 1977 жылы жүргізілген, сол кезеңдерде су қоймасының көлемі 5,2 млрд. текше метрді құраған екен.

Уақыт өте келе су қоймасының түбі біртіндеп шөгінділерге толып, су қоймасының көлемінің өзгеруіне әкеліп соққан (соңғы 55 жылда шөгінді тұнбасының көлемі шамамен 20% құрайды). Жаңа батиметриялық түсірілім су қоймасының нақты көлемін анықтау үшін жүргізілді.

Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары басталды, су қоймасының түбінен сынақ материалдары алынды, олар шөгінділердің арақатынасын анықтау үшін зертханаға жіберілді. Ал шөгінділерді өңдеп, материал ретінде кәдеге жарату жаңа технологияларды қажет етеді.

Айта кету керек, мұндай жұмыстар біздің елімізде алғаш рет жүргізілуде, бұл оңтүстік өңірлердегі су тапшылығын жою үшін жаңа серпін болмақ.

Анықтама үшін айта өтейік, бүгінгі таңда Шардара су қоймасы:

— ағысы — 94 текше метр/секундына,

— көлемі — 1 993 млн. текше метр,

— суды ағызу — 612,15 текше метр/секундына,

оның ішінде:

— Қызылқұм каналы — 100 текше метр/секундына,

— Сырдария өзені — 500 текше метр/секундына,

— Маш. каналы — 11,5 текше метр/секундына,

— Қарасақал — 0,65 текше метр/секундына.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.