Түркістан облысы аумағында шіркеймен күрес жүйелі түрде жалғаса беретін болды

Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Satti tulik» ЖШС-і директорының орынбасары Қайрат Ерменов айтты.

Сырдария өзені бойы мен Көксарай су реттегіш қоймасы маңындағы орналасқан елдімекендерде шіркейлердің көбеюі соңғы бірнеше жылда қалыпты жағдайға айналған. Дезинсекция жүргізу аймақтары ретінде Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Сауран, Отырар, Шардара аудандары белгіленген. Залалсыздандырылатын аумақ көлемі – 7 713,1 гектар.

– Өңірімізде шіркей және сол сияқты қос қанатты қансорғыш жәндіктермен күрес жұмыстары тоқтаған жоқ. Яғни, химиялық және биологиялық әдістермен өңделіп жатыр. Осы ретте, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жалпы 17 052,9 гектар аумақ химиялық әдіспен және Сырдария өзеніне биологиялық әдіспен, 4 кезең бойынша, суға төгу жұмыстары атқарылды. Химиялық әдіспен Түркістан қаласы аумағында 386,4 гектар, Кентау қаласы аумағында 37,9 гектар, Арыс қаласы аумағында 279,23 гектар, Отырар ауданы аумағында 166,3 гектар, Сауран ауданы аумағында 107,5 гектар, Шардара ауданы аумағында 243,8 гектар жер теліміне 3 реттен дезинсекция шаралары жүргізілді. Бұл жұмыстарды сапалы орындау мақсатында аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, жұмысшы топ құрылған, — деді Қайрат Ерменұлы.

Сонымен қатар, Сырдария өзенінің Арыс қаласынан өтетін жеріне 22680 литр, Отырар аумағынан өтетін жеріне 12960 литр, Шардара аумағынан өтетін жеріне 9720 литр бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделген.

Жауапты сала өкілінің пікірінше, былтырға қарағанда, шіркейлердің саны биыл 4-5 есе көп. «Егер біз дер кезінде жұмыс жүргізбегенде, шіркейлер ошағы Түркістан облысын басып қалар еді. Бұл жұмыстарға 70-ке жуық техника, 80-нен астам жұмысшы жұмылдырылды. Жалпы, шіркейлерді түгелдей жою мүмкін емес. Тек санын азайту бағытында жыл сайын жұмыс істейміз. Жұмыстар жалғасады», — деді ол.

Брифинг барысында Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бахтыбек Убайдин өңірде зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Басқарма өкілі өз сөзінде Сырдария өзенінің флорасы мен фаунасына зиян тигізбей, тек шіркейлердің санын азайтып, жергілікті тұрғындарды күнделікті тіршілігіне қолайлы жағдай жасалатындығын айтты. Сондай-ақ шіркейге қарсы күрес шаралары тамыз айына дейін жүйелі түрде жалғаса беретінін және басқарманың қатаң бақылауында екенін жеткізді.

Айта кетейік, мердігер «Satti Tulik» ЖШС-і тарапынан ғылыми топ құрылып, шіркейлердің көбею ошақтарына байланысты зерделеу жұмыстары қолға алынған. Ғылыми зерделеу жұмыстарына 10 адам жұмылдырылған. Дезинсекция жұмыстарына 62 техника және 77 адам тартылған.

Жалпы, Түркістан облысы қансорғыш жәндіктерге қарсы күреске айрықша көңіл бөліп отыр. Себебі соңғы уақытта қабырғалы жан-жануарға жаудай тиетін бұл жәндіктен зардап шеккендер көбейген. Шіркейдің адамдарды талауы былай тұрсын, үй құстары мен төрт түліктің төлдері өліп кетіп жатыр. Өрісте мал жайылудан қалып, көктемнен көтерем шыққан ірі қаралар шіркейдің зобалаңынан арам қатқан. Тіпті шіркейдің көптігі сонша, тұрғындар беттерін тұмшалап алуға мәжбүр.

Шіркейлер тіпті жұмыртқа ашқан қырғауылдың балапандарын жеп қойған. Әйтеуір, қалай болғанда да, өзен бойын қоныс еткен ауылдар мен шаһарлар үшін бұл қансорғыштар кәдімгідей үлкен проблемаға айналып отыр. Ал Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков өңірде зиянкестерге қарсы дәрілеу, дезинфекциялау жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтады. Мәселен, Түркістан облысындағы төрт аудан мен екі қалада шіркеймен күреске бюджеттен 643 миллион теңге бөлінген екен. Оның 40 миллион теңгесі зерттеу жұмыстарына жұмсалмақ. Ал, қалған бөлігі аумақты залалсыздандыруға қажетті дәрі-дәрмек алуға, жұмысшылардың еңбек ақысына беруге бағытталған.

– Өңірде көктем-жаз мезгілінде шыбын-шіркей және сол сияқты қос қанатты қансорғыш жәндіктердің көбеюі байқалады. Бұл жағдай елдімекен тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршіліктеріне зиянын тигізіп, алаңдатып отырғанын білеміз. Осы ретте, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Сырдария өзені бойында орналасқан елдімекен аумақтарында және Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Шардара, Отырар, Сауран аудандарында дезинсекциялық жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Дезинсекциялық барьерлік өңдеу алаңы 6492 гектарды құрайды. Сондай-ақ, судың көлеміне байланысты Сырдария өзені биологиялық әдіспен де өңделуде. Бұл жұмыстарды сапалы орындау мақсатында аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, жұмысшы топ құрылды, — деді Б. Полатбеков.

– Қандай жағдай болса да, табиғи тепе-теңдік сақталуы тиіс. Қазір шіркейден зиян көрдік екен деп, оларды түбегейлі қырып тастауға мүлдем болмайды. Жалпы, шіркейлердің қаптап кетуі — табиғи құбылыс. Алайда алдын алу шаралары бұдан да ерте басталуы керек болатын. Мердігер компанияның мәлімдемесіне қарасақ, бір аптаның ішінде шіркейлер азаяды екен. Оны да көрейік. Алайда менің болжамым бойынша, алдағы 2-3 жылда өңірді шіркей басып қалады. Себебі табиғи тепе-теңдік дұрыс емес. Дәл қазір Түркістанда шіркей қарқыны төмендеді, оның себебі, екі күн қатарынан жел болды. Шіркейлерді жел алып кетті деген болжамда отырмын. Жел басылғанда қайта көбеюі әбден мүмкін. Ал залалсыздандыру жұмыстарына бөлінген қаржыға келер болсақ, нақты тұжырым айта алмаймын. Мүмкін шынында да сондай қаржы кететін шығар. Алайда бір нәрсені ескеру керекпіз. Шіркейлер шілде айында табиғи түрде жойылады. Демек осы уақыт аралығында алдын алу шаралары кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Ең бастысы, мердігер компания зерттеу жұмыстарына 40 миллион қаржы алған екен. Олар зерттеуді қалай жүргізді, биологиялық негіздеме жасады ма осыны ескеруіміз керек. Тағы бір ескеретін дүние, дәрілеу барысында бал араларына зиян келмей ме? Егер араларға зиян келсе, биыл жеміс-жидек ала алмаймыз. Бұл — үлкен шығын», – дейді табиғат жанашырларының бірі Ғани Назарбек.

Анықтағанымыздай, «Satti Tulik» ЖШС компаниясы зерттеу жұмыстарын бастамас бұрын Алматы қаласының Зоология институтының аға ғылыми маманы Қаршыға Көшкінбаевпен келісімшартқа отырған. Маманның айтуынша, шыбын-шіркейдің соңғы 50 жылда адамдар мен жан-жануарға жаудай тиіп, агрессиялық тұрғыда мінез-құлық танытуының өзіндік себептері бар көрінеді.

– Біз залалсыздандыру жұмыстарына қолданған дәрі-дәрмектердің араларға ешқандай зияны жоқ. Тек араларға ғана емес, байқамай суды адам ішіп қалса оның да ешқандай зияны жоқ. Оған кепілдік береміз. Біз жұмысты бастамас бұрын зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Алайда шіркейлердің күрт көбейіп кетуіне нақты тұжырым айта алмаймыз. Ал сіз сұрап тұрған биологиялық негіздеме жасаған жоқпыз. Бізде қазір биологиялық жоспар бар. Сол бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Кеше жиында 1 апта ішінде ретке келеді деп айтты. Бірақ бір апта ішінде бәрі ретке келуі қиын. Мен оған кепілдік бере алмаймын. Себебі шіркейлер әлі көбейіп, шығып жатыр. Әлі қауіп сейілген жоқ – дейді, ғалым Қаршыға Көшкінбаев.

Айта кетейік, дезинсекция шараларын өткізуге мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілген. Нәтижесінде, Түркістан облысының аумағында шыбын-шіркей және сол сияқты қос қанатты қансорғыш жәндіктердің санын азайтуға және ғылыми сүйемелдеу жүргізуге мердігер «Satti Tulik» ЖШС анықталып, дезинсекциялық іс-шаралар өткізуге 28 ақпан 2023 жылы (№3/2023 келісім шарт құны) 603,4 миллион теңге және (№4/2023 келісім шарт құны) 40,9 миллион теңге түзілген.

Соңғы жылдары жергілікті билік қансорғыш жәндіктерге қарсы күреске айрықша көңіл аударып, оған өңірлік деңгейде маңыз берілетін болған. Мамырдың ортасын ала қанаттанып ала қоятын шіркейдің жолына ештеңе де бөгет бола алмайды. Қыбырлаған жан-жануарға жаудай тиетін бұл жәндіктен Сырдың бойын ен жайлаған елді мекендер қатты зардап шегеді.

Шіркейдің адамдарды талауы былай тұрсын, қара бұлттай тө­ніп келетін оның шабуылынан үй құс­тары, жас төлдер тырапай асып өліп қалады. Өрісте мал жайылудан қалып, көктемнен көтерем шыққан ірі қара­лар шіркейдің зобалаңынан арам қатқанын да көргенбіз. Қысқасы, мамыр-маусым айларында еліміздегі ең ұзын өзен бо­йын қоныс еткен ауылдар мен шаһарлар үшін бұл — қансорғыштар кәдімгідей үлкен проблема.

Ғалымдардың айтуынша, шыбын-шіркейдің соңғы 50 жылда адамдар мен жан-жануарға жаудай тиіп, агрессиялық тұрғыда мінез-құлық танытуының өзіндік себептері бар көрінеді. Себебі бұл жәндіктер дернәсілге айналған уақытынан-ақ күйзеліс күй кешеді.

Шыбын-шіркейдің даму, қанаттану үдерісі сыртқы ортаның әсеріне тікелей байланысты екен. Яғни күн күрт ысыса, өзен-көлдегі, шалшықтағы судың температурасы да жоғарылап, дернәсілдер тезірек дамып шыға келеді. Жыл са­йын көктемде қансорғыш жәндіктерге қарсы биологиялық және химиялық өңдеу шаралары басталып, ол жаз бойы жалғасатыны белгілі. Олардың қай уақытта іске кірісіп, қай кезеңде кідіруі тиістігін дернәсілдердің дамуын зерттеумен айналысатын ғылыми топ мүшелері белгілеп отырады.

Ғалымдардың пікірінше, шіркейдің дүр етіп көтерілуі көктем-жаз айларында әр 7-8 күн сайын қайталанып тұрады екен. Жәндіктердің жұмыртқасы суда алғаш пайда болған кезде олармен күресудің еш нәтижесі жоқ.

Шіркей (Sіmulііdae) – қосқанатты қансорғыш жәндіктердің тұқымдасы (қ. Қосқанаттылар). Жер шарында кең тараған, 1000-нан астам түрі белгілі. Дене тұрқы 2 – 4 мм, Шіркейдің көпшілік түрінің аналықтары – құстар мен сүтқоректілердің қансорғыштары. Аталықтары өсімдік шырынымен қоректенеді. Дернәсілдері ағын суларда субстратқа бекініп, тіршілік етеді. Қуыршықтарының бір бөлігі пілләмен оралған. Ересек шіркейлер судан тыс тіршілік етеді. Негізінен таңертең, ымыртта ұшып, осы кезде адамдарды шағады. Сілекейі улы. Шіркейлердің шаққанда жергілікті (папулалар, ісіктер, тағы басқа) және жалпы (гиперемия, дене температурасы көтеріледі, тағы басқа) реакциялар пайда болады. Бұлар адам киімінің астына, көзге, құлаққа кіріп кетеді. Кейбір түрлері адамда және сиырларда, бұғыларда – онхоцеркоз; құстарда – гемоспоридиоз; сондай-ақ туляремия және түйнеме ауруларының қоздырғыштарын таратады.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 532 Comments

  1. This website is using a security service to protect itself from online attacks. The action you just performed triggered the security solution. There are several actions that could trigger this block including submitting a certain word or phrase, a SQL command or malformed data. Any new player that signs up to the Party Casino platform will be eligible for these bonuses using the Party Online Casino bonus code. You will receive a deposit bonus that you can use either once or three times + you can claim free spins. The offer is 100% up to $500 + 100 free spins on the Starburst slot by NetEnt. Before accepting any new free casino spin offers, you should consider the following points: Before accepting any new free casino spin offers, you should consider the following points: When it comes to the distribution of prizes, PartyCasino has come up with an efficient system. Regardless of how many tickets you have, you will still be eligible for only one prize a week.
    https://kylergill329763.blogunteer.com/27205929/kingdom-slots-online
    Thanks for helping to make the Casino Ballroom New Hampshire’s Premier Entertainment Facility. Thanks for helping to make the Casino Ballroom New Hampshire’s Premier Entertainment Facility. Casino Extreme features one of the most advanced gaming platforms in the online gambling industry, thanks to Real Time Gaming. With over two decades in the industry, Real Time Gaming is a leading software provider that powers over 400 online casinos. The developer boasts creative approaches to the total gaming experience, including Casino Extreme mobile games and flash and download offerings. Casino Extreme prioritizes the security of its players’ personal and financial information. The casino employs advanced encryption methods, including SSL encryption technology, to safeguard sensitive data from unauthorized access. This ensures that all transactions and communication between players and the casino remain private and secure. Additionally, Casino Extreme implements firewalls to prevent any external threats and maintain the integrity of its systems. The casino also adheres to industry standards and certifications, further enhancing its commitment to providing a safe and secure gaming environment for its users.

  2. For young kids who can’t quite distinguish all the license plates just yet, let them pick a color, then count all the cars you see in that shade. Bonus points for trucks or other larger vehicles in their color of choice. This can be played cooperatively or competitively, depending on the mood in the car and the age of your kids. A great game for the kids! Car games are really fantastic and awesome! Just take care of yourself kids. This classic game is great for playing in the car, helping you get to know your friends even better. For the dares, try to keep them to things you can do safely in the car or can accomplish quickly at your next petrol or snack stop. Choose something outside the car for a session of “I-Spy” and then describe it to the passengers using a color or another feature. “I spy with my little eye something green” might describe a car or the trees by the interstate. When someone guesses correctly, they get to have the next turn. Tip: Make sure to pick items that will stay in sight during each round.
    http://eudat1.deic.dk/user/grubarocin1979
    Our team of experts including myself have carried out detailed research and found that three US poker sites which are Ignition, BetOnline and Intertops are the go-to destinations for US poker players. Since each player has unique preferences when choosing a poker site, my advice is to check out other options and browse through the entire list listed on the table. Don’t worry; all these brands are exceptional. It’s only a matter of which one can accommodate your poker needs the most. Sign in to add your own tags to this product. Normally by just opening a new account at an online poker site. Most poker sites also offer daily, weekly and monthly freerolls for new players or players who have recently made a deposit.It is also possible to take part in freerolls  in which the requirement is that you have to collect a certain number of loyalty points in the previous month. If you play a lot on a poker site you been automatically reach this number of points.Some sites even organize poker freerolls for winners of a given game when players like the Facebook page of the poker site.

  3. Wherever the hand splits the line, all hands of the opponents closest to the hand signal of the captain have to be shown. But did you know there is a thing called “clapping therapy”? This was a new concept to me but one that piqued my interest. Essentially, the use of clapping therapy is the act of clapping hands to heal. This is considered a viable therapy because clapping the hands together activates skin and joint receptors in the hands (and upper extremities) to activate various systems within the body and brain. For those wanting to load up Windows on it, it still performs very well. It’s a handheld that you’d buy to play your older PC games, certainly not your newer AAA games due to the power it needs to run them well. Elders and Knowledge Keepers from northern Saskatchewan demonstrate how to play a Dene Hand Game.
    https://www.fitnesswithkedelle.com/forum/general-discussions/dinosaur-run-game
    Have an APK file for an alpha, beta, or staged rollout update? Just drop it below, fill in any details you know, and we’ll do the rest! On Android, you can use ML Manager, which has built-in support for uploading to APKMirror. A weekly roundup of the best things from Polygon NOTE: Every APK file is manually reviewed by the APKMirror team before being posted to the site. Josh Abbott esta muy bugeado 1 te deja pasar niveles sin tu habelos hechos 2 los zombie se bugean se quedan a medio camino ,y que comiendose las plantas pero hay no hay plantas 3que cuando casi completas un nivel el juego se le pone la pantallla negra y se reinicia Sun droplets will fall from the sky, and you click on them to collect them because you need their energy to buy plant troops, which all have a different costs depending on their effectiveness.

  4. Аренда яхты на Пхукете https://arendayachtphuket.ru/ Выбирайте между различными яхтами — от стильных катамаранов до роскошных моторных яхт, чтобы удовлетворить любые ваши пожелания.

  5. semaglutide online: rybelsus coupon — buy semaglutide online semaglutide online: rybelsus cost — semaglutide cost or rybelsus coupon: buy semaglutide pills — buy rybelsus online
    http://www.onlineunitconversion.com/link.php?url=rybelsus.shop&amp semaglutide online: rybelsus price — semaglutide cost
    semaglutide online: rybelsus price — buy rybelsus online buy rybelsus online: semaglutide online — semaglutide tablets and buy semaglutide online: rybelsus cost — semaglutide online buy semaglutide pills: cheapest rybelsus pills — buy rybelsus online

  6. cheapest rybelsus pills: rybelsus coupon — rybelsus price semaglutide online: semaglutide online — cheapest rybelsus pills or rybelsus price: cheapest rybelsus pills — rybelsus pill
    http://maps.google.com.mm/url?q=http://rybelsus.shop cheapest rybelsus pills: rybelsus pill — rybelsus coupon
    buy semaglutide pills: semaglutide tablets — buy rybelsus online rybelsus pill: semaglutide online — buy semaglutide pills and buy semaglutide online: rybelsus coupon — rybelsus cost cheapest rybelsus pills: cheapest rybelsus pills — buy rybelsus online

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.