Түркістан облысы: Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалін Ордабасы ауданы бастайды

Салт-дәстүр мен саз өнері үндескен рухани керуен жолға шықты. Түркі дүниесінің рухани ордасында қасиетті өнердің шырағын маздатқан айтулы жоба – «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі бастау алады.

Биылғы фестиваль ерекше, тың форматта – аудан-қалалар жеребе арқылы жұптасып, сахнада өзара сынға түседі. Өнерлі көштің керуенін алғаш болып 15 мамыр күні сағат 18:00-де «Керуен сарай» кешенінде Ордабасы және Түлкібас аудандары бастайды.

Олар мына жанрлар бойынша бақ сынайды:

  • ​Ақындар айтысы

​•​Дәстүрлі терме

​•​Ұлт аспаптар ансамблі

​•​Эстрадалық жанр

​•​Би өнері

​•​Вокалды-аспаптық ансамбль

​•​«Ауылдың алты ауызы» (әжелер ансамблі)

​•​ Салт-дәстүр көріністері

Келіңіздер, көріңіздер!

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin