Түркістан қаласындағы «Қамқорлық» жанұя орталығында қаржылық сауаттылық бағытында семинар-тренинг өтті

«Қамқорлық» жанұя орталығында қаржылық сауаттылық бағытында семинар тренинг өтті. Семинар тренингтің мақсаты — нәзік жандыларға қаржы сауаттылық негіздері, қаржылық мақсаттарды дұрыс қою, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі және өзгеде тақырыптар бойынша тереңірек түсінік беру.

Тренингті тәжірибелі бизнес-тренер Жандос Әзімбай жүргізді. Шарада қаржылық көрсетілетін қызметтер мен құралдарды пайдалана білу, меншікті қаржы қаражатын басқару дағдылары, халықтың қаржы жүйесі, оның жұмыс істеу қағидаттары мен қаржылық көрсетілетін қызметтер саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ, жеке инвесторлармен жұмыс жасау, қаржы нарықтарындағы бәсекелестік, қаржылық тұрақтылықта қолданылатын әдістер туралы толық мәлімет берілді. Одан бөлек, қатысушылар «Бастау бизнес» жобасы бойынша сауалдарына тұшымды жауап алды.

Еске салайық, Түркістан қаласының әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қамқорлық жанұя орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын биыл бастады. Орталықтың ресми ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысқан болатын.
Орталықтың мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және Түркістан қаласында тұратын көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың қиын жағдайларын еңсеруде ынтасын арттыру және қаржылық жағдайын түзеу.
Аталған орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған көп балалы, толық емес, аз қамтылған, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларына қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда осы орталық арқылы аталған санаттағы тұрғындарға құқықтық, психологиялық кеңестер берілуде. Сонымен қатар орталық тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында үй жағдайында табыс тауып, өз кәсібін игеруге қолдау көрсету үшін әртүрлі бағытта курстар ұйымдастырады. Қысқа мерзімде маман атанып, сертификат алған азаматшаларға мемлекет тарапынан ұлттық жобаның қатысушысы ретінде өтеусіз гранттар және қайтарымсыз негізде несие алуға мүмкіндік беріледі. Орталықтың сүйемелдеуімен кәсіптік курстарды бітірген 8 үміткер ұлттық жобаның мемлекеттік қайтарымсыз грантының жеңімпазы атанып үлгерді.

Жанұя орталығы тарапынан әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларын қолдау мақсатында «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Отбасы» банк және «Азаматтық кеңсе» сияқты мекемелермен меморандум жасалды.

Мұнда құқықтық және психологиялық кеңестер беріліп, кәсіп бастауға қолдаулар жасалып, әртүрлі бағытта курстар ұйымдастырылады. Бір терезе қағидасымен жұмыс жүргізетін орталықта 11 тегін оқу курсы бар. Атап айтқанда, наубайхана, кондитерлік, аспаздық, тігіншілік, сән салоны қызметтері, компьютерлік қызмет, қолөнер және тағы да басқа салаларды қамтып отыр. Ал фронт-офисте мемлекеттік бағдарламалар, гранттар бойынша кеңестер мен көмектер ұсынылады.

Азаматтарға арналған Үкімет, цифрлық қызмет, жұмыспен қамту бойынша қызметтер, «Qadam» білім беру жобасы, мемлекеттік қайтарымсыз грант, заңгерлік және психологиялық кеңестер, «Nәtije» әлеуметтік жобалары бойынша биыл жалпы 2260 қызмет көрсетіліп, 1400-ге жуық кеңес берілген. Жалпы 207 адам оқу курсынан өтсе, қазір 98 тұрғын білім алып жатыр. Қатысушылар қысқа мерзімдік курстар тігін, қолөнер, шаштараз, эстет косметологиясы, сән салоны қызметтері, балалар массажы, тәрбиеші және аспаз бағыт бойынша білімін жетілдіреді.

Өз кәсібін ашып, табысын арттырғандар саны 62-ге жетсе, 98 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. 286 адам демеушілер тарапынан қайырымдылық көмектерін алды. Атап айтқанда, өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы, толық емес, аз қамтылған, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кешенді кеңес беру арқылы әлеуметтік қолдау қызметтерін көрсетті. Түркістан өңірінің Жетісай, Сарыағаш, Сайрам және Ордабасы ауданында отбасын қолдау орталықтарын ашу жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin