Түркістан облысы әкімдігі мен «Sovico Group» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Астана қаласына арнайы іссапармен барды. Онда «Sovico Group» компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхан Хунг мырзамен және компания делегациясымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Түркістан облысының әкімдігі мен «Sovico Group» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Жүздесуде Түркістан қаласының халықаралық әуежайын дамыту перспективалары, жаңа авиакомпанияларды тарту, қосымша әуе бағыттарын ашу, инфрақұрылым нысандары мен көліктік-логистикалық хаб салу және облыста туризмді дамыту мәселелері талқыланды.

Орайы келгенде атап өтерлігі, Кентау қаласындағы жылу электр орталықтарына жаппай күрделі жөндеу жүргізілуде. Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Кентау қаласына іссапармен барып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан №5 жылу электр орталығының жұмыс барысын бақылады.

Бүгінде №7, 8, 9, 10, 11, 12 қазандықтарында қайта құру жұмыстары жүргізіліп, №7 және 12 қазандықтары қараша айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Ал №8 және 11 қазандықтың монтаждау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, №9 және 10 жылу казандықтары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Аралау барысында Зұлпыхар Жолдасов, жауапты мамандарға құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытында орындалуы керектігін ескертіп, бұл мәселе жеке бақылауында болатынын жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin