Түркістан облысы: Әлеуметтік желілерде тараған қауын бағасы туралы бейнежазбаның жалған екені және Мақтаарал мен Жетісай аудандарына қатысы жоқтығы белгілі болды

Соңғы екі күнде әлеуметтік желілерде қауын бағасы жайында диқанның жанайқайы тараған болатын. Белгілі болғандай, әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бұл хабарлама жалған екендігі анықталды. Видеодағы азамат Мақтаарал ауданы, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ырысты ауылының тұрғыны Яшур Өзбеков екені, ал видео түсірілген аумақ Жаңажол ауылдық округі Нұрлыжол ауылы екені белгілі болды.

«Шын мәнінде, видеода көрсетілген қауын өнімдерінің төгінділері сатылымда сұрыптаудан (сортировка) қалғаны және шаруалар тарапынан тұқымдық алу үшін 2 апта көлемінде жиналғаны белгілі болды (видеодан көруге болады). Осыған байланысты бейнематериалды түсіріп, жалған ақпаратты таратқан азамат заңға сәйкес жауапқа тартылады», — делінген Мақтаарал ауданы әкімдігінің хабарламасында.

Жалпы, биыл Мақтаарал ауданында 16911 гектар жерге бақша дақылдары егілген. Оның ішінде 5699 гектар жерге пленкалы қауын, 10666 гектар жерге ашық қауын, 380 гектар пленкалы қарбыз, 166 гектар жерге ашық қарбыз орналастырылған.

Аудан бойынша қазіргі таңда 139852 тонна бақша өнімі жиналған. Шаруалар бақша өнімдерін алғашқы піскен кезде 1 келісі үшін 550 теңгеден (қауының 1 қорабы 17-20 кг болып есептелінеді) Қазақстан аумағына импорттап, ТМД және Ресей мемлекеттеріне экспорттаған.

Бүгінгі таңда бақша өнімдерінің көбеюіне байланысты қауынның 1 келісі 70-80 теңге аралығында қабылданып жатыр. Баға нарықтың сұранысына сай өзгеріп отырады.

Жалпы, биыл Түркістан облысында бақша дақылдары 71,3 мың гектарға орналастырылған (2022 жылы — 68,9 мың гектар). Оның ішінде қарбыз 25,4 мың гектарға, қауын 45,9 мың гектарға егілді. Бұл — республикадағы бақша дақылдары егістігінің 60 пайызы.

Облыста өндірілген бақша өнімі облыс халқының қажеттілігінен 41 есе, республика халқын 3,6 есеге артық өндіріледі. Сондықтан бақша өнімі Түркістан облысы үшін экспортқа бағытталған мақтадан кейінгі екінші өнім болып отыр. Бүгінгі күнге облыс аумағында 176 мың тонна қарбыз, 405 мың тонна қауын өнім жиналып, ішкі сұраныстан артық көлемдері Ресей, Беларуссия, Латвия елдеріне экспортталып жатыр. Облыстағы бақша өнімдерінің бағасы келісіне 50-60 теңгені құрайды.

Жалпы, биыл тауар өндірушілерді қолдауға мемлекет тарапынан сатып алынған минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 6,5 миллиард теңге, сатып алынған пестицид және биогенттерді субсидиялауға 375 миллион теңге және тұқым шаруашылығын қолдауға 600 миллион теңге қарастырылып, қолдау көрсетіліп жатыр.

Сондай-ақ, тауар өндірушілерге егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу үшін өткен жылғы желтоқсан айынан бастап, «Аграрлық Несие Корпорациясы» арқылы 11,4 миллиард теңге несие қаржысымен қамтамасыз етілді және 48,2 мың тонна арзандатылған жанар жағармай босатылды.

Осы орайда, халықты арандап қалмауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз!

Бұдан бөлек биыл Түркістан облысының Жетісай ауданында 19 617 гектар жерге бақша дақылы егілді. Оның ішінде 14 176 гектарға қауын, 5441 гектарға қарбыз егілген. Бүгінгі күнге 320 мың тонна қауын, 128 мың тонна қарбыз өнімдері алынып, өнімнің басым бөлігі Ресей, Белоруссия елдерімен қатар еліміздің Алматы, Астана, Шымкент қалаларына және басқа да облыстарға жолдануда. Қазіргі таңда диқандар нарықтағы сұранысқа байланысты, қауынның сортына қарай 1 келісін 50-80 теңгеден, ал, қарбыздың келісін 50-70 теңгеден сатуда. Биыл қауын дақылы өткен жылмен салыстырғанда 5 мың гектарға жуық артық егілген.

Бүгінде аудан әкімдігі тарапынан бақша дақылдарын сату бойынша басқа да облыстардағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға хат жіберілген. Сұраныс болған жағдайда қажетті көлемдегі бақша дақылдары шаруалардың тікелей өздері арқылы сатылып, жіберілетін болады.

Ал, «1 арна Евразия» телеарнасы мен әлеуметтік желілерде жарияланған шаруаның қауынды егістік алқапқа тастап жатқаны жайлы бейнежазбаның Жетісай ауданының шаруаларына да қатысы жоқ.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.