Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме “АҚ-ЖОЛ” ЖШС-і арасында келісімшарт түзіліп, келісімшартқа сәйкес мердігер мекеме Шәуілдір-Көксарай бағытындағы облыстық маңызы бар КХ-10 “Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм” автомобиль жолының 0-25+250 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарын міндетіне алған болатын.
2021 жылы аталған жолдың 11-22 шақырым аралығында асфальт жабындысы салынып, нысан 2022 жылға өтпелі болған. Ағымдағы жылы нысанды аяқтауға толық қаржысы қаралып, жұмыс-өндірістік кестесі бекітілген. Өндіріс кестесіне сәйкес мердігер мекеме сметалық құжаттамада жолдың 0-11 шақырым аралығында 6 шақырым жеріне жол қолданыстағы ескі асфальт жабындыны бұзу жұмыстарын атқарып, жол негізіне тас төсеу жұмыстарын жүргізді. Алайда, Қазақстан Республикасы аумағында жол битум тапшылығына байланысты, сонымен қатар битумның нарықтағы бағасының күрт қымбаттауына байланысты мердігер мекеме жұмыстарды жалғастырудан бас тартып, нысандағы жұмыстарды тоқтатқан. Осыған байланысты, асфальт жабындысы бұзылған учаскелерге асфальтті салу жұмыстары тоқтап қалған. Осы орайда, мердігер мекемеге келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді орындау бойынша ескерту хаттары жолданып, айыппұл шарасы қолданылды.
Бүгінгі таңда мердігер мекеме нысанда тиісті жұмыстарды атқармауына байланысты келісімшартты бір жақтама бұзу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ал, жолдың асфальт жабындысы бұзылған учаскелерінде “Оңтүстік жолдары” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны тарапынан күтіп-ұстау жұмыстары есебінен асфальт салу жұмыстары атқарылатын болады. Бүгінгі таңда жолдың бұзылған учаскелеріне жол негізін тегістеу жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың қазан айынның соңына дейін асфальт салу жұмыстары жүргізілетін болады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
You can certainly see your enthusiasm in the work you write.
The arena hopes for more passionate writers like you who are not afraid to mention how they
believe. Always follow your heart.