Түркістан облысында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 29 білім ұясы халық игілігі үшін қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның екеуі Түркістан қаласында бой көтеріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда тұр.
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында салынып жатқан мектептердің құрылыс алаңдарында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Құрылыс басында мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма міндеттеді. Кедергілер орын алған жағдайда, дер кезінде хабарлап, әрекет етуді тапсырды.
Алдымен облыс әкімінің орынбасары облыс орталығында салынып жатқан 2000 орындық жайлы мектептің құрылыс қарқынын тексерді. Бұл мектеп қаладағы №42 көшеде 4 гектар аумақта орналасқан. 4 қабатты нысанның құрылысын «Каратас Майнинг» ЖШС қолға алған. Ғимараттың жалпы ауданы – 20 147 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қыркүйек айында басталған. Оқу ордасын жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр.
Түркістандағы «Яссы» шағынауданында салынып жатқан 1200 орындық білім ошағының құрылысын «YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI» АҚ жүргізіп жатыр. Құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында басталған нысанды биыл жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.
Тұтастай алғанда, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты.
Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.
Анықтама үшін нақтылай кетсек:
Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.
Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:
2023 жылы басталған 29 мектеп:
— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;
— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;
— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;
— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;
— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;
— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;
— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;
— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;
— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;
— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;
— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.
Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.
Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.
2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.
Тарқата айтсақ:
Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;
Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;
Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;
Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;
Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;
Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;
Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.
2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.
Дәлірек айтсақ:
Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;
Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;
Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;
Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;
Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;
Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;
Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;
Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;
Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады.
Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс атқаратын 41 басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарында арнайы курстардан (5 күн – қаралған қаржы 9,9 миллион теңге (курс ақысы мен іссапар шығынын қосқанда) толық өтетін болады.
Жоба аясында енгізілетін мектептерде педагогикалық кадрлармен сапалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылмаған «Үздік», «Қызыл диплом» алған түлектердің тізімін сұратып және жұмысқа орналасуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне хаттар жолданылып, бірлесе жұмыстар атқарылып жатыр.
Осы ретте жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде «Binom School» мектептер желісінің тәжірибесі ескерілетін болады.
Жалпы, 2023-2025 жылдары республика бойынша 369 заманауи мектеп салынады. Бұл жұмыстар мектеп және оқушы орындарының тапшылығын шешуді көздейді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асады. Нәтижесінде 740 мыңға жуық оқушы орыны ашылады. Жобаның алғашқы кезеңі саналатын 2023 жылы 217 мектептің құрылысы басталса, екінші кезеңде, яғни 2024-2025 жылдары 152 білім ошағы салынбақ.
Ұлттық жоба аясында жүзеге асып жатқан 369 жайлы мектептің 163-і — ауылдарда, ал 206 білім ошағы қалаларда салынады. Сөйтіп, 2025 жылы елде 300 оқушыға арнап 68 мектеп, 600 орындық 85, сосын 900 орындық 54 білім ошағы ашылады. Бұдан бөлек 1200 орындық 70 мектеп және 1500 оқушыға арналған 38, 2000 орындық 52 және 2 500 орындық 2 мектеп пайдалануға беріледі.
Қазақстандағы жайлы мектептердің құрылысына келсек:
2023-2025 жылдары 369 жайлы мектеп;
2024 жылы — 217 мектеп;
2025 жылы — 152 мектеп, 740 мың оқушы орны.
Жайлы мектептердің орналасуы және сыйымдылығы бойынша саны төмендегідей:
369 жайлы мектеп:
Елді мекендерде — 163 мектеп, 44%;
Қалаларда — 206 мектеп, 56%.
369 жайлы мектеп:
600 орындық — 85 мектеп;
1200 орындық — 70 мектеп;
300 орындық — 68 мектеп;
900 орындық — 54 мектеп;
2000 орындық — 52 мектеп;
1500 орындық — 38 мектеп;
2 500 орындық — 2 мектеп.
Атап өтейік, Қаржы министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жоспарына өзгеріс енгізбек. Бұл жайлы «Ашық НҚА» порталына орналастырылған министрлік құжатында жазылған.
«2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына өзгерістер енгізу көзделеді», — делінген құжат түсіндірмесінде.
Құжатта «облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру объектілерін салуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бюджеттің кіші бағдарламасына өзгеріс енгізілетіні жазылған.
Бюджеттің кіші бағдарламасына сәйкес, Үкімет «Жайлы мектеп» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Қазақстанның алты өңірінде Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы даму трансферттерінің көлемін өзгертпек. Олар – Астана мен Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай облыстары.
Республикалық бюджет комиссиясының 2024 жылғы 30 шілдедегі
№ 16 шешіміне сәйкес Астана мен Алматы қаласының бағдарлама шеңберіндегі нысаналы трансферті қысқарған.
Қолданыстағы жобада бұл бағдарлама бойынша Астана қаласының трансферті 125,8 миллиард теңге болса, өзгерістерге сәйкес бұл сома 118,6 миллиард теңгеге дейін қысқарған.
Солайша Алматы қаласының сомасы – 72,6 миллиард теңгеден, 63,2 миллиард теңгеге азайған.
Ал қалған 4 өңірдің бұл бағдарлама аясындағы нысаналы даму трансферті артқан. Яғни Ақтөбе облысының трансферті 25,04 миллиард теңгеден 35,1 миллиард теңгеге, Атырау облысының трансферті 20,3 миллиард теңгеден 22,1 миллиард теңгеге, Қарағанды облысының трансферті 19,04 миллиард теңгеден, 23,3 миллиард теңгеге, Қостанай облысының трансферті 14,6 миллиард теңгеден – 15,2 миллиард теңгеге артқан.
Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салуға 2,4 триллион теңге бөлінеді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2024 жылы 217 білім ошағы пайдалануға берілсе, 2025 жылы тағы 152 ғимараттың құрылысы аяқталады. Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарланған.
Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға жұмыстың сапасына баса назар аударуды, жұмыстарды белгіленген кестеден кешіктірмеуді, қажет болған жағдайда, жұмыс күшін арттыруды міндеттеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.