Түркістан облысы аумағында әкімшілік және әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Өңірде 8 әкімшілік ғимараты бой көтеруде. Бүгінгі таңда 3 нысан пайдалануға тапсырылды. Атап айтқанда, Сауран ауданында прокуратура және аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараттары, Түркістан қаласында әкімшілік ғимараты пайдалануға тапысырылды. Жыл соңына дейін тағы 3 ғимараттың құрылысын аяқтау жоспарланған. Қалған 2 нысан 2025 жылға өтпелі.
Бұдан бөлек, мәдениет және спорт нысандарының саны артып келеді. Қазіргі уақытта облыс аумағында 12 мәдени нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 4-і осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қалған 8 ғимараттың құрылысы келесі жылы аяқталмақ.
Сонымен қатар спорт саласында 23 нысан салынып жатыр. Бүгінде 3 нысанның құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Сауран ауданындағы «Бабайқорған» спорт кешені, Ескек есу каналы, Арыс қаласындағы «Қожатоғай» спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 11 жоба аяқталады деп жоспарланып отыр. Қалған 9 нысан 2025 жылға өтпелі.
Бұл нысандардың құрылыс сапасы мен орындалу мерзімі аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының және облыстық құрылыс басқармасы маманданының тұрақты бақылауында.
Ал әлеуметтік нысандарға келсек, Төлеби ауданы, Жаңажол ауылында, Диханкөл және Зертас ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бекеттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау нысандарының ашылу салтанатына арнайы келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев аудан халқын қуанышымен құттықтап, бұл нысандар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір арттыруға және азаматтарымыздың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік берілгенін айтты.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жаңа ФАП-тар білікті кадрлармен ғана емес, сонымен қатар заманауи медициналық құралдармен жабдықталғанын айтып, жаңа медициналық нысандар елге көмек көрсетуге толығымен дайын екендігін жеткізді.
Айта кетерлігі, ауданда 2 аурухана, 5 дәрігерлік емхана, 5 бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығы, Ленгір қалалық емханасы, қалалық тіс емханасы сонымен бірге, 51 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Сондай-ақ Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық округіндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпір де ел игілігіне пайдалануға берілді.
Аудан орталығынан шалғай орналасқан Қаратөбе, Қостөбе ауылдық округтерінің тұрғындары көктем айларында Балдыберек өзенінің тасуы кезінде жол қатынасы тұрғысында көптеген қиындықтарға кездесетін. Сондықтан да бұл мәселе бірнеше жылдардан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан еді. Халықтың сұранысымен көпірдің құрылыс жұмыстары басталып, 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланған болатын. Мердігер мекеменің жауапсыздығы салдарынан көпір құрылысын аяқталмай, ол бес жыл көлемінде шешімін күткен мәселенің біріне айналды.
Кейіннен аудан әкімдігінің аудандық мәслихатпен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде Қостөбе елді мекеніндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын мердігер «ABC Group KZ» ЖШС жүргізді. Жоба құны – 38 311,0 мың теңге.
Екі елді мекенді байланыстырған қатынас құралының құрылыс жұмыстарын бақылаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит Төлеби ауданы арнайы іссапармен келді.
Пайдалануға берілген көпірдің жай-күйімен танысып, халықтың көптен күткен қуанышына ортақтасып, тұрғындармен тілдесті.
Ауыл тұрғындарының атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділ Оразов сөз алып, ризашылығын білдірді. «Ұзақ жылдан бері осы мәселені көтеріп келдік. Міне, бүгін көптен күткен арманымыз орындалып отыр» — деді зейнеткер.
Көпір демекші, Түркістан облысындағы автомобиль жолдары саласында жаңа жобалар қолға алынбақ. Бүгінгі таңда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сайрам ауданының орталығы – Ақсукент елді мекенінен Қарабұлақ бағытына қарай облыстық маңызы бар КХ-3 «Ақсукент – Шаян – Мыңбұлақ» автомобиль жолының 27 шақырым көпірді кеңейтуге жабалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Кеңейту жұмыстарынан кейін көпірдегі көлік қозғалысы екі жолақтан төрт жолаққа ауыстырылады. Бұдан бөлек, Әйтеке би ауылына өтетін аумақта айналмалы жол салу жоспарлануда.
Нәтижесінде, аталған жолдағы көлік кептелісі азайып, жолаушыларға оң әсер етпек. Жобаның құрылысын іске асыру 2025 жылға жоспарлануда.
Айта кетейік, биыл құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 244 нысан немесе 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер қамтылды. Жыл қорытындысына сәйкес сәйкес 546,6 шақырымды құрайтын 149 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек Төрткүл ауылдық округіне қарасты Көкарал елді мекенінде фельдшерлік- акушерлік тірек ашылды. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге арнайы барған аудан әкімі Азат Оралбаев, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев көкаралдықтарға құттықтауын жеткізді.
Айта кету керек, биыл ауданда Қарабастау, Көкарал елді мекендерінен 2 фельдшерлік-акушерлік тірегі және Бөген ауылынан 1 амбулатория салынып пайдалануға берілді.
Ордабасы ауданы Бөген елді мекенінде жаңа жыл қарсаңында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Медициналық нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Джумабеков арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізді.
– Құрметті ауыл тұрғындары, ауылдарыңызда ашылғалы отырған дәрігерлік амбулаторияның ашылуымен құттықтаймын. Алдағы уақытта сапалы да, білікті мамандар еңбек етіп, халық денсаулығына қызмет ететініне сенемін, — деді аудан әкімі.
Медициналық нысандардың құрылыс жұмыстары «Ауылдық денсаулықты жаңғырту» бағдарлама аясында жүргізіліп, елді мекен тұрғындарының саулығын қамтамасыз ету үшін, медицина мамандарының бар білімі мен біліктілігін салуға мүмкіндік бергелі отыр. Өйткені, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған амбулатория әрбір азаматтың диагнозын нақты анықтап, тиісті ем-шараларды дер кезінде қабылдауына жол ашпақ. Сонымен қатар, дәрігерлік амбулатория арнайы кабинеттермен қамтылған.
Салтанатты шара барысында қуаныштарын бөлісуге келген аудан басшысына ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. Ендігі жерде, дертіне шипа іздеген ауыл халқы осы амбулоторияға келіп, дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша ем-шараларын қабылдай алады.
Ордабасы ауданы, Қарабастау елді мекенінде фельдшерлік акушерлік бекеті ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Азат Оралбаев, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев қатысты.
Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіне қарасты Қарабастау ауылының тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Ауылда заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары ем іздеп аудан орталығына бармай дертіне шипаны «Қарабастау-2» фельдшерлік-акушерлік бекетінен табатын болды. Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған.
Мыңнан аса тұрғыны бар ауылдағы фельдшерлік-акушерлік бекетте заманауи үлгіге сай фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емдеу және қабылдау бөлмесі бар.
Ал Сауран ауданында 2 фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Нысандардың ашылу салтанатына Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев және Сауран аудандық емханасының басшысы Бақыт Стамкулов қатысып, аудан тұрғындарын құтықтады.
Алдымен Сауран ауданы, Бостандық ауылында заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған. Фельдшерлік-акушерлік бекетте заманауи үлгіге сай фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емдеу және қабылдау бөлмесі бар.
Сауран ауданы, Шаға ауылының тұрғындары да қуанышқа кенелді. Ауылда заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған. Енді шағалықтар ем іздеп, аудан орталығына сабылмайтын болды. 1500-ге жуық тұрғынға жаңа медициналық бекет қызмет көрсетеді. Бұл фельдшерлік-акушерлік бекет те фильтр, әйелдер бөлмесі, егу, емдеу және қабылдау бөлмелерімен қамтылған.
Мұнан өзге Отырар ауданындағы Талапты ауылдық округіне қарасты Шытты ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пунк қолданысқа берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды мен аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қатысты. Нысанда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған әрі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде аудандағы Шытты ауылында 1300-ден астам тұрғын бар. Енді ауыл тұрғындары ауданға бармай-ақ, ауылда сапалы медициналық көмекке жүгіне алады.
«Шытты ауылында жаңадан ашылған медициналық нысан халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Бұл нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартып, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырмақ. Онда тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған», — деді аудан әкімі.
Бұл ретте Түлкібас ауданына қарасты Абайыл елді мекенінде де заманауи медициналық пункт ел игілігіне берілді. Салтанатты шараға Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек, аудан әкімінің орынбасары А.Нұрлыбай және аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Тоғайбекова арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.
Нысанда қазіргі заманауи үлгідегі құрылғылар, егу бөлмелері, емшара және қабылдау бөлмесі бар. Сонымен қатар, аудандағы Шақпақ-баба, Мақталы және Тастыбұлақ елді мекендерінде заманауи медициналық нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Шақпақ-баба және Тастыбұлақ ауылындағы нысандардың құрылысы биыл аяқталып, жыл соңында пайдалануға берілмек. Ал Мақталы елді мекеніндегі нысан келесі жылға өтпелі.
Ал Қазығұрт ауданында, Сарапхана ауылдық округіне қарасты Махамбет елді мекенінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы жеке инвестор есебінен фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Фельдшерлік-акушерлік пункт аусымына 15 адам қабылдауға арналған. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталды. Нысанды қазан айында ел игілігіне пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.
Жалпы құны 120,9 миллион теңгені құрайтын ғимараттың ауданы 250 шаршы метр. Қазіргі уақытта ғимарат аумағын абаттандыру, газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Махамбет елді мекенінде жалпы халық саны – 1390 адам.
Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округі, Майлыошақ елді мекенінде жеке кәсіпкер қаражатынан медициналық пункт салынып жатыр. Денсаулық сақтау ғимараты ауысымына 10 адам қабылдауға арналған. 2024 жылдың мамыр айында құрылысы басталған нысанды қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Ғимарат ауданы – 200 шаршы метр. Жоба құны – 89,0 миллион теңге. Қазіргі уақытта ғимарат аумағын абаттандыру, газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендегі тұрғындар саны – 498 адам.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Түркістан облысы аумағындағы 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған.
Атап өтерлігі, Түркістан облысы аумағындағы елді мекендерде білім ұяларының құрылысы жалғасып жатыр. Қазығұрт ауданында бой көтерген 4 мектептің құрылысына облыстық бюджеттен жалпы 2 528,1 миллион теңге қаржы қаралды.
Биыл жаңа оқу жылында аудандағы Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекеніндегі 100 орындық «Айнатас» мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Құрылыс жұмыстарын Түркістан облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «CK New City» ЖШС жүргізді.
Сонымен қатар С.Рахымов ауыл округі, Көкібел елді мекеніндегі 300 орындық мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Мердігер мекеме – «Өмірзақ» ЖШС.
Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат елді мекенінде «Direct Delivery» ЖШС жаңа білім ошағының құрылысын жүргізуде. 300 орындық мектепті биыл пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Құрылысы қазан айында басталатын Шарбұлақ ауыл округі, Шарбұлақ елді мекеніндегі 300 орындық мектептің құрылысын келесі жылы аяқтау күтілуде. Құрылыс жұмыстарын жургізуге конкурс нәтижесімен жеңімпаз «SHEBERBUILD» ЖШС болып анықталған.
Білім нысандарының құрылыс барысы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауына алынған.
Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Барлық қаражат әлеуметтік пайдалы мақсаттарға одан әрі қайта бөлу үшін Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Ақмола облысының Зеренді ауылында құны 2,1 миллиард теңге болатын спорт кешенін және Түркістан облысының Темірлан аулында 890 миллион теңге сомаға музыка мектебін салу жөніндегі алғашқы екі әлеуметтік жобаны іске асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
Бұл бастамалар тұрғындарды білім беру және спорттық қызметтермен қамтуды арттыру үшін ауылдық жерлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Мәселен, Ақмола облысының Зеренді ауылында ауданы 6 мың м2 асатын, бір ауысымда 80 адамды қабылдайтын спорт кешенін салу жоспарланып отыр. Нысан белсенді тұрғындарға бос уақытытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді – ауданда 14,5 мыңнан астам адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Жобаға сәйкес, орталықта күрес, бокс, шаңғы тебу сынды спорт түрлерімен айналысу үшін жабдықталады, 2 жаттығу залы қажетті құрал-жабдықтармен қамтылады. Сондай-ақ кешенде спортшыларды жаттықтыру мен сауықтыру жұмыстарын сапалы әрі тиімді жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдық және басқа да қосалқы үй-жайлар қарастырылған.
Сол қорға түскен қаржыға алғашқылардың бірі болып, Түркістан облысы, Темірлан ауылында 890 миллион теңгеге музыка мектебін салу туралы шешім қабылдады.
Бұл бастамалар тұрғындарды білім беру және спорттық қызметтермен қамтуды арттыру үшін ауылдық жерлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Түркістан облысының Темірлан аулында 300 орындық жаңа өнер мектебін салу жоспарланып отыр. 1974 жылы қабырғасы каркастан салынған қазіргі ғимарат заманауи санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес, күрделі жөндеуге жарамайды. Соған қарамастан бүгінгі таңда кешен жұмыс істеп тұр – орталықта 420-ға дейін бала оқиды, бұл оның қазіргі қабылдау мүмкіндігінен 2 есеге артық, 45 мұғалім сабақ береді. Жаңа жоба ауылда өнер саласында қосымша сапалы білім алу үшін жағдай жасайды. Балалар жайлы ортада музыкамен, хореографиямен айналысуға мүмкіндік алады.
Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қорда 177 миллиард теңге жинақталған. Бұл қаражаттың барлығы әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерді салуға, басқа да әлеуметтік маңызды мақсаттарға, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт және т. б. салалардағы жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияны ҚР Премьер-министрі басқарады, жұмыс оргектарны – ҚР Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті.
Түркістан облысында биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 224,1 миллиард теңге бөлінген. Жыл соңына дейін 308 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қалған 94 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. Құрылыс қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында.
– Әрбір әлеуметтік нысанның артында халықтың сұранысы мен тілегі тұр. Алдымен жауапты басқарма, аудан, қала әкімдері құрылыс барысын қадағалап, уақтылы тапсырылуына барынша жағдай жасасын. Мердігерлердің жұмысы да қадағалауда болуы тиіс. Міндетін дұрыс атқармағандарын анықтап, заң шеңберінде тиісті жұмыс жүргізу де күн тәртібінен түспеуі қажет. Міндетіне салғырт қараған мердігерлерге екінші рет жоба берілмесін. Бізге атқарылған жұмыстар туралы есеп емес, құрылысқа кедергісін келтіріп жатқан мәселелерді айтып, шешу жолдарын ұсыныңыздар, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға тиісті тапсырмалар берген.
Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың айтуынша, білім беру саласында 21 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңға 6 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 8 нысанның құрылысы аяқталады. Қалған 7 нысан 2025 жылға өтпелі. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 29 мектептің құрылысы жүргізілуде. 13 мектеп 2025 жылға өтпелі. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 48 жоба іске асырылуда. Ұлттық жобаға сәйкес барлық нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспары қойылған. Мәдениет саласы бойынша 12 нысан салынып жатыр. 8 нысан 2025 жылға өтпелі. Спорт саласында 22 нысан құрылысы жүргізілсе, оның 3-еуі пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 7 нысан беріледі. Ауыл шаруашылығында – 7, арендалық тұрғын үйлерді сатып алу бойынша 247 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 39 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 4 нысан пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 14 нысанның құрылысы аяқталады. «Turan» АЭА-ға инженерлік инфрақұрылым жүргізу бойынша 6 нысанның құрылысы жоспарланып, 2 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 3 нысан құрылысы аяқталады деп көзделген.
Денсаулық сақтау саласында 52 нысаның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде облыстық бюджет есебінен 4 нысанның құрылысы жоспарланған. Бүгінде 3 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. 1 нысан келесі жылға өтпелі. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 48 жоба іске асырылуда. Ұлттық жобаға сәйкес барлық нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспары қойылған.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бойынша жақында «Самғау» орталығы пайдалануға берілді. Ал желтоқсан айында 50 орындық мүгедектігі бар балаларға арналған орталық ашылады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, жалпы биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 500-ге жуық нысан құрылысын жүзеге асыру көзделген. Облыстық құрылыс басқармасы әкімшісі болып саналатын бұл нысандардың 100-ге жуығы ел игілігіне пайдалануға беріліп үлгерсе, жыл соңына дейін 300-ден аса нысан тапсырылады деп жоспарлануда. Ал қалғаны келес жылға өтпелі.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.