Түркістан қалалық «Тұрғын үй құрылысы» секторына бас маман қажет

Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты  Құрылыс бөлімінің «Тұрғын үй құрылысы» секторына бас маман қажет.

Орташа лауазымдық айлықақы- 236 338. Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы(классификаторға сәйкес)

Өнер,

Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша),

Жерге орналастыру,

Қызмет көрсету (білім беру саласы),

Кескіндеме,

Графика,

Мүсін,

Сәулет,

Дизайн,

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы),

Мемлекеттік және жергілікті басқару,

Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы),

Геодезия және картография,

Көлік, көліктік техника және технологиялар,

Жылу энергетикасы,

Электр энергетикасы,

Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша),

Құрылыс,

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру,

Көлік құрылысы,

Кадастр,

Бағалау,

Жобаны басқару,

маркшейдрлік ісі

Функционалды міндеттер

Түркістан қаласының 2022-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша тиісті тармақтарын орындалуын қамтамасыз етеді; Бөлімнің стратегиялық және жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді; Қаладағы бюджет арқылы жүргізілген құрылыс нысандарының атқарылған жұмыс көлемі туралы ф2, ф3 үлгісін қабылдайды, мемлекеттік қабылдау актілерін және техникалық түгендеу құжаттарының жұмысын  ұйымдастырып, бақылайды; Тұрғын үй бағдарламасын іске асыруын қамтамасыз етеді; Тұрғын үй құрылыс нысандарының инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымымен қамтамасыз етуін қадағалайды; Құрылыс кешендерін дамыту жөніндегі бағдарламаларды енгізуге және оны әзірлеуге мәлімет жинастырады; Жаңа құрылыстарды  көріктендіру, көгалдандыру, нығайту бағытында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді; Құрылыс жүргізіп жатқан мердігерлерге өзіне жүктелген міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін шара көру, сотқа құжаттарды жинақтауын,  дайындауын тиісті жұмыс жүргізеді; Бекітілген өндіріс кестесінен және алдын-ала төлем кестесінің нақты  орындалуын қамтамасыз ету; Құрылысы аяқталған нысандарды салалық бөлімдерге пайдалануға тапсыруын қамтамасыз етеді; Өзіне келіп түскен арыз-шағымдар, хаттар, тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын сақтау; Қала ішінде  төмендегі құрылыс нысандарының жұмыстарына бақылау жасайды; «Е-қызмет», «Е-өтініш», ЕСЭДО жүйесімен тиісті жұмыстарды жүргізеді;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.