Түркістан облысы: Өткен жылы Отырар ауданы бойынша 33 440 гектар жерге егін егіліп, өнеркәсіп өнімінің көлемі артқан

Бұл жөнінде Отырар ауданы әкімінің Көксарай мен Аққұм ауыл округтерінде жалғасын тапқан кездесу жиынында айтылды.

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Әділжанұлы Сейтжанов түс ауа Көксарай, Аққұм ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, алда тұрған міндеттер мен атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

2023 жылы аудан бюджетінің кірісі 8 миллиард 981 миллион 445 мың теңгені құраған. Оның ішінде жергілікті өзіндік кірістер жоспары 2 миллиард 646 миллион 911 мың теңгеге бекітіліп, жоспар 2 миллиард 659 миллион 266 мың теңгеге немесе 100,5 %-ға артық орындалды. 2023 жылғы жергілікті өзіндік кірістер 2022 жылмен салыстырғанда  141,7 пайызға артқан немесе 782 миллион 304 мың теңге. Аудан бюджетінің шығыстар жоспары  8 миллиард 981 миллион 445 мың теңгеге бекітіліп, жыл қорытындысына сәйкес, 8 миллиард 961 миллион 243 мың теңге игеріліп, бюджет 99,8 пайызға орындалды. Яғни қалдық қаражат жетпеуінен 20 миллион 202 мың теңге игерілмеді.

Сондай-ақ, өткен жылы Отырар ауданы бойынша 33 440 гектар жерге егін егіліп, өнеркәсіп өнімінің көлемі артқан. Дәлірегі, 2023 жылы Отырар ауданы бойынша 36 246 гектар (2022 жылы — 36 195 гектар) жерге егіс егу жоспарланса, жыл қорытындысымен 33 440 гектар (92,2%) орындалды, әртүрлі себептермен 2806 гектар жер игерілмеген екен. Әрине, егістік алқаптың игерілмеу себебі де жоқ емес.

Аққұм ауыл округіндегі «Аққұм» ЖШС-не қатысты Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қылмыстық іс жүргізуіне байланысты 5000 гектар егіс алқабының 2 200 гектар жері игерілмеген, сонымен қатар ағын су тапшылығына байланысты Д.Алтынбеков каналының аяқ жақ бөлігінде орналасқан Қарғалы ауыл округі Отырар елді мекенінің 600 гектар егістік алқаптары игерілмеген.

Жалпы, 33 440 гектар егіс алқабынан 358 688 тонна өнім жиналды.

Атап айтқанда:

— күздік бидай 210 гектардан орташа өнімі: 25 центнер/гектарына, алынған өнім — 525 тонна;

— тары — 757 гектардан орташа өнімі — 16 центнер/гектарына, алынған өнім — 1211,2 тонна;

— күнбағыс 314 гектардан орташа өнімі — 15,0 центнер/гектарына, алынған өнім — 471 тонна;

— мақта 47,0 гектардан орташа өнімі —  28 центнер/гектарына, алынған өнім — 131,6 тонна;

— жоңышқа 11930 гектардан жерден алынған өнімі — 113 722,7 тонна;

— картоп 491 гектардан орташа өнімі — 98 центнер/гектарына, алынған өнім — 4811,8 тонна;

— көкөніс 1747 гектардан орташа өнімі — 153 центнер/гектарына, алынған өнім — 26729,1 тонна;

— бақша 6911 гектардан орташа өнімі — 210 центнер/гектарына, алынған өнім — 145 131 тонна;

— дәндік жүгері 10 469 гектардан орташа өнімі — 63 центнер/гектарына, алынған өнім — 65954,7 тонна өнім жиналып отыр.

Орындалмаған өнімдер туралы да сандарды сөйлете кетейік:

Аққұм ауыл округінде:

— дәндік жүгері: 950 гектар * 63 центнер = 4095 тонна.

— бақша: 1250 гектар * 210 центнер = 26250 тонна.

Қарғалы аулы округінде:

— дәндік жүгері: 600 гектар * 63 центнер = 3780 тонна.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жоспары 39,1 миллиард теңгеге бекітіліп, қаңтар-желтоқсан айының статистикалық мәліметіне сәйкес 40,8 миллиард (нақты көлем индексі 96,3 %) теңгенің өнімі жиналды. Ал 2022 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 35,5 миллиард теңге болса, 2023 жылы 5,3 миллиард теңгеге артық орындалған. 

Оның ішінде:

Өсімдік шаруашылығы: 24,2 миллиард теңге. Ал 2022 жылы — 24,8 миллиард теңге.

Мал шаруашылығы: 16,3 миллиард теңге. 2022 жылы — 14,1 миллиард теңге.

Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға тартылған инвестицияның жоспары 3,7 миллиард теңге болса, жыл қорытындысына сәйкес 4,9 миллиард теңгеге артығымен орындалды.

Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция көлемінің жоспары 460,4 миллион теңге болса, жыл қорытындысымен 438,0 миллион теңгеге немесе 95,2 пайызға орындалды.

2023 жылы мал басының өсімі өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 61400 бас немесе 98,0 пайызға, уақ мал 342218 бас немесе 90.1 пайызға кемісе, жылқы 19500 бас немесе 100,0 пайызға, түйе 10463 бас немесе 107.5 пайызға артқан.

Жоғарыда Отырар ауданы бойынша өнеркәсіп саласында ілгерілеу бар екені Жансұлтан Сейітжановтың аузынан айтылып қалды дедік. Мысал келтірейік. 2023 жылға өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық жоспары 19 миллиард 620 миллион теңгеге бекітіліп (нақты көлем индексі — 103,8%), қаңтар-желтоқсан айлары аралығының статистикалық мәліметіне сәйкес, 20 миллиард 462 миллион 238 мың теңге болып, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 18,8 миллиард теңгені көрсеткен болатын.

 Мұнан бөлек 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында
518,4 миллион теңгеге 19,6 шақырымды құрайтын 10 ішкі көше және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 417,9 миллион теңгеге 24,3 шақырымды құрайтын 17 көше орта жөндеуден өткізілген екен.

Облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл» автокөлік жолының 32-101 шақырым аралығына (70 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстары 4 кезеңге бөлініп атқарылу үстінде.

Анықтама үшін айта кетейік: аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдарының ұзындығы 863,25 шақырымды құрайды. Оның ішінде 587,83 шақырым жол — қанағаттанарлық жағдайда (68 %).

Атап айтсақ:

— облыстық маңыздағы жолдар — 325,9 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 192,28 шақырым (59%);

— аудандық маңыздағы жолдар — 109,65 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 90,15 шақырым (82,22%);

— ішкі көшелер — 427,7 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 305,4 шақырым (71,4%). Оның ішінде:

— асфальт көше — 305,4 шақырым;

— тас көше — 55,6 шақырым;

—    топырақ көше — 66,7 шақырым.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан каналдарды тазалау, жабық ойын алаңшасын салу, тоспаларды жөндеу, көшелерді жөндеу секілді бірқатар сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан заң аясында тұщымды жауаптар берілді.

Кездесуден соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ауыз су, жайылымдық жер, жұмыссыздық мәселелері бойынша жолдаған сауалдарына нақты жауаптар беріліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Алдымен ауызсумен қамтуға байланысты қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтайық.

Аудан бойынша 35 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған (50718 адам немесе 98,2%), қалған Бестам, Сырдария, Ақкөл елді мекендерін  ауыз су жүйесімен қамту үшін бірқатар жұмыстар атқарылды.

2023 жылы Бестам (халық саны — 151) елді мекенін ауыз сумен қамту құрылысына ұлттық қордан 174 миллион 245 мың теңге қаржы  қаралып, бүгінде өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың шілде айына белгіленген. Мердігер — «Карат-Z» ЖШС.

Аудан бюджеті есебінен Сырдария елді мекенінің ауыз су жүйелері құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп (МПК-Проект ЖШС), сараптама қорытындысы алынған. Жоба құны 360,707 миллион теңгені құрайды. 2024 жылы бюджеттен қаржы қарастыру мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тиісті құжаттары тапсырылды.

Ақкөл елді мекенінің жер асты су қоры анықтау үшін Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты суын іздеу барлау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер ретінде «Нурпромсервис» ЖШС анықталған.

Сондай-ақ, Сарыкөл, Отырар елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне аудандық бюджеттен 17 миллион теңгеге қарастырылып,  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Балтакөл, Маяқұм, Аққұм және Жаңа Шілік елді мекендеріндегі ауыз су желілерінің тозығы жетуіне орай күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, 2023 жылы сараптама қорытындысы алынған. Анықтама үшін айта кетейік: Жоба құны: Маяқұм елді мекені – 1 миллиард 297,9 миллион теңге, Аққұм елді мекені – 891 миллион теңге, Жаңа Шілік елді мекені – 653,2 миллион теңге, Балтакөл елді мекені – 1084,4 миллион теңге.

Аталмыш жобаларды жүзеге асыру үшін Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашалық басқармасына тиісті құжаттары тапсырылуда.

2024 жылы Ақтөбе, Ескі Шілік елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Анықтама үшін тарқатып айтсақ: «Отырар-Қызмет» МКК 17 елді мекенге: халық саны — 22188, абонент саны — 3580: Пайыздық үлеске халық санымен шаққанда – 43%. (Балтакөл, Көлқұдық, Үштам, Маяқұм, Шеңгелді, Көксарай, Аққұм, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе, Сарыкөл, Отырар, Костерек, Арыс (Ақтам), Жанкел, Ызакөл);

Шәуілдір топтастырылған су жүйесі өндірістік бөлімшесі 12 елді мекенге: халық саны — 27977, абонент саны — 4656: Пайыздық үлеске халық санымен шаққанда – 54,2% (Шәуілдір, Қызылту, Қоғам, Ынталы, Талапты, Арыс, Шойманов, Шытты, Көкмардан, Қарғалы, Темір, Бестораңғыл);

«Қазақстан темір жолы» АҚ 6 елді мекенге: халық саны — 553, абонент саны — 113: Пайыздық үлеске халық санымен шаққанда – 1 % (Отырабат, Ұзынқұдық, Ақшоқат, 37 разъезд, Қарақоңыр, Қостүйін).

Ал жер қатынастары саласына ойыссақ. Аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 640 109 гектарды құрайды. Оның ішінде суармалы жерлердің үлесі — 43 492 гектар, жайылымдық жерлер — 594 890 гектар, шабындық жерлер — 1294  гектар, көп жылдық екпелер 433 гектарды құрайды.

Ауданда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес 42 789,9  гектар жердің қаулылары жойылып (оның ішінде: 634,7 гектары суармалы, 41,950 гектары — жайылым, 205,1 гектары — шабындық), ауданның арнайы жер қорына қайтарылды (2023 жылға жоспар 41 мың гектар болатын).

Сондай-ақ, агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 14 042,8 гектар жерлері анықталып (оның ішінде: суармалы — 874,8 гектар, жайылым — 13 168 гектар), тізімі 2023 жылы Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданған.

Бүгінде аудан бойынша 50,6 мың гектар ортақ мал жайылым пайдалануға берілген. Сонымен қатар, ортақ жайылымды ұлғайту мақсатында пайдаланылмай жатқан 30,0 мың гектар жерлер қайтарылып, ортақ мал жайылымға берілуде.

Анықтама үшін нақтылай кетсек, 2023 жылы 2 конкурс ұйымдастырылып, 27 758,1 гектар жер учаскесі жеке және заңды тұлғаларға берілді. Сондай-ақ, жыл басында 1 аукцион өткізіліп, жер учаскесінің жалдау құқығымен сатудан жергілікті бюджетке 7 миллион 048 мың теңге түсірілді.

Жұмыссыздық демекші, Отырар ауданында 2023 жылы «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында 3595 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланып, 4371 азамат жұмыспен қамту шараларына жолданды.

Оның ішінде:

— тұрақты бос жұмыс орындарына — 1993 азамат;

— қайтарымсыз мемлекеттік грант — 65 азамат;

— кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға — 723 азамат;

— субсидияланатын жұмыс орындарына — 1316 азамат;

— жастар практикасына — 280 азамат;

— әлеуметтік жұмыс орындарына — 237 азамат;

— қоғамдық жұмыс орындарына — 690 азамат;

— алғашқы жұмыс орнына — 64 азамат;

— күміс жас жобасына 45 азамат жолданды.

Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасы аясында 669 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданды.

Ұлттық жоба «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» аясында
18 жобаға 107 азамат жұмыс орнына жолданды.

2023 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 306 отбасы (1905 адам) өтініш білдіріп, 129 миллион 133 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек берілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жасқа дейінгі 586 баласына 23 миллион 297,9 мың теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

Халықтың неғұрлым әлжуаз топтарының өтініштері «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» комиссиясында қаралып, 256 азаматқа 30 миллион 34,3 мың теңгеге қаржылай әлеуметтік көмек берілді.

Нәтижесінде аз қамтамасыз етілген азаматтардың жалпы халыққа шаққандағы үлесі 3,7 пайызды құрап отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin