Түркістан облысы: Өңір басшысы Төлеби ауданының әкіміне ауыл шаруашылығын жандандыру бойынша жұмыс атқаруды тапсырды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активімен кездесті. Көшпелі мәжілісте ауданның өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып, жұмыс барысындағы олқылықтарды қатаң сынға алды. Аудан әкіміне тапсырмалар берілді. Қызметіне сәйкес келмейтін басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге шара көрілетіндігі тайға таңба басқандай айтылды.

Мәжілісте Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев 2022 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Барлық саладағы көрсеткіштер баяндалып, қаржыны талап ететін жобалар ортаға салынды.

«2022 жылы облыстық маңызы бар 230,7 шақырым жолдың қанағаттарлық жағдайы 96,1%, аудандық маңызы бар жолдар – 144,05 шақырым, жарамдылығы 90,3%, елді мекендердің ішкі көшелері – 680,1 шақырым, қанағаттанарлық жағдайы  80,1%  жетті. 22 ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізуге 241 миллион теңге, облыстық бюджет есебінен 232 миллион теңге, 2 аудандық маңызы бар жол орта жөндеуден өткізу үшін 50 миллион теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. “Ауыл — ел бесігі” жобасы аясында 2 елді мекеннің мекеннің 2 ішкі көшелерін орта жөндеуден өткізуге 60 миллион қаржы бөлінді.

2023 жылы 17 елдімекеннің 18 ішкі көшесін орта жөндеуден өткізу 433 миллион қаржы қарастырылды. «Ауыл — ел бесігі» бойынша 7 елді мекеннің 29 көшесін орта жөндеуден өткізуге 835 миллион теңге бөлінеді.

Былтырғы жылы 4 елді мекенге 6,2 шақырым тас төселіп, 2023 жылы 2,4 миллион теңге 1 елді мекеннің 0,5 шақырымына тас төселеді. 2022 жылы 5,4 шақырымға аяқ жол салынса, биыл 2.8 шақырым аяқ жол салу жоспарлануда. 2023 жылы Жаңаұйым, Ұйымшыл, Мәдени елді мекендерінің 3,7 шақырымына су ағар (лоток) орнатуға 58,7 миллион теңге қарастырылды.

Ленгір қаласы мен 14 елдімекеннің 18 көшесіне  38,2 шақырым түнгі жарық орнатуға 105 миллион теңге қарастырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 10 елдімекеннің 12 көшесіне құны 60 миллион теңгені құрайтын түнгі жарықтандыру орнатылады.

Елді мекендердегі жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары 2022 жылы 8513 гектар жер болса, жоспар толығымен орындалды. Сондай-ақ, былтыр меморандум негізінде 22 151 гектар жер қайтарылды. Жалпы, 2022 жылы  қайтарылған жер көлемі 30 664 гектар. Биыл бұл көрсеткіш — 9000 гектар, қазіргі кезде бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі  мен «Кселл» АҚ арасында түзілген меморандумға сәйкес мемлекеттік – жеке меншік әріптестік аясында халық саны 250 тұрғыннан төмен 13 елді мекендеріне мачталық антенна орнату жұмыстары және 4 елді мекендеріне жаңғырту (модернизация) жұмыстары жүргізілуде. Ауданымыздағы 12 қала, ауылдық округ әкімі аппараттары опто -талшықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. 67 мектеп (34 мектеп опто-талшықты желіге қосылған. 32 фельдшерлі амбулаторлы пунктілер интернет желісіне қосылған.

Қоғамдық орындарда қазір тегін wi-fi желісі 3 жерде қойылған. Ленгер қаласы Мәдениет үйі алаңында, Жастар саябағында және Тәуелсіздік саябағында. Интернет қызметінің жылдамдығы 30-40 Мбит/с-ты құрайды.

Төлеби ауданында 23 мекен-жайға 46 бейнекамера орнатылды. Ленгер қаласы-17 жерге 33 камера орнатылған, оның ішінде 7 камера көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына орнатылған.

Төлеби ауданында 4 елді мекенінде Зертас,  Қасқасу, Қоғалы, Жоғарғы Ақсу «Қазақтелеком» АҚ-ның «eQoldau» терминалының интернет желісіне ашық қолжетімділік пункті іске қосылған.

Тамақ өнеркәсібі — халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырса, аудан аумағында бұл саланы жетілдіруге барлық жағдай жасалған.  Ауданда тамақ өнеркәсібін жандандыру үшін инвестиция да тартылуда.

«АДС АГРО» ЖШС құны 600 млн болатын инвест жобаны іске қосып,  ет өнімдерін вакуммен орау цехын іске қосуды ойластыруда. «Қазығұрт бақтары» АШӨК  190 млн.тг. теңге қаржы жұмсап, 80 га шие егуді ойластыруда.

Кемеқалған ауыл округінде құны 1 млрд 123 млн теңге болатын жер көлемі 13 гектарды құрайтын сыйымдылығы — 1040 текше метр. «Қарақуыс» су қоймасының құрылыс жұмысын бастауға 200 млн теңге қаржы қарастырылды.

2022 жылы Ленгір қаласында 180 пәтерлі 9 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, нәтижесінде 10 974  шаршы метр іске қосылды. Ленгір қаласы І мөлтек ауданы аумағынан 9 дана 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыстарының сметалық құны 7 млрд 786 млн теңге болатын және Базарная және Қ.Дүйсемұратұлы көшелеріндегі 5 қабатты 40 пәтерлі 4 дана тұрғын үйлердің сметалық құны 1 миллиард 817 миллион теңгені құрайтын жобалар әзірленіп, сараптамалардың оң қорытындылары алынып қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылды.

Ал, Алатау мөлтек ауданындағы 3 класстағы тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптамадан өткізу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілуде.

Халықты тұрғын үй салуға жер телімдерімен қамту мақсатында 216,7 гектар немесе 1007 жер телімін құрайтын 5 (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) елді мекенде инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Ленгір қаласының Алатау, Шаңырақ мөлтек аудандарында инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін  жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Алатау мөлтекауданындағы инженерлік-коммуникация құрылысына (электр жүйесімен жарықтандыру) 200 миллион және автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстарын жүргізуге 1 миллиард 199 миллион теңге қаржы қарастырылды.

Ленгір қаласындағы Төлеби – Ә.Бектаев көшелерінің қиылысындағы шатқалда, Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аудан бюджетінен 39,9 миллион теңге бөлініп, елді мекендерді абаттандыру мен көркейту жұмыстары атқарылды. Төлеби- Ә.Бектаев көшелерінің қиылысындағы шатқалға «ETNO – АYYL» жобасы бойынша облыстық бюджеттен 44,0 миллион теңге бөлініп ұлттық дәстүр бойынша («Алтыбақан», «Киіз үйлер», «Мафтар») орнатылды.

Ленгір қаласындағы орталық саябақты ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудан орталығынан Зертас елді мекеніне шыға берісіндегі жол бойына Төле баба монументі тақтайшасын орнатылды.

Сарқырама елді мекенінің  1,5 гектар аумағына жеке кәсіпкер демеушілігімен саябақ салынды. «Үздік елді мекен», «Үздік көше» және «Үздік аула» номинациясы бойынша жүлдегер атанғандарға балалар ойын алаңшасы орнатылды. Бұл бағытта бюджеттен  37,5 миллион теңге  бөлінді.

2023 жылы аудандық тұрғын үй бөлімі арқылы үздік атанған елді мекендерге балалар ойын алаңшасын орнату, Ленгір қаласындағы Тәуелсіздік саябағын ағымдағы жөндеу,   1 мөлтекауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.

2022 жылы Бірінші Мамыр ауылдық округінен құны 6,7 миллион теңгені құрайтын «Халыққа қызмет көрсету кеңсесі» іске қосылды. 2023 жылы Ленгер қаласынан 4 авто машинаға арналған өрт сөндіру депосының (бекет) құрылысына 438,9 миллион теңге, Бірінші Мамыр елді мекенінің бас жоспарына өзгертулермен түзетулер енгізуге 5,4 миллион теңге. Біркөлік (757 гектар) және Қасқасу (300 гектар) елді мекендерінде орналасқан туристік-рекреациялық аймақ үшін егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуге  56,9 миллион теңге қаржы қаралды.

2022 жылға 4 нысанның құрылысын жүргізуге 764 миллион теңге қаржы қарастырылды.

Ленгір қаласындағы 200 орындық №6  мектеп құрылысына 734 миллион теңге;

Ленгір қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылысы 10 миллион теңге;

Зертас елді мекеніндегі Шомшақты орта мектебіне 150 орындық оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт зал және әкімшілік бөлмелерінің құрылысына 10 миллион теңге;

Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебінің құрылысына 10 млн теңге қаржы қаралды,  нысандар құрылысы жалғасуда.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 мектептің құрылысын жүргізуге 415 миллион теңге, 1 мектепті күрделі жөндеуге 259 миллион теңге қаржы бөлінді.

2023 жылы аудандық балалар музыкалық мектебіне қосымша ғимарат құрылысына 100 миллион теңге, “Ауыл – ел бесігі” бойынша 1 мектепті күрделі жөндеуге 280 миллион теңге қаржы қаралды.

Ауданда ауыз су мәселесі өзекті болып тұр. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бағытында қосымша бұлақ көздерін ашу, жер асты су қорларын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Слайдта елді мекендердегі ауыз су абоненттерінің саны мен қажетті су мөлшері көрсетілген.

Ауыл шаруашылығы саласының өнім көлемі 2022 жылы 61,6 миллиард теңгені көрсетті.  Егін шаруашылығы саласында 24 млрд 446 миллион теңгенің өінімі өндіріліп, 2023 жыл  28 миллиард 500 миллион теңгеге көтеру, мал шаруашылығы саласында 37 миллиард  238 миллион теңгені құраса, 2023 жыл  жоспарды 39 миллиард 354 миллион теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. Былтыр жеке  кәсіпкерлер Н.Муратов, Б.Тойлыбаев балық өсіру шаруашылығын қолға алып, 100 миллион теңге көлемінде инвестиция тартып, бүгінде арнайы бассейнде 13 мың дана сазан балығын өсіруде. Кемеқалған ауылдық округінде «Қазығұрт бақтары» АШӨК — 500 тонналық қойма құрылысын өз қаржысы есебінен жүргізуде.

Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2022 жылдың  қорытындысы бойынша 23 млрд теңге инвестиция тартылған. 2023 жылы 28,6 миллиард теңгені құрайды деп болжануда.

Өнеркәсіп саласында ауданымызда 20 кәсіпорын, оның ішінде 2 ірі және орта, 15 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс атқаруда. Өнеркәсіп саласында 2022 жылы 41 миллиард 480 миллион теңгенің өнімі өндірілсе, 2023 жылы оны 46 миллиард 126 миллион теңгеге көтеру жоспары бар.

2022 жылдың қорытындысы бойынша  129,1 миллиард теңгені құрады. 2023 жылы бұл көрсеткішті 136 миллиард теңге немесе 103,5 пайызға жеткізу жоспарлануда. Жалпы аудан бюджетінің  кіріс жоспары 2 млрд 477 миллион теңгені құраған.

2023 жылы өнеркәсіп саласында 2 инвестициялық бастауын тауып, толық 2024 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Олар: Ленгір қаласынан «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехын іске қосу бағытында құны 1 миллиард 551 миллион теңгеге инвестиция тартып, нәтижесінде 150 адам жұмыспен қамтылады. «Аймар құс» ЖШС қуаттылығы жылына 440 мың дана құс өсіруді жоспарлап, құны 4 миллиард теңгені құрайтын жобаны іске қосып, 24 адам жұмыспен қамтылады.

Кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 8764, жұмыспен қамтылғандар саны  – 16 699 адам.  2023 жылы 17 500 адам тұрақты жұмысқа ие болады деп жоспар құрып отырмыз.  Кіші және орта бизнесті дамыту үшін 2022 жылы 6100 жеке азаматтарға 3 миллиард 921 миллион теңгенің несиесі берілді. Аудандағы бөлшек сауда көлемі 2022 жылы 13,4 миллиард теңге болса, 2023 жылы бұл көрсеткішті 14,5 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы мен «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы арқылы жеке кәсіпкер Э.Еспенбетова Диханкөл елді мекенінде “Дихан Тау” саумалы сауықтыру орталығын іске қосты. Көксәйек ауылдық окургінде «Сақ» демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде.

Туризм  бағытында  76 нысан демалыс аймағы, 64 саяжай қызмет көрсетеді.  Олар: 1 шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру орны, 71 демалыс аймағы.  2022 жылы  41 488 демалушы келген. Бүгінгі күнге балық шаруашылығы, тамақтану қызметі және сақ моншасы іске қосылды. Кемеқалған ауылдық округіндегі «Алма-тау» тау курортында бүгінгі күнге қосымша қонақ үй және спорт кешенінің құрылысы жүргізілді.  Тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік – рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым жүйепері тартылуда. Төлеби ауданының әлеуеті туризмді дамытуға қолайлы болғандықтан, бұл салаға тартылған инвестиция көлемі де артуда.

Туризмді дамыту мақсатында Қаратөбе ауылдық округі аумағынан кәсіпкер Жұмағұлов Ерболат Нұрланбекұлы «Нұрлы сан» демалыс аймағын іске қосуды жоспарлауда. Тартылатын инвестиция көлемі — 1 миллиард  500 миллион теңге. Демалыс аймақ аумағына 45 коттедж,  сауықтыру орталығы, футбол алаңы мен бассейн, теннис алаңдарының құрылысы жүргізіледі деп күтілуде. Жоба іскен жағдайда 65 адам маусымдық, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Балдыберек елді мекенінен 200 адамға арналған спорттық-сауықтыру орталығы іске қосылады деп күтілуде. Жеке кәсіпкер Құралбеков Нұрдәулет Құралбекұлы 6,8 гектар аумаққа 26 коттедж, бассейн, стадион, теннистік корт, жабық спорт кешені, кіші футбол алаңшасы мен жүгіру жолағын салуды жоспарлауда. Жоба құны — 800 миллион теңге.  Жүргізу үшін облыстық бюджеттен 1 миллиард 050 миллион теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, туризм саласына жылдың соңына дейін 3 миллиард 757 миллион теңге инвестиция тартылып, 25 жұмыс орны ашылады.

Аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны — 48,6 мың адам. Жұмыспен қамтылғандар — 46,2 мың адам. Жұмыссыздар саны — 715 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады. Жалпы әлеуметтік салаға  2023 жылы 2 миллиард 483 миллион теңге қаржы қаралса, оның ішінде алеуметтік пакетке 75,4 миллион теңге,  атаулы әлеуметтік көмекке 455,7 миллион теңге, қоғамдық жұмыстарға 579,6 миллион теңге, жаңа бизнес идеяларына арналған гранттарға 124,2 миллион теңге қаралып, «Жастар практикасы», «Күміс жас»,  «Алғашқы жұмыс орны» жобалары жүзеге асуда.

2022 жылы Алғабас, Екпінді және Жамбыл елді мекендерінде фельдшерлік-акушерлік пункті құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.  2023 жылы  Кеңесарық,  Зертас, Жаңажол, Диханкөл  елді мекендерінде 4 фельдшерлік-акушерлік пункттің   құрылысына, Аққұм елді мекенінде  1 дәрігерлік амбулатория құрылысына  жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.

Былтыр аудан аумағында 994 мәдени іс-шарасы өткізілді. Аудан өнерпаздары облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардан  5 – бас жүлде, 4-  І – орын, 7-  ІІ – орын, 7-  ІII – орындарды иеленді.

Қазіргі кезде, мәдени ошағы жоқ Аққұм және Киелітас ауылдық округтерінде ауылдық мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Қайнар, Қаратөбе елді мекендеріндегі ауылдық клубтарын және аудандық мәдениет үйінің үлкен залын ағымдағы жөндеуге 23,4 миллион теңге қаржы қаралды.

Былтыр ауданның 90 жылдығына, өткен аптада Төле бабаның 360  жылдығына орай, ұлттық спорттың 7 түрінен облыстық деңгейде «Көшпенділер ойыны» сайысы ұйымдастырылды. Спорт саласы бойынша 2022 жылы 130 іс-шара өткізілді.

Былтыр аудан жастары Әлем және Азия біріншіліктеріне қатысып,  8 жүлде, Халықаралық жарыстарда 31 жүлде, Республикалық жарыстарда 130 жүлде және облыс біріншіліктерінде 750 жүлдеге иеленді.

3 футбол және баскетбол алаңшалары орнатылып,  «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің және футбол алаңшасының құрылысына Ұлттық қор есебінен қаржы қарастырылды.

Кешеннің құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Зертас елді мекенінен құны 517,8 миллион теңгелік спорт кешендерінің жоба-сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынып  қаржыландыруаға ұсынылды. Жалпы құны 926 миллион теңгелік Көксәйек елді мекенінен кешенінің құрылысын бастауға 2023 жылға 350 млн теңге қаржы қарастырылды.

Ұлттық қор есебінен Екпінді, Біркөлік елді мекендерінің электр жүйелері мен трансформаторын орнатуға 110 миллион теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Республикалық бюджет есебінен Тағайна елді мекенінің 11 көшесіне электр жүйесі мен трансформатор орнатуға 120 миллион теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Төрт елді мекеннің электр желілері мен трансформатарлары ауыстырылуда. 3 жобаның  құрылысы биылғы жылы жалғасын табуда.

Жоба  құны 2 миллиард 169 миллион теңгені құрайтын Ленгір қаласы «Алатау» мөлтек ауданындағы 2,0 гектар жер теліміне 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде.  Сондай-ақ, 29 елді мекеннің 73 көшесінің  электр желілері және трансформаторлары ауыстырылады.

Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 51-і орталықтанған табиғи газбен қамтылған.  Бүгінге қалып отырған 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Құрылыс жұмыстары шілде айына дейін аяқталып, жыл соңына дейін аудандағы 55 елді мекен 100 пайыз орталықтанған газбен қамтылатын болады.

Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 54-і (98,2%) орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекеннің (Жаңакүш) ауыз су құбырын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, құны 287 млн теңгеге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, 2022 жылға қаржыландыру үшін тиісті салалық  басқармаға құжаттары  ұсынылды. 2023 жылы мәселе шешімін тапса, аудан аумағы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылады.

Аудан орталығы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Көктерек» су тазалау ғимаратының құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ленгір қаласындағы кәріз жүйесіне қатысты мәселені шешу мақсатында “3-Кәріздік тазарту қондырғысының” (КОС-3) құрылысын жүргізу  қолға алынды. Жоба құны  2,6 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізілуде» — деп, Төлеген Телғараев біраз деректен хабардар етті.

Төлебидің даму барысы талқыланған мәжілісте Дархан Сатыбалды аудан әкіміне инвестиция тарту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы ақпарат беру, ауыл шаруашылығын жандандыру, инфрақұрылымды жақсарту, білім саласын жаңғырту және өзге де мәселелер бойынша жұмыс атқаруды тапсырды. Басқарма басшыларымен бірлесе еңбек етуді жүктеді. Әрбір орынбасар мен бөлім басшыларының уәждері тыңдалды.

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданың экономикалық-әлеуметтік дамуындағы кедергілерге тоқталды. Анықтаған бірқатар кемшіліктер бойынша қолға алынатын шараларды баяндап берді. Негізгі көрсеткіштер төмендеген. Төлеби ауданындағы ғимараттар мен оның аумағының тазалығы сын көтермейтін, күл-қоқысқа толған нысандардың жауапты басшылары қатаң сынға алынды. Мәдениет және білім беру нысандарының күтіп-ұстауы — төмен деңгейде. Тоз-тозы шығып, қираған демалыс орындарындағы жағдайды ретке келтіруге бір ай уақыт берілді. Көшелер мен жол сапасына сын көп.

– Бүгін біз Төлеби ауданындағы өзекті мәселелерді талдауға және олардың шешу жолдарын қарастыру үшін жиналып отырмыз. Заң бәрімізге ортақ, талап та қатты болуы тиіс. Ауданда шешімін таппаған мәселелер көп. Экономикалық, әлеуметтік салалар бойынша, сондай-ақ, инфрақұрылым бойынша атқарылып жатқан жұмыстарда кемшіліктер көп. Оларды жою үшін бір ай мерзім беремін. Сіздердің арттарыңызда ауданның 120 мың халқы тұр. Сондықтан өз міндеттеріңізді атқарарда жауапкершілік жүгін сезіне білген жөн. Талап өте жоғары. Қолдан келмесе, орынды босатыңыз. Халыққа шын жаны ашитын азаматтарға жоо беріңіз. Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесе аудан бюджетінің түсімдерін ұлғайтуды қолға алыңыз. Ауданның дамуы бойынша басты бағыттарды белгілеп, даму жоспарын әзірлеп, ауданның инвестициялық климатын жақсарту қажет. Білім саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешуге күш салу керек. Туризмді дамыту керек. Жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді тапсырамын. Тек бюджетті игерумен отырсақ, іс алға баспайды. Іскерлікті көрсететін кез келді, – деді Дархан Сатыбалды.

Облыс әкімі білім, мәдениет, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, спорт, денсаулық сақтау, абаттандыру, тазалық сақтау, жастарға қолдау көрсету жұмыстарын да ұдайы назарда ұстауды тапсырды. Кемшілікке жол берген басшыларға ескерту берді.

Жаңа форматтағы кездесулер алдағы уақытта барлық аудан, қалаларда жалғасады. Облыс әкімінің басшылығы тарапынан мәселелер ашық айтылып, шешу жолдары қаралады. Барлық сала зерделенеді. Осы арқылы өңірді дамыту жұмыс сапасын жақсарту, елдің өтініштері мен ұсыныстарын сапалы орындау, облыстың даму көрсеткішін жақсарту көзделіп отыр.

Жұмыс сапарында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарын аралап көрді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.