Түркістан: Қала әкімі тікелей эфирде жоспарлармен бөлісті

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков әкімдіктің әлеуметтік желі парақшалары арқылы тікелей эфирге шығып, шаһарда атқарылып жатқан жұмыстар барысын айтып өтті.


Қала басшысы қызметке кіріскелі бергі уақытта қаладағы құрылыс нысандарын аралап, жұмыстардың жүйелі жүзеге асуын бақылауда. Күнделікті шаһарды аралау жүргізіліп, бірқатар істердің ширатылуы тапсырылуда.

Онлайн жүздесудегі мәліметке сәйкес, Түркістан қаласында қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту ғимараты бар. Бүгінгі таңға пайдаланып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3 қамтиды. Сонымен қатар, 127 шақырым сарқынды су жүйесі мен 27 дана КНС бар. Қазірде 72 шақырым магистральды сарқынды су құбырларын қолданысқа енгізу іске асырылуда. Ал, жарық жүйесі бойынша қаланың 99,9%-ы жарықтандырылған. Барлығы 39937 абоненттің 31 617 абоненті сапалы электр қуатымен қамтылған. Қазіргі таңда, сапалы электр қуатымен қамтылмаған және тұрғындар жаңадан қоныстанған қала аумақтарын заманауи талапқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Олар: Сауран, Иассы және Шавгар мөлтек аудандары.

Ал, табиғи газбен қамтуда көгілдір отынның құбырлары жүргізілген қалада барлығы 52037 абонент бар. Оның пайдалануға берілген нысандар бойынша дербес шот ашып, газ пайдаланып отырғандар саны — 17821 абонентті құрайды. Одан бөлек қала басшысы құрылысы қарқын алған нысандар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, эфир соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Нұрбол Әбдісаттарұлы алдағы уақыттарда да карантин режиміне байланысты ғаламтор арқылы түрлі сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар жайлы айтып, сауалдарға міндетті түрде назар аударылатынын жеткізді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.