Түркістан облысы: Үздік жобалар байқауында идеясы мықты жастар анықталды

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасыныңЖастар ресурстық орталығыКММсі жәнеШаңырақжастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында облыстық «BEST STARTUP» үздік жобалар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, отандық инновациялық жобаларды іске асыруға көмектесу, оларды ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу.

Бағдарламаға қатысу үшін 130 адам өтінім беріп, шешуші кезеңіне 20 жоба қабылданды.

Байқауда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының отбасы және жастар бөлімінің маманы Талғат Әбілпия, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев, Түркістан облысы «Атамекен» ҰҚП бөлім басшысы Әзірет Талғатұлы төрелік етті.

“Көп адамдармен танысып, жаңа жобалар туралы ақпарат алдым. Аталған жоба аясында Сарыағаш ауданына да келіп, ақпараттандыру жқмыстары жүргізілді. Жоба жазуды үйрену барысында өзімнің ойымдағы идеяны жазып, бүгін жеңімпаз атандым. Жоба арқылы кәсіп ашып, алдағы уақытта да дамытамын деген сенімдемін”, – деді І орын иегері Туралы Темірлан.

Байқауда мына жастардың бағы жанды:

1-орын: Туралы Темірлан (Табиғи қытырлақтар өндіру (чипсы) – 500 000 теңге

2-орын: Ақерке Райымжан (Білім беру орталығы) – 300 000 теңге

3-орын: Токтан Оидин (Премиум саласындағы қораптар өндіру) — 100 000 теңге

3-орын: Тілеген Базаркелді (Тұрмыстық химиялық өнімдер өндіру және сауда айналымы) –100 000 теңге

Сонымен қатар қатысқан барлық қатысушыға 70 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin