Түркістан облысы: 30-ға жуық колледж студенті Түркия мемлекетінде кәсіптік тәжірибеден өтеді

Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің 2023-2027 жылдарға арналған жылдық жоспары аясында халықаралық ақпараттық қоғамға бейімделген жаңа мамандарды тәрбиелеу бағытында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқитын білім алушылардың академиялық ұтқырлығын енгізу және шетелдік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен шетелдік компаниялармен халықаралық ынтымақтастық бойынша Түркия елінің озық инновациялық технологияларын игеру, үйрену мақсатында “Caspian Center” ЖШС-мен 2024 жылы 18 қаңтарда меморандум түзілген.

Осыған орай Түркия мемлекетінің Анталия, Бодрум, Кемер қалаларына ағымдағы жылдың 2 мамыр — 30 қазан аралығында 27 білім алушы, 1 арнайы пән оқытушысы кәсіптік практикадан өтуге аттанды.

Дуальді оқыту жүйесі бойынша әлеуметтік серіктестіктер: «DALA CONSTRUCTION» ЖШС, «DALA-FRUT.KZ» ЖШС, «АЙ-Сервис Транс» ЖШС, «БАРЫС 2007» ЖШС, «Ксюша» ЖСШ, «Бөрте Милка» ЖШС, «Shmkent Bus» ЖШС.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin