Түркістан – түркі әлемінің туристік астанасы: Түркістанда «Шығыс базары» түркі халықтарының қолөнер шеберлері симпозиумы өтіп жатыр

Бүгін Түркістанда «Шығыс базары» түркі халықтары қолөнер шеберлерінің симпозиумы басталды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, көрме жұмыстарын аралап көрді. «Түркістан – түркі әлемінің туристік астанасы» атануына байланысты ұйымдастырылып отырған симпозиумға Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен және еліміздің әр аймағынан озық үлгілі 30-ға жуық қолөнер шебері қатысып жатыр.

Көпшілік назарына облыстағы өнер шеберлерінің қатысуымен ұлттық бағыттағы концерттік бағдарлама ұсынылды. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртістері дәстүрлі және халық әндерін орындап, қонақтарға қазақ өнерін таныстырды. Сонымен қатар «Алқоңыр» фольклорлық ансамблі мен «Самғау» би ансамблі өнер көрсетті.

Облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткіп жатқан іс-шара екі күнге жоспарланған. 7-9 маусым күндері қала тұрғындары мен қонақтары «Этноауыл» аумағынан тамашалай алады. Симпозиумға қатысушылар қолөнер түрлері зергерлік, керамика, тоқыма, ұлттық киімдер тігу, құрақ тігу, кесте тігу, киіз басу, ағаш ою, былғарыны көркемдеп өңдеу және басқа да түрлері бойынша қатысуда. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, іс-тәжірибе алмасу шаралары, шеберлік сағаттары өткізіледі.

Қолөнер шеберлерінің көрме-жәрменкесінің мақсаты түркі халықтарының ұлттық қолөнерін дамытуға, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсетуге, олардың жасаған бұйымдарын түркі халықтары арасында кеңінен насихаттауға, атадан мұра болып келе жатқан қолөнерді жастарға үйретуге, іс-тәжірибе алмасу мен шеберлік сағаттарын ұйымдастыруға, сонымен қатар түркі мемлекеттер арасында мәдени байланысты нығайту және туризмді дамытуға ықпал етуге бағытталған.

Айтпақшы, ХІХ ғасырдың көлігі «Пәуескені» енді «Ұлы Дала Елі» Орталығында тамашалай аласыздар. Бұл жәдігерді 2011 жылы Түркістан қаласынан ашылған Тарихи-мәдени этнографиялық орталық қорына Кентау қаласының тұрғыны Жанұзақұлы Сағымбай сыйға берген болатын.

Пәуеске (Тарантас) – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қолданыста болған көлік түрі.

Пәуеске – жабық төрт доңғалақты ат арба. Ол әдетте ұзақ сапарларда қолданылды, арнайы бойлық бекітпелер арқылы жолдағы қозғалыс кезінде сілкіністерді азайқан. Пәуескеде бір мезгілде үш-төрт жолаушыны тасымалдай алады.

Пәуескеге екі атты бойлық жолақтар арқылы бекіткен, орындықтың алдыңғы және артқы орындықтары, сонымен бірге корпустары былғарыдан жасалған. Арбаны қолданысына қарай ат арба, өгіз арба, түйе арба деп жіктеген. Олардың әр қайсысының көлемі мен пошымы әртүрлі болып келеді.

Күйме – іші киізбен қапталған жабық ағаш қорапты, адам тасымалдауға арналған арбаның ерекше түрі. Күйме түрі туралы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мен «Қыз Жібек» жырларында сипатталады. Үсті тері, мата ағашпен жабылатын есікті арба саналатын күймелерді хандар, сұлтандар, ірі ауқатты байлар сияқты дала аристократтары қолданған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin