Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы Түркістан шаһары мен Сайрам ауданында семинар ұйымдастырды

Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 12 сәуір күні «Педагогтерді кәсіби дамыту» кафедрасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназия базасында қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары педагогтеріне курстан кейінгі сүйемелдеу жасау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында тәжірибелік семинар өткізілді.

«Педагогтерді кәсіби дамыту» кафедрасының әдіскері С.Тлеулиев тәжірибелік семинардың күн тәртібімен таныстырып, Түркістан қалалық білім бөлімінің ағылшын тілі пәні әдіскері Ж.Сералиева «Педагогтердің курстан кейінгі жұмыстарын үйлестіру» тақырыбындағы презентациямен ашып берді. Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназия мұғалімдері панорамалық сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби дамыту институтының оқытушылары Н.Сапарова «Тиімді оқыту мен оқу», М.Бименова «Мұғалімдерді курстан кейінгі кәсіби қолдаудың маңыздылығы», Л.Утешова «Сабақта кері байланыс берудің маңызы» тақырыптарында семинар презентация, тренинг-сабақ, шебер сыныптар өткізіп, талдау жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі уақытта елімізде педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің ең өзекті аспектілерінің бірі курсты бітірген тыңдаушыларды курстан кейінгі сүйемелдеу мәселесі болып табылады. Облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында курстық және курсаралық шаралар жоспарлы түрлі жүзеге асырылып келеді. Курстан кейінгі кезеңде педагогті сүйемелдеу педагогтармен жұмыстың перспективті түрі болып табылады, ол танымдық қызметті жандандыруға, білім беру нәтижелерін қалыптастыруға, өзін-өзі талдау мен өзін-өзі бағалаудың рөлін арттыруға мүмкіндік береді.

Өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда ақпараттық технологияның дамуына байланысты қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарынын бірі – оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттер мен біліктілік арттыру институттары оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу. Осындай білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Қашықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізуі қажет.

Қашықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамды интеллектуалды дамыту, ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету және оның ерекшелігі ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады. Қашықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ – бұл тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-біріне кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі.

Педагогтерге оқытудың қашықтық нысаны жағдайларында (e-mail, ватсап, зум арқылы) сабақтарды дайындау, өткізу кезінде әдістемелік көмектер көрсетілді. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар: ҚБТ-ны іске асыру теледидарлық (интернет, спутникті теледидар), желілік (интернет желісін пайдалану, электрондық поштаны пайдалану, телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану, мультимедиамен жабдықталған, интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс), сандық білім ресурстары (СБР – бұл интербелсенді түрде оқытуды қамтамасыз ететін, оқу пәні бойынша дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайылық пен интерактивті модельдеу нысандары, дыбыстық жазбалар мен өзге де цифрлық оқу материалдары қолданылады) жүзеге асады.

ҚБТ “on-line”, “off-line” режиміндегі қашықтан оқыту сабақтарын жүргізу арқылы іске асырылады. “Оn-line” режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технологияларды (вебинарлар, бейнеконференция, Интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу арқылы) нақты қолдану уақытымен байланысын қарастырады. “Off-line” режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы қатынас бірдей жүзеге асырылатын (электронды пошта, кейіннен аралық және (немесе) қорытынды бақылау тапсыруымен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқудың өзара іс-әрекеті процесін қарастырады.  

Қашықтан оқытумен жұмыс істейтін мұғалім: қашықтықтан оқыту технологияларын оқыту мен қолдану әдістемесін игеруі; интернет арқылы кеңес беруді қоса, жекелеген оқу кеңестерінің әдістері мен тәсілдерін игеруі; білім сапасын мониторингтеуді, тексеруді, рецензиялауды, курстық және бақылау, оның ішінде жобалық және зерттеу жұмыстарының жазылуын басқаруды ұйымдастыру саласындағы арнайы білім мен іскерлікті меңгеруі; ақпараттық коммуникациялық технологияларды, әсіресе, әлектрондық ақпараттық желілермен жұмыс істеу әдістерін білуі тиіс.

Курстан кейінгі педагогтерді сүйемелдеу бойынша жүргізілетін жұмыс – тренердің де, тыңдаушылардың да қызметіндегі маңызды кезең. Бұл жұмыс оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін біліктер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында қазіргі заманғы электрондық ресурстармен, WEB-сервистермен (құралдармен) курстық оқытудан өткен педагогтердің жүйелі жұмысын ұйымдастыруға ықпал етеді; оқу сабақтарын жобалау кезінде әртүрлі нысандар мен әдістемелік тәсілдерді қолдану бойынша біліктерді дамытуға көмектеседі.

Бұл мұғалімдердің практикада туындайтын кәсіби қиындықтарын толықтыруға, нақты педагогикалық іс-әрекетте игерілген теориялық және практикалық материалдарды қолдануды сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қашықтан оқыту адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы да педагогтердің кәсіби өсуіне, тәжірибе алмасуына, қызметінде кезіккен мәселелерді оңтайлы шешуіне ықпал жасайды. Сонымен қатар, мұғалімдерге курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру, тыңдаушы мен тренер арасындағы байланысты нығайтады.

Сонымен қатар Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 12 сәуір күні Сайрам ауданы білім беру бөліміне қарасты №5 Максим Горький атындағы ЖББМ КММ-де “Үйірме жетекшілерінің құзыреттілігі мен қосымша білім беруді іске асыру” тақырыбында облыстық семинар өтті.

Аталған тәжібиелік семинарға Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты мектептердің қосымша білім беру педагогтары, үйірме жетекшілері, көркем еңбек пәні мұғалімдері мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты.

Бағдарлама бойынша «Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер арқылы шам жасау», «Ұлттық аспаптар құдіреті» тақырыбында шебер сабақтар, «Шалқан» ертегісінен көрініс, Қазақ лигасы, Орыс лигасы бойынша дебат, ағылшын тілінен, химия пәнінен үйірме сабақтары, спорт, әскери үйірмелері жоғары деңгейде ашық сабақтар көрсетіп, тәжірбие алмасты.

Семинар соңында іс-тәжірибелерімен бөліскен педагогтардың пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, қосымша білімге баулу, бала бойында дарындылық қәсиеттерін дамыту — заман талабы.

Еске салайық, үйірме жұмыстарының мақсаты:

— Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;

— Өз қабілеттерін шыңдау, шағармашылыққа баулу;

— Қосымша білім беру.

Мектепішілік ұйымдардың, клубтардың негізгі мақсаты: Қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, өзара қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, өмір дағдыларына бейім, жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлға тәрбиелейтін ынтымақты орта құру.

Міндеттері:
— Елін, Отанын сүйетін, құрметтейтін тұлға қалыптастыру;

— Ұлағатты ата-әже, қайсар әке,мейірімді ана келбетін насихаттай отырып, отбасы тәрбиесін нығайту;

— Тарихи, дара тұлғалардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ ұлының, қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;

— Құқықтық сауаттылық және мәдениетін қалыптастыру;
— Ұрпаққа ұлттық тәрбиені дәріптеу;
— Кез-келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;
— Сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды ұйрету;
— Қоғамдағы білім беру жнәе тәрбие мәселелерін ұштастырып, өмірлік дағдыларды меңгерту;
— Ұрпақты отбасы өміріне даярлау;

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin