Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында облыстық «Ауылдағы бір күнім» атты реалити-шоу сайысы өтіп жатыр

Бүгін Қазығұрт ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити-шоу сайысы басталды.

Шараға Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аян Көшкінбай және Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Айбек Молдасапаров, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысып, барша командаға сәттілік тіледі.

– Заман өзгерсе де, ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске сала отырып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту жолында жастарды халқымыздың ұлттық құндылықтарымен терең таныстырып, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, мәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында облысымызда осы сайыс ұйымдастырылуда, – деді Ернар Бектаев.

Байқауда қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынайды.

Олар: I кезең. Ұлдар: Ләңгі тебу, садақ ату;

Қыздар: Ұлттық тағамдар әзірлеу.

II кезең. Ұлдар: Арқан тартыс;

Қыздар: Құрт әзірлеу.

III кезең. Салт-дәстүр туралы сұрақтар бойынша командалық сайыс.

Аталған байқауға облыстың аудан, қалаларынан 13 команда қатысып жатыр.

Байқау Қазығұрт ауданындағы тұмса табиғат аясында өтіп жатыр. Қатысушыларға әсерлі болуы үшін, этно-ауыл құрылды. Жігіттер садақ ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойындарда бақ сынайды. Қыздар аспаздық қабілеттерін көрсетеді. Олар құрт жасап, ет қамырын жайып, үлкендердің бағасын алады.

Соңғы кезеңде зияткерлік ойын ұйымдастырылады, сайысқа қатысушыларға Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы сұрақтар қойылады.

Жүлдегер командалар ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Айта кетейік, «Ауылдағы бір күнім» байқауы алғаш рет 2023 жылы өтті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin