Түркістан облысы орталығында 52668 оқушы оқу жылын аяқтаса, 2815 оқушы мектеп бітірді

Бүгін – 2024-2025 оқу жылының соңғы күні. Бұл күн еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, оқушылар жазғы демалысқа асығатын күн. Сонымен қатар, 11-сынып оқушылары мектеп бітіріп, үлкен өмір сахнасына жолдама алатын ұмытылмас күндерінің бірі.

 Бүгін Түркістан қаласындағы 76 мектепте білім алып жатқан 52668 оқушы оқу жылын аяқтаса, 2815 оқушы мектеп бітіріп, мектеп қабырғасында соңғы рет қоңырау үнін тыңдап отыр. Олардың ішінде 170 оқушы — «Алтын белгіге», 171 оқушы — «Үздік аттестатқа» үміткерлер қатарында. Ал, 5448 1-сынып оқушылары алғашқы оқу жылдарын аяқтады.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицейінде өткен соңғы қоңырау салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, кеңес мүшесі Шора Исмолдаев, облыстық мәслихат депутаты Сүлеймен Арыстанов, қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасовалар қатысып, ұстаздар мен түлектердің қуанышына ортақтасты. Нұрбол Әбдісаттарұлы ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтап, педагогтарға кәсіби-шығармашылық табыстар, ал, түлектерге жарқын болашақ тіледі. Өз кезегінде оқушылар мен ұстаздар жоғары деңгейде өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Құрметті ұстаздар! Қадірменді оқушылар!

Білімді ұрпақ – еліміздің асқақ арманының жүзеге асуының кепілі. Өз Отанын, отбасын шын сүйетін азамат әрқашан білімге ұмтылып өсуі тиіс. Себебі, білімсіз Отанға да, отбасына да қызмет ету мүмкін емес. Білім арқылы кез-келген адам өз мүмкіндіктерін айқындайды, дүниетанымы кеңейіп, алдына қойған мақсаттарын орындауға ұмтылады. Ал, Отанын шын сүйген перзент алған білімін елдің өркендеуі мен халықтың игілігі жолында жұмсауға дайын болады, өз болашағымен қатар Отанның болашағын жарқын етуге әрекет етеді. Заманның алға жылжуына байланысты білім алушылардың бойына қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру біздің яғни педагогтардың негізгі міндетіміз. Болашақ жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту арқылы оқушылардың бойына ұлттық, заманауи құндылықтарды сіңіре аламыз.

Бүгін 2023-2024 оқу жылының соңғы оқу күні. Бұл оқу жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бастамасымен «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттарымен аяқталды. Қаламыздағы 76 мектепте білім алып жатқан 52668 оқушы сынып сағаттарына қатысып, бір уақытта еліміздің әнұранын орындап, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың оқушыларға арнаған құттықтауын тыңдады. Сонымен қоса, педагогтар да сәтті аяқталған жылды қорытындылап, оқу жылында оқуда озат болған оқушыларымыз марапаттарға ие болды.

Жоғарыда айтқанымдай, 52668 оқушы оқу жылын аяқтаса, 2815 оқушы мектеп бітіріп, үлкен өмір сахнасына қанаттанғалы отыр. Олардың ішінде 170 оқушы «Алтын белгіге», 171 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткерлер қатарында. Ал, 5448 1-сынып оқушылары алғашқы оқу жылдарын аяқтап, биыл алғаш рет соңғы қоңырау үнін тыңдап отыр. Олардың алдағы он жылдығына тек сәттіліктер тілеп, білімнің биігінен көрінулерін тілеймін.

Биылғы оқу жылы да өз ерекшеліктерімен есте қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұлт сапасы мен мәдениетін арттыру бойынша берген нақты тапсырмасына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіліп, бұл орайда нақты шаралар өткізілді. Оқушыларымыз облыстық, республикалық білім, өнер, спорт сайыстарында топ жарып, мерейімізді өсірді. Негізгі пән олимпиадаларының өзінде 99 оқушы облыстық олимпиадаларда, 7 оқушы республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба сайыстарында жүлдегер атанды. Бұдан басқа жүздеген оқушыларымыз білім, өнер, спорт сайыстарында биіктен көрінді. Сондай-ақ, оларға білім беріп жатқан 70-тен астам педагогтарымыз да облыс, республика көлемінде әріптестерінің алды болды. Бұл өткен жылдағыдан едәуір жоғары көрсеткіш. Мұндай көрсеткіштер жылдан-жылға алға нық қадам басып, жоғары нәтижелерге жетіп келе жатқанымызды көрсетеді.

Құрметті әріптестер! Сіздерді тағы бір оқу жылын сәтті аяқтап, алға қарышты қадам қоюларыңызбен құттықтаймын. Бұл – бір жылдық еңбекті саралайтын, өткенімізге есеп беретін кезең. Жоғарыда айтқанымдай, оқу жылының соңына жақсы жаңалықтармен жетіп отырмыз. Жеткен әр жетістігіміз Сіздердің еселі еңбектеріңіздің нәтижесі. Сондықтан да алдағы педагогикалық еңбектеріңізде кәсіби шығармашылық табыстар, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Ал, балаларымыз жазғы демалысты қызықты өткізіп, жаңа оқу жылына тың серпіліспен келулеріне тілектеспін» — деді Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы.

Иә, білім — адам өмірінің ең маңызды құндылығы. Еліміздің болашағының жарқын болуы тікелей білімді ұрпаққа байланысты. Білім арқылы жастарымыз өз мүмкіндіктерін ашады, дүниетанымы кеңейеді, өзінің болашағын қалыптастырады. Сонымен қатар, жасында терең білім алған адам болашақта елдің гүлденуіне, экономикасының дамуына, мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан да еліміздің асқақ арманын жүзеге асыратын жастарымыз өздерінің күнделікті алған білімін Отанымыздың болашағын жарқын етуге арнауы тиіс.

Бүгін 2023-2024 оқу жылының соңғы оқу күні. Бұл күн әдеттегідей емес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бастамасымен «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттарымен басталды. Қаламыздағы 76 мектепте білім алып жатқан 52668 оқушы сынып сағаттарына қатысып, өздерінің Отанға, мектепке, ұстазға деген жылы лебіздерін білдіруде. Еліміздің әнұранын орындаудан басталған сынып сағаттарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың оқушыларға құттықтауы ұсынылды. Сонымен қоса, педагогтар да сәтті аяқталған жылды қорытындылап, оқуда озат болған оқушыларға марапат қағаздарын тапсырды.

Қаладағы №28 мектеп-лицейінде өткен бірыңғай сынып сағаттарына білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова қатысып, педагогтар мен оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, жылы лебіздерін жолдады, оқушылармен сұхбат жүргізіп, пікірлерін тыңдады. Өз кезегінде білімде озат атанған оқушыларды марапаттап, болашақтарының жарқын болуына тілектестігін білдірді.

Орайы келгенде еске салайық, мемлекеттік саясаттың негізгі тірегі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді және кешенді іс-қимыл жүргізу. Бүгінгі таңда мемлекет басшысының қолдауымен елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қарқынды жұмыстар атқарылып, түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру аясында бірқатар Заңдар қабылданды.

Оқу жылы аяқталар тұста білім мекемелерінде, әсіресе, бітіруші сынып оқушылары арасында бітіру кештеріне, сыйлықтарға ақша жинау фактілерін болдырмау бүгінгі таңдағы басты міндет болып отыр. Сондықтан да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті тарапынан, бөлім тарапынан алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Биылғы жылы да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің ұйытқы болуы, білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасованың қатысуымен мектеп, мектептен тыс мекеме, мектепке дейінгі ұйым басшыларының басын қосқан жиналыс өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы ескертілді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев білім мекемелерінің басшыларына адалдықты сақтау, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жастарды парасаттылыққа тәрбиелеу жөнінде әңгіме қозғап, оқу жылының аяқталуына байланысты бітіруші түлектер арасында қаражат жинау мәселесін болдырмау туралы ескертті. Департамент тарапынан осы бағытта атқарылып жатқан кешенді шараларға тоқталып, арнайы дайындалған бейнеролик ұсынды. Өз кезегінде білім мекемелерінің басшылары сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптарын алды.

Жалпы, өңір бойынша осы жылы 32306 оқушы 11-сыныпты бітірді. Оның 1727-сі — «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер, жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны — 2466. Ал, 9-сыныпты 45416 оқушы бітірді, оның ішінде негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны — 4540. ҰБТ-ге 27 340 оқушы қатысады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin