
Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов мәлімдеді.
Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес саласын дамыту үшін өткен жылы жалпы 65 жоба іске асырылыпты.
– Биыл 26,7 миллиард теңгеге 12 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Олардың қатарында Шанақ ауылдық округінде құны 23,8 миллиард теңгені құрайтын жалпы қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясын салу көзделіп отыр. Қазіргі таңда жер мәселесі толық шешіліп, инвесторлармен меморандум түзілген. Бұдан бөлек, 25 жаңа жұмыс орнымен құны 1,1 миллиард теңгені құрайтын мал сою бекетін салу қарастырылу үстінде. Оның жалпы қуаттылығы жылына 10 мың бас ірі қара малға шақталған. Сонымен қатар, «Ынтымақ» өндірістік кәсіпорны тарапынан қуаттылығы 1,3 МВт су электр станциясы салынып жатыр. Ол биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Одан бөлек, өткен жылы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 23,1 миллиард теңгеге, ал ауыл шаруашылығы саласының өнім көлемі 66,7 миллиард теңгеге жетті, — деді Азизхан Әзімханұлы.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданда Шарбұлақ және Шанақ ауылдық округтері пилоттық режимде іске асырылуда. Атап айтсақ, Шарбұлақ ауылы округінде — сүтті бағыттағы, ал Шанақ ауылы округінде етті бағыттағы жобалар қолға алынған. Шарбұлақ ауылы округінде сүтті бағыттағы жоба. Жоба басталғалы бері 83 тұлға өз құжаттарын ұсынған, оның 41 тұлғаның құжаттары сараланып, несие алу үшін «Ырыс МҚҰ» ЖШС-на жолданды. Нәтижесімен 22 тұлғаның құжаты қолдау тапты. Қалған 57 тұлғаның құжаттары несие алу үшін бизнес жоспары әзірленуде. Шанақ ауылы округінде Етті бағыттағы жоба. Басталғалы бері 47 тұлға өз құжаттарын ұсынған, оның 27 тұлғаның құжаттары сараланып, несие алу үшін «Ырыс МҚҰ» ЖШС-не тапсырылды. Нәтижесімен 5 тұлғаның құжаты қолдау тапты. Қалған 40 тұлғаның құжаттары несие алу үшін бизнес жоспары әзірленуде. Екі ауылдық округке жалпы 800,0 млн. теңге жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге, ауыл округттерде несие алуға өтініш білдіріп жатқан тұрғындардың саны жалғасуда. «Сонымен қатар, жоба аясында қосымша қаражат берілген жағдайда, Қақпақ және Қызылқия ауылдық округтерінде іске асыратын боламыз», — дейді аудан басшысы.
Естеріңізде болса, жуырда Қазығұрт ауданының Қызылқия ауылы округіне қарасты Мәдениет үйінде ауылдың жеке кәсіпкерлері мен тұрғындарымен кездесу жиналысы өтіп, онда «Ауыл аманаты» бағдарламасының пилоттық жобасы бойынша Қазығұрт ауданында іске асырылып жатқан жұмыстардың барысы баяндалған-ды. Аудан әкімінің орынбасары, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, «Атамекен» ҰКП-ның аудандық филиалының директоры, «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының және «Ырыс» микроқаржы ұйымының аудандық филиалдарының өкілдері қатысқан жиналыс барысында кәсіпкерлер, тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Айта кету керек, «Ауыл аманаты» жобасы Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №1 «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Жобаның негізгі ережелері мен несие беру шарттары «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 26 шілде №314 бұйрығымен бекітілген. Бағдарламаны жүзеге асыруға ағымдағы жылы республикалық бюджеттен облысқа 20,0 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінуде. Жобаның негізгі мақсаты ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту болып табылады. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Ауылдық елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасын Қазақстанда бірінші болып Ақтөбе облысы іске асыра бастады, ал 2019 жылы ол Жамбыл облысында пилоттық режимде сәтті іске асырылды.
Осы жоба бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жылды құрайды, бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл кезең көзделген. Максималды сома – 2,5 мыңнан 8 мыңға дейін (зәкірлік кооперация) АЕК, номиналды сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%-дан аспайды.
«Қаражатты кімдер ала алады?» дегенге келсек, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер; зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскерлер; ЖК ретінде тіркеусіз тауарларды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар (оның ішінде әрекетсіз ЖК); отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; ЖК-да өнім өндіретін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен сату немесе айырбастау үшін жеке қосалқы шаруашылықтың мүшелері; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.
«Бұл біздің ауылдарды көтеруге мүмкіндік беретін нақты қадамдар. Жобаны пилоттық іске қосу қорытындысы бойынша Жамбыл облысының 11 ауылдық округінде ауылдардағы орташа айлық табыс 1,7 есе өсті, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есе азайды, жұмыссыздық деңгейі 36% — ға төмендеді. AMANAT партиясы мен үкіметтің міндеті — «Ауыл аманаты» жобасын бүкіл елге масштабтау. Жобаның барлық артықшылықтары туралы халықты дұрыс ақпараттандыру маңызды», — дейді AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.
Ол Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша тиімді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
«Біздің облыс бүгінде президенттің ауылдық аумақтарды дамыту туралы тапсырмасын орындауға дайын, соның арқасында «Ауыл аманатына» дайындық кезінде әрбір ауылдық округке скрининг жүргізілді, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың нақты саны, әрбір отбасының табысы, халықты сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін дамыту қажет өндірістер анықталды», — дейді өңір әкімі Ералы Тоғжанов.
Өңір әкімдігі бойынша бірінші кезеңде өңірдің 24 ауылдық округінде 2700-ден астам жоба іске асырылатын болады. Осы мақсатқа 3 млрд теңге бөлінді. Жобаның ерекшелігі ақшалай, тауарлық несие беру болып табылады. Атап айтқанда, 27 ірі шаруа қожалығы есебінен ауыл тұрғындарына 6 мың бас мал беру жоспарлануда. Қарызды ауыл тұрғындары алған төлдерімен қайтарады. Бүгінгі таңда 42 жеке қосалқы шаруашылыққа 650 бас мал берілді.
«Ауыл аманаты» аясында құс шаруашылығына ерекше көңіл бөлінуде. 2100-ден астам жоба ауыл шаруашылығы қызметінің осы түрімен байланысты.
«Ауыл аманаты» — өте жақсы бағдарлама, өйткені 2,5% — бен, бірінші жылға арналған демалыспен және ауылдық жылжымайтын мүлік кепілімен бірде-бір қаржы ұйымы қарыз бермейді. Біз бәріміз бұл идеяны қолдауға дайынбыз. Өйткені, жергілікті сапалы ауыл шаруашылығы өнімі – Ұлт денсаулығы!»,- дейді кәсіпкерлер.
Таяудағы 7 жылда ауыл тұрғындарының табысын арттыруға 1 трлн теңге бөлу көзделген, бұл ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігі тиеді деген ойдамыз. Шартта көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғылықты азаматы болуы керек. Оған қоса, міндетті түрде кепілге қоятын жылжымайтын мүлкі болуы шарт. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пайдалануға болады. Бағдарламада уақыт шектеуі жоқ. Аталған жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез-келген мүліктің 60 пайызы бағаланады. Бір жылға дейін демалыс қарастырылған.
Бұл ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша «Жұмысшы топ» құрамымен бірге барлық аудандарды аралап, бағдарламаның концепциясын құруға, басым бағыттарын таңдауға, несие беру ережесіне қатысады. Нақтырақ айтқанда, палатаның қызметі жобаларды сүйемелдейді, бизнес жоспар дайындап береді, құжаттарды жинақтауға көмек береді.
«Несие алушы ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативіне кіруіне кеңес береміз. Неге десеңіз, бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды арзан бағамен пайдалануға мүмкіндік береді. Қысқасы, кооперативке бірігудің пайдасы көп. Бірінші кезекте сату мәселесі шешіледі. Мәселен, кооперация мүшесі 8,6 миллион, ал төрағасы 27 миллион теңге ала алады», — дейді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының жауаптылары.
Әзірге Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында әзірленген 50 бизнес жоба таныстырылып отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және халық арасында кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында өңірде халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасының 6-бағыты аясында несиелендіру тәртібі бойынша жиын өтті. Жиынға әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «Ырыс» МҚҰ және «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының өкілдері және облыс кәсіпкерлері қатысты.
Жиында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әзірленген 50 бизнес жобаны таныстырды. Қолғап пен шұлық шығару, шеге, ұнтақ және химиялық сұйықтықтарды, құрылыс материалдарын жасау, плитка өндірісі, жиһаз, ағаш бұйымдары, жартылай дайын тағамдар шығару бойынша кәсіп иелері өз бизнестеріне қолдау көрсетуді сұрайды. Шығыны мен пайдасы зерделенген таныстырған басқарма басшысы, бұдан бөлек бірқатар потенциалды жоба пысықталып жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ, кездесуде кәсіп иелері кедергі келтіретін өзекті мәселелерді ортаға салып, жер және инфрақұрылым туралы сөз қозғады.
Кәсіпкерлердің жобаларымен жеке-жеке танысқан облыс әкімінің орынбасары қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
«Іс бастаймын десеңіздер, ешқандай қарсылық білдірмейміз. Керісінше, істеймін деген азаматқа қолдау көрсетеміз. «Ауыл аманаты» бағдарламасына халықты тарту керек. Мүмкіншілік көп. Мемлекет ұсынған қолдауды тиімді пайдаланып, жұмыс істеу керек. Тек ауыл шаруашылығымен ғана айналысып қоймай, басқа да кәсіпке бейімделген жөн. Көтерген мәселелеріңізді заң аясында қарап, оңтайлы шешуге күш саламыз. Бірлесіп жұмыс атқарайық», — деді Нұралхан Көшеров.
Жобаны іске асыруда өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға барлық ауылдық округтерде скрининг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бірінші кезекте биылғы жылы жобаға қатысатын 16 ауданнан 64 ауылдық округі бекітілді. Ауылдық округтерде жобаға қатысатын 72 кооператив анықталып, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталды. Қазіргі таңда несие қаржысын таратушы ретінде сенім білдірген өкіл ретінде «Түркістан ӘКК» АҚ танылды. Сәуір айының 18-нен бастап несие қаражатын беруге құжаттар қабылдау басталды.
Жалпы жоба аясында 4 000 (орта несие қаражаты көлемі 5,0 млн. тг) бірлікке жуық микрокредит беріледі. Нәтижесінде, жоба аясында 5 200 жаңа жұмыс орындары құрылып, өңірдегі 8451 бірлік АӘК алушы отбасы санын 30%-ға төмендету жоспарлануда.
Айта кетейік, 2023 жылға «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға облысқа 19,8 млрд. теңге несие қаражаты бөлініп, несиелендірудің 6 бағыты таңдалды. Атап айтқанда: өсімдік шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығын дамыту, құс шаруашылығын дамыту, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін ашу.
Бұдан бөлек, жиын барысында минералды тыңайтқыш бағасының тұрақсыздығы талқыланды. Қазіргі таңда Мақтаарал және Жетісай аудандарында оның құнының өсуі анықталып отыр. Делдалдар бағаны көтеріп жіберген. Бағаны тұрақтандыру бойынша әр ауданнан мамандар бекітіліп, тікелей Сарыағаш ауданынан тасымалданатын минералды тыңайтқыштың бағасын бақылауда ұстау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Қазығұрт ауданында оған қоса Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру туралы тапсырмасы бойынша ауданда 2022 жылдың қорытындысына сәйкес 1 421 жаңа жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар 2 есеге артық орындалған. Ал, биыл 1 152 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 3 айдың қорытындысына орай 309 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.
Қазығұрт ауданы бойынша жалпы халық саны 116 577 адамға жетіп, аудан аумағы 409,1 мың гектарды құрайды. Аудан құрамына 13 ауыл округі, 62 елді мекен кіреді. Ауданның ұлттық құрамы: қазақтар – 92,3%, өзбектер – 6,6%, орыстар – 0,3% және өзге ұлттар – 0,8% құрайды. Жалпы халықтың 45 641 адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 43 214 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,3%, жастар жұмыссыздығы 4,9% құрады. Ауданның ішкі кіріс көздері өткен жылға 4,9 млрд. теңге жоспарланса, жыл қорытындысымен 5,2 млрд. теңгеге орындалып, 104,9%-ды құрады. 2023 жылға жоспар 6,1 млрд. теңгеге бекітіліп, І-тоқсан қорытындысымен 1,5 млрд. теңгеге немесе 119,8 пайызға орындалды. Өткен жылға аудан бюджеті 25,3 млрд. теңге болып қалыптасып, жыл қорытындысымен 25,2 млрд. теңгеге немесе 99,8 пайызға игерілді. Оның ішінде 55,6 млн. теңге «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарға» электронды түрде өтініш жіберу министрлік тарапынан тоқтатылуына байланысты игерілмеді, 4,6 млн. теңге нақты шығындар есебінен үнемделген қаржы. Аудан бюджетінің 2023 жылға жоспары 11,2 млрд. теңгеге бекітіліп, 1 сәуірге 1,4 млрд. теңгеге немесе 99,9%-ға игерілді. Өнеркәсіп өнім көлемі өткен жылдың қорытындысымен 13,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1%-ға орындалды. 2023 жылға жоспар 15,4 млрд. теңгеге жеткізу межесі қойылып отыр. Ағымдағы жылдың І тоқсанына 3,3 млрд. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9%-ға орындалды.
Аудандағы шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. Өткен жылы жалпы 65 үлкен-кішілі жобалар іске асырылған. Бүгінгі таңға, тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 13 643 бірлікті құрап, одан жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 13 491 бірлікке жетіп, олардың үлесі 98,9%-ды құрады. 2023 жылы 26,7 млрд. теңгеге 12 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ірі жобаларға келсек, Шанақ ауылдық округінен құны 23,8 млрд. теңге болатын жалпы қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясын салу көзделуде. Жер мәселесі толық шешілген. Қазіргі таңда, инвестрлармен меморандум түзіліп, жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, құны 1,1 млрд.тг. құрайтын мал сою бекетін салу қарастырылуда. Қуаттылығы жылына 10 мың бас ірі қара малды құрайды. Сонымен қатар, «Ынтымақ» өндірістік кәсіпорын тарапынан құны 700 млн.тг. болатын қуаттылығы 1,3 МВт су электр станциясы салынуда. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
2023 жылға негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі жоспар 31,5 млрд. теңге межесі қойылып отыр. 1 тоқсанға инвестиция көлемі 1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,3%-ға орындалды. Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 66,7 млрд. теңгеге орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 6,9 млрд. теңгеге өнім көлемі ұлғайды. Нақты көлем индексі 104,7 пайызды құрады. 2023 жылға жоспардың өнім көлемі 73,4 млрд. теңгеге жеткізу межеленіп отыр. 1 тоқсанға өнім көлемі 8,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 155,6%-ға орындалды. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 3 700 тоннадан астам дизель отыны бөлінді.
Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 7,7 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 109,5 пайызды құрады. 2023 жылға құрылыс көлемінің жоспары 7,8 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. 3 айда құрылыс жұмыстары 200 млн. теңгеге немесе 70,6%-ға орындалды. Былтыр пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 27,6 мың ш.м. жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 106,8%-ға орындалды. 2023 жылға жоспар 27,8 мың шаршы метр 1 тоқсанға пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 5,8 мың шаршы метр немесе 103,1%-ға орындалды. Өткен жылы Қазығұрт ауылында 2 қабатты 10 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысын салуға жергілікті бюджеттен 195,8 млн. тг. қаралып, жыл қорытындысымен пайдалануға берілді. Тұрғын үй кезегінде тұрған 20 адамға пәтер кілті тапсырылды. Бүгінгі таңға аудан бойынша жалпы 1 053 адама тұрғын үй кезегінде тұр. 2023 жылға республикалық бюджет есебінен 40 тұрғын үйді сатып алу үшін 384 млн. теңге қаралып отыр. Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметті осал топтардағы 40 отбасыға пәтер беру көзделуде. Бұдан бөлек, аудан бойынша жалпы 6 979 адам жер кезегінде тұрса, оның 93 пайызы аудан орталығындағы азаматтар құрап отыр. Осы мәселені шешу мақсатында, аудан орталығында орналасқан «Шығыс» мөлтек ауданынан мың гектар жер белгіленді. Ағымдағы жылы мың гектардың 80 гектар жеріне инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін бюджеттен 883 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталу үстінде. Жыл қорытындысымен жер кезегінде тұрған 592 отбасыға жер телімі берілетін болады. Өткен жылға 1 953 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл қорытындысымен 3 287 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жылдық жоспардан 168 пайызға артық орындалып отыр. 2023 жылға 5 603 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, бүгінгі күнге 1 815 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылдық жоспардың 32,4 пайызын құрап отыр. Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орын құру туралы тапсырмасы бойынша ауданда 551 жаңа жұмыс орындары құру жоспарланып, 2022 жылдың қорытындысымен 1 421 жаңа жұмыс орны құрылды. Жылдық жоспар 2 есеге артық орындалды. Ал, 2023 жылы 1 152 жаңа жұмыс орындары құру жоспарланса, 3 айдың қорытындысымен 309 жаңа жұмыс орны құрылып, жылдық жоспардың 27 пайызын құрап отыр. Өткен жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 863,1 млн. теңге қаржы қаралып, 1 944 отбасындағы 11 517 аз қамтамасыз етілген адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып,толық төленді. 2023 жылға 1,1 млрд. теңге қаржы жоспарланған. Ағымдағы жылдың 3 айында 1 173 отбасындағы 7 133 аз қамтамасыз етілген адамға 216,4 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 142,1 млн. теңге төленді. Өткен жылға тұрғын үй көмегіне аудандық бюджеттен барлығы 18,3 млн. теңге қаржы қаралып, 252 отбасыға төленді. 2023 жылға 21,2 млн. теңге қаржы қаралған. Ағымдағы жылдың 3 айында 86 отбасыға 4 млн. теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, толығымен төленді. Сонымен қатар, Өткен жылға атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жастағы балаларына бюджеттен 164,4 млн. теңге қаржы қаралып, 2 440 балаға әлеуметтік пакет тағайындалып, төленді. 2023 жылға 133,1 млн. теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылдың 3 айында 1 053 отбасыларындағы 2 079 балаға 20,9 млн. теңге төленді.
Ауданда ағымдағы жылы Қақпақ, Ынталы, Жаңаталап фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылыстары жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысымен пайдалануға берілу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 2024 жылдарға Еңбекші, Қызылсеңгір ФАП-нің және Қызылту дәрігерлік амбулаториясы құрылысын жүзеге асыру үшін нысандардың барлық құжаттары рәсімделіп, салалық басқармаға ұсыныс берілген, қазіргі таңда ЖСҚ әзірленуде. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданында медициналық қызмет көрсету нысандары жоқ 6 елді мекенде медициналық нысандармен қамтамасыз ету мақсатында Қызылдихан, Жіңішке, Үлгілі, Бейнеткеш, Майбұлақ, Шакпак елді мекендерінен медициналық нысандардың құрылысын салу үшін
2024 жылдарға жоспарлануда. Барлығының жер телімдері анықталып мемлекеттік актісі алынып, сәулет жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірленген. 2025 жылдарға Шанақ дәрігерлік амбулаториясы және Айнатас, Ақбастау, Қаржан, Алтынтөбе, Жұмысшы, Махамбет және Майлыошақ елді мекендерінен ФАП құрылысын салу қарастырылуда.
Білім саласы бойынша Қазығұрт ауданында 73 мемлекет меншігіндегі мектеп,
3 жеке меншік мектеп және 76 балабақша бар. Ағымдағы жылы өтпелі 6 мектептің 3 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Мәдениет және спорт саласы бойынша. Ауданда 7 ауылдық мәдениет үйі, 15 ауылдық кулб, 1 орталық кітапхана,1 аудандық балалар кітапхана, 22 ауылдық кітапхана, 262 спорт нысандары бар. Өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 509,3 млн.теңге қаржы қаралып, Жігерген және Шанақ ауылдық округтерде 2 мәдени ошағының құрылысы басталып, 2023 жылға өтпелі болған. Ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2023 жылы Қазығұрт ауылында 500 орындық мәдениет үйінің құрылысын салуға бюджеттен 612,2 млн.тг. қаралып, жеңімпаз мердігер анықталып, келісім шарт түзілуде. Сондай-ақ, Жаңабазар елді мекеніндегі спорт мектебін күрделі жөндеуге 217 млн. теңге қаржы қаралып, өткен жылдың қорытындысымен пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысының балаларды тегін шығармашылық үйірмелермен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданда өткен жылы жалпы 3,3 млн. теңгені құрайтын мәдениет және спорт саласынан 2 кәсіпкерлер жұмыс жүргізуде. Бұдан бөлек, 6 кәсіпкер спорттың 8 түрінен 1 598 баланы жаттықтыруға өтінім берген. Ауданда былтырғы жылдың қорытындысымен ауданда жалпы 62 елді мекеннің 59 елді мекені немесе 96,7 % ауыз су құбырымен қамтамасыз етілді. Өткен жылдан 2023 жылға өтпелі кезеңмен Жігерген ауыл округі Айнатас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына 276 млн. теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың 17 мамырында пайдалануға берілді. Сонымен қатар, өтпелі кезеңмен Тұрбат ауыл округі Қызылдихан елді мекенін қайта құру ауыз су жүйелерінің құрылысына 685,9 млн. теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылдың тамыз айында ел игілігіне беріледі. Сондай-ақ, 2023 жылы «Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қоймасының құрылысына 268,5 млн теңге қаралып, жыл соңына пайдалануға беру көзделуде. Нәтижесінде 7 елді мекенді 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданының орталығын 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 727,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Аталған нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Жылдың қорытындысымен аудан бойынша 60 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 96,7 пайызды құрайтын болады.
Ауданда 62 елді мекеннің 49-ы табиғи газ жүйесімен қамтылып, 79 пайызды құрайды. Өткен жылы газбен қамтамасыз етуге 86,8 млн. теңге қаралып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Шанақ, Ызабұлақ және Ақжар елді мекендеріне 511,3 млн. теңге қарастырылып, қалған 173,4 млн. теңгесі 2023 жылы бөлінді. Жыл қортындысымен пайдалануға тапсыру жоспарлануда. 2023 жылы Ескі Шанақ, Бақабұлақ, Шанақ бекеті елді мекендерін табиғи газбен қамту үшін 292,1 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінде мердігер мекеме анықталып, келісім шарт түзілді. Қазіргі таңға, бекітілген кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысымен аудан бойынша 52 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылып, 83,8 %-ды құрайтын болады.
Аудандағы 62 елді мекенның 98,4 пайыз орталықтандырған электр желісіне қосылған, 1 елді мекен шалғайда орналасуына байланысты дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. Былтыр тозығы жеткен 12 елді мекеннің электр желілері мен бағаналарын жаңартуға 1,1 млрд. теңге қаралып, жыл қорытындысымен пайдалануға берілді. 2023 жылы 11 елді мекенде Өндіріс, Жаңажол, Жаңаталап, Қаржан, Алтынтөбе, Аққұм, Қызылата, Майбұлақ, Көкібел, Атбұлақ, Рабатта электр қуатына жетіспейтін көшелерді қуаты жоғары электрмен қамтамасыз ету құрылысына 1,3 млрд. теңге қаралып, жыл соңына дейін 10 елді мекен пайдалануға тапсырылса, 1 елді мекен 2024 жылға өтпелі.
Былтыр аудандық және облыстық бюджет есебінен 1,8 млрд. теңгеге 111,5 шақырымды құрайтын 28 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Өндіріс елді мекендегі Тастақсай өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмысына 176,7 млн. теңге қаржы қаралып, пайдалануға берілді. Жаңабазар ауылы округі Ұя өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмысына 147,8 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың мамыр айының соңында пайдалануға тапсыру жоспарланған. Аудандық маңызы бар 297,5 шақырым жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 76,3% болса, елді мекендердегі ішкі көшелердің (812,5 шақырым) жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 65,9% құрады. 2023 жылы КХ-44 «Жігерген-Көкібел» облыстық маңызы бар автмобиль жолын орташа жөндеуден өткізу үшін 210,0 млн. теңге қаржы бөлінген. Нысан 2024 жылға өтпелі. Былтырғы жылдан 2023 жылға өтпелі 5 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 563,6 млн. теңге қаржы бөлінген. Жыл соңыңа дейін аяқталатын болады. 2023 жылдарға өтпелі кезеңімен елді мекендердегі 45 ішкі көшелерді орташа жөндеу жұмыстары үшін 2,3 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 17 көшеге 702,3 млн.теңгеге қаржы қаралған. Аталған көшелердің барлығы жыл соңына дейін ел игілігіне тапсырылатын болады.
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, міне, осындай деректер мен дәйектерді таныстырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына шолу жасады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.