Түркістан: Қазығұрт ауданы әкімі ел өтінішін тыңдады

Қазығұрт ауданының әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Арман Айдарұлы қызметіне кіріскен күннен бастап Қазығұрт ауданының халқымен жүздесіп, арыз-шағымдарын тыңдап оң шешілуі жолында жүйелі жұмыстар атқарып келеді.


Оған дәлел бүгінгі өткізілген кезекті қоғамдық қабылдау барысы. Қабылдауға Қызылқия, Қақпақ, Сарапхана, Қазығұрт ауыл округтерінің тұрғындары түрлі жағдайлар бойынша өтініштерімен келген.

Атап айтсақ, А.Байдуллаев, К.Шерматова Қызылқия елді мекенінен тұрғын үй салу мақсатында, үй іргелік жер берілуіне ықпал етілуін өтінді.

С. Сманов өзіне тиесілі пай үлесі, өзінің келісімінсіз қолдан-қолға сатылып кеткендігін, айтып шағымданды.

Қақпақ ауылының бір топ аналары үйлеріне айлап ауыз су келмейтіндігін, Абай көшесінде орналасқан, Мұсабаев Тілләбектің үйінің алдында тұрған задвижканы алдырып тастауын өтініп келген.

Қақпақ ауылының тұрғындары Д.Балабекова, Г.Ахмадалиева үйіне газ кіргізе алмай сандалып жүргендіктерін айтып арызданды.

Сарапхана ауылының тұрғыны Ж.Бердібеков 29 сәуір 2003жылы Қазығұрт ауданы әкімінің №131 қаулысымен «Бердібек ата» шаруа қожалығына егістік – 21.81 га, шабындық – 7.05 га,, жайылым- 40.78 га жерлерді – «Дәуір 2002» ӨК 47 жылға жалға алған. Кооператив мүшесі Бердібеков Жамбыл өздеріне тиесілі жайылым жерлерді ала алмай 11.1 га жайылым жермен қалғанын айтып жеке кәсіпкер Есполов Нұрсұлтанның жерінен өзіне тиісті жерді қайтарылып берілуін өтінді.

Қазығұрт ауылының тұрғыны Ж.Пирназарова орталық саябақта жеке кәсіппен айналысып отырған көп балалы ана. ЖК аштырып жұмыс жасай беруге Қазығұрт ауыл әкімінен рұқсат алған. Дегенмен орталық саябақты арендаға алған жеке кәсіпкер 100 мың теңге төлейсің деп отыр, менің оны төлеуге шамам келмейді. Табысымның өзі 100 мыңға жетпейді деген шағымын айтып көмек көрсетілуін өтінді.

Қазығұрт ауылының тұрғындары А.Алибаева мемлекет тарапынан берілген коммунальдық үйінің төбесінен су өтетіндігін, өзінің жөндеуге жағдайы келмейтінін айтып жөндеуден өткізіліп берілуін өтінді.

Қазығұрт ауылының тұрғыны М.Тұрлыбекова үйге кезекке тұра алмай сандалғандығын айтып шағымданды.

Қазығұрт ауылының тұрғыны А.Тогизбаева үйне газ кіргізе алмай жүргендігін, үйдің кезегінде 127 болып тұрғандығын, үй кезегі қашан жылжитынын білуге келген.

Нәтижесесінде:

Қызылқия ауыл округінен тұрғын үй салып қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер сұраған өтініш иелеріне Қызылқия ауыл округі бойынша елді мекен шекараларын ұлғайту бойынша қазіргі таңда Аудандық жер қатынастары бөлімімен жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, алдағы уақытта елді мекен шекарасы ұлғайтылғаннан кейін заң талаптарына сай берілетіндігі түсіндірілді.

Сарапхана ауылының тұрғыны С.Смановтың өтініші бойынша, заң аясында кеңестер беріліп, қайтару жұмыстары жүргізілетіндігі түсіндірілді.

Қазығұрт ауылының тұрғыны көп балалы ана Ж.Пирназарованың өтініші бойынша арендаға алған кәсіпкермен сөйлесетіндіктерін, ешқандай қаражат төлемей жұмыс жасауға рұқсат берілді.

Қазығұрт ауылының тұрғындары А.Алибаеваның өтініші бойынша Қазығұрт ауылының әкімі Қ.Садықовқа жүктелді.

Қ. Садықов демеушілер тарапынан көмек көрсетуге әрекет жасайтынын жеткізді.

Қазығұрт ауылының тұрғыны М.Тұрлыбековаға заң аясында кеңестер беріліп, неке қию куәлігінің болмауына байланысты кері қайтқандығы түсіндірілді. Сонымен қатар үйдің кезегіне қоюға немесе Қазығұрт ауылынан инфра құрылым жүргізіліп біткеннен соң жер беруге ықпал етілетіндігі шешілді.

Қазығұрт ауылының тұрғыны А.Тогизбаеваның өтініші бойынша ауыл әкімі Қ. Садықовқа жүктелді.

Жалпы қабылдауға келген ауыл тұрғындары аудан әкімі Арман Айдарұлына және де партия тарапына алғыстарын білдірді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.