«TURAN» арнайы экономикалық аймағында бірқатар өнеркәсіп орындары өз жұмысын бастады. Түркістанды индустриялық және инвестициялық орталық ретінде дамытуға арналған ерекше алаңның инвестициялық портфельінде қазіргі таңда 550 миллиард теңгені құрайтын 137 жоба бар. Олар еліміздің өндірістік әлеуетін арттырып, аймақтық экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді. Дәл осындай маңызды жобалардың бірқатары БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған пресс-тур аясында таныстырылды. Бұл жөнінде Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ең алдымен журналистер «PSI Mineral Technologies» ЖШС – тау-кен-металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауытқа барды. Бұл жоба жалпы 8,33 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартқан. Жоба толық іске қосылғанда 200 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қазірдің өзінде зауыт құрылысына 95% жергілікті тұрғындар, яғни Түркістан облысының тұрғындары тартылған. Зауыт ғимаратынан өзге, мұнда асхана мен 120 жатын орны бар жұмысшыларға арналған жатақхана салынуда.
Баспасөз туры барысында журналистер «Алтын дала мақта» ЖШС – ПВХ құбырларын өндіру зауытымен танысты. 6,7 миллиард теңге сомасында іске асырылып жатқан бұл жобаның болашақтағы өндірістік қуаты жоғары. Бүгінде зауыт тамшылатып суаруға арналған құбырларды шығаруда.
Пресс-тур аясында тілшілер қауымы «Түркістан мақта-агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС – мақта кластерін құру бойынша ірі жобаны аралап көрді. Келер жылы жүзеге асатын жобаның құны 146,8 миллиард теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасының құрамында жіп иіретін, мата шығаратын, бояп, өңдейтін 11 цех салынады. 2000-нан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша жылына 13000 тонна иірілген жіп, үйге арналған 50 миллион метр тоқыма бұйымдарын, 7 миллион төсек-орын жиынтығын шығарады. Өндіріс орнының қуаттылығы жыл сайын артып отырады.
Мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталған өндіріс орнының құрылысын «Xinjiang Lihua Group Co., LTD» компаниясы қолға алды. Компания әлемге танымал «Louis Vuitton», «Gucci» брендтерімен тікелей жұмыс істейді. Алдағы уақытта Түркістанда шығаратын жіптер мен маталарды әйгілі брендтерге сатуды көздеп отыр.
«TURAN» АЭА аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл жобалар ел экономикасын әртараптандыру және инвестиция тарту бағытындағы тиімді қадам болып есептеледі.
Жалпы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы 2018 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №693 Қаулысына сәйкес құрылған. Аймақтың негізгі миссиясы – Түркістан қаласының экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттыру, оны Түркі әлемінің рухани және іскерлік орталығына айналдыру. «TURAN» АЭА жалпы аумағы 3987 гектарды құрайды және 6 негізгі, қосалқы аймақтан тұрады.
Орайы келгенде айта өтер мәселе, Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізіліп келеді. Келесі жылы да облыс көлемінде тазалық, абаттандыру жұмыстары жалғасып, жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйелене түседі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде осы саладағы мәселелер талқыланды. Маңызды жиында өңір басшысы тазалық пен абаттандыру шараларын тек сенбілікпен шектемей, осы бағыттағы жұмыстарды ширата түсуді тапсырды.
– Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын келесі жылы да жалғастырып, апта сайын пысықтап отырамыз. «Таза Қазақстан» акциясы өмірлік дағдыға айналуы тиіс. Тұрғындар арасында да түсіндіру, экологиялық сауаттылықты көтеру жұмыстарын тоқтатпау керек. Әсіресе, облыс орталығы – Түркістан өзгелерге үлгі болуы тиіс. Бұл ретте полицияның да белсенділігі талап етіледі. Индустриалды аймақтарды тазалап, көгалдандыруды тапсырғанмын. Инвесторлар тарту үшін тазалық маңызды. Жұмысты ширатыңыздар. Күзгі ағаш егу науқанын сапалы атқару да маңызды. Осы аймаққа жерсінетін, өсетін ағаштар отырғызылуы қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Нұркен Аралбеков аудан, қалаларда абаттандыру, көгалдандыру және тазалығына жүргізілген мониторинг нәтижесі туралы баяндады.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» акциясы аясында бекітілген кестеге сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жыл соңына дейін бекітілген кестеге сәйкес, 807 тазалық шарасын өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда аудан, қалаларда жалпы 732 ауқымды сенбілік өткізілді. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтарын реттеу, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ келесі жылға бағдарлама аясында барлық мемлекеттік және жеке секторды қамтитын ауқымды іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара тек сенбілікпен шектелмей, бағдарламаны жаңа үлгіде өткізу бойынша Жол картасы әзірленуде.
Телеграмм бот платформасында бүгінгі таңда, 546 өтінім түскен. Оның ішінде: 529 өтінім орындалған, 1 өтінім орындалу барысында, 16 өтінім мағынасыз болғандықтан қайтарылды.
Облыс әкімінің тапсырмасымен Түркістан қаласындағы индустриалды аймақты секторларға бөліп, ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға 60 гектардан астам аумақ ретке келтірілді. Сондай-ақ бұл аймақта сенбі күні бекітілген басқармалар бірлесіп, жүмыс істеді. 880 ағаш отырғызылды және 2 шақырым жол бойы тазаланып, 1 шақырымнан астам жол жиегі әктелді. Бұл сенбілікке 9 басқарма немесе 315 мемлекеттік қызметшілер атсалысты.
Биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 113 мыңнан астам хаттама толтырылып 305,7 млн. теңгеге айыппұл салынды. Сондай-ақ абаттандыру қағидасына сәйкес іргелес жатқан аумақтың тазалығы бойынша 60 902 жеке тұрғын үй мен 29 954 кәсіпкерлік нысанына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 1 381 ескерту және 647 айыппұл салынған. Қағиданың сапалы орындау бағытындағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Жалпы «Таза Қазақстан» бағдарламасының өтуі тұрақты қадағалануда.
Жиында облыс әкімі тарапынан аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына тазалық, абаттандыру жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Жалпы, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасын ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингі әзірленді. Әкімдердің жұмысын бағалау барысында ауданда ұйымдастырылған сенбіліктің тұрғындардың қатысуы, сенбілікке тартылған техника саны, Полиция департаменті тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау, «Birge – taza Qazaqstan!» ақпараттық жүйесіне түскен өтінімдер бойынша кері байланыс орнату, тұрғын үйлердің және кәсіпкерлік нысандарының іргелес аумақтарының тазалығына мониторинг жүргізу сияқты критерийлер басшылыққа алынды. Бағдарламаны ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингісі туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аппарат жиынында баяндады.
Оның айтуынша, Түркістан қаласы және Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, аудандарының бағдарламаны ұйымдастыру көрсеткіштері жоғары деңгейді көрсетсе, Сарыағаш, Шардара, Түлкібас аудандары және Арыс, Кентау қалалары орта деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізді. Ал, аудандарда жұмыс төмен.
Аймақ басшысы қоқыс үйінділері жиі пайда болатын аумақтарға жергілікті полиция күштерін тарта отырып, рейдтік жұмыстарын жүргізуді, қоқыс тастамау жөнінде белгілер орнатуды және үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Бүгінгі таңда «Taza Qazaqstan» телеграмм бот платформасына 543 өтінім түскен. Оның ішінде, 526 өтінім орындалды, 1 өтінім – орындалу барысында, 16 өтінім мағынасыз болғандықтан, қайтарылған.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыстар облыс көлемінде күнделікті өткізілуде. Нақтырақ атқанда, қазіргі таңда облыста жалпы 712 ауқымды сенбілік өткізілді. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтарын реттеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 мыңға жуық хаттама толтырылып 305,7 млн теңгеге айыппұл салынды. Абаттандыру қағидасына сәйкес іргелес жатқан аумақтың тазалығы бойынша 60 902 жеке тұрғын үй мен 29 954 кәсіпкерлік объектісіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, 1 381 ескерту беріліп және 647 айыппұл салынды. Қағиданың сапалы орындау бағытындағы жұмыстар күнделікті жүргізілуде.
Бұдан бөлек, көппәтерлі 120 тұрғын үйдің сыртқы келбеттерін ретке келтіріліп жаиыр. Оның ішінде, 81 тұрғын үйдің сыртқы келбеті ретке келтірілді. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады.
Қазіргі уақытта елді мекендерді көгалдандыру бойынша 467 535 түп ағаш отырғызылатын орындар белгіленіп, тиісті жұмыс жүргізілуде.
Жауапты басқарма қызметкерлері Сарыағаш және Келес аудандарын қарасты елді мекендердің санитарлық тазалығының жай-күйіне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Анықталған кемшіліктерді ретке келтіру жұмыстары атқарылды.
Жалпы тазалық жұмыстарының тұрақты жүргізілуі, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауына алынған.
Айта кетейік, қазан айындағы көрсеткіштер бойынша бағдарламаны ұйымдастыруда Түркістан облысы елімізде ең үздік деп танылды.
Жиында Зұлпыхар Жолдасов жылыту маусымының барысы туралы баяндады. Бюджеттік мекемелер, тұрғын үйлер мен жылыжайларды қоса есептегенде өңірде жылыту маусымына қажетті көмір көлемі 684,1 мың тоннаны құрап отыр. Қазіргі уақытта 434,1 мың тонна көмір жеткізілген. Аймақтағы әлеуметтік маңызы бар нысандар: білім, денсаулық, мәдениет және спорт мекемелері көмірмен толық қамтамасыз етілген.
Тақырыпқа оралайық, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жалпы ауданы 540 гектарды құрайтын 4 индустриялық аймақ (Сауран, Келес, Тұрбат, Сарыағаш) құрылды.
Индустриялық аймақтар орналасқан ауданның экономикалық өсімін көтеруге, инвестициялық әлеуетін арттыруға зор септігін тигізетін болады. Индустриялық аймақтар импортты алмастыратын және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруды ынталандыру, шетелдік және отандық инвестицияларды тарту үшін жағдайлар мен заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру мақсатында құрылған.
Бүгінгі таңда, облыс аумағында жалпы ауданы 1083,2 гектарды құрайтын 14 индустриялық аймақ (Түркістан, Кентау, Созақ, ҚТИЗ-БАДАМ, Мақтаарал, Қазығұрт, Түлкібас, Шардара, Бәйдібек, Мақтаарал (ХӨКО), Сауран, Келес, Тұрбат, Сарыағаш) орналасқан.
Жалпы құны 93,5 миллиард теңгені құрайтын, 4 554 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 76 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңда құны 38,6 миллиард теңгені құрайтын, 2 789 жұмыс орнымен 51 жоба іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, машина жасау (4 жоба), тамақ өнеркәсібі (7 жоба), жеңіл өнеркәсіп (5 жоба), құрылыс (33 жоба), экономиканың басқа да салалары (27 жоба).
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу мен инвестиция тарту жұмыстарына басымдық берілген. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Нәтижесінде инвесторлар үшін Түркістан облысында бизнес климат қалыптасуда. Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және «Turan» арнайы экономикалық арнайы экономикалық аймағы бар. Бұл аймақтарда инвестиция құны 190 миллиард теңге болатын 95 кәсіпорын өз жобаларын жүзеге асыруда. Оларды инфрақұрылыммен толық қамту жұмыстарына күш салынған.
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндігі зор. Бизнесті мемлекеттің қолдауы аясында бюджеттен қаржысы қаралып, 18 нысан бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Сауран ауданы, Шаға ауылындағы өндірістік парктің электрмен жабдықтау және газ тарту нысандарының құрылысы аяқталды. Түркістан қаласында 310 гектар индустриалды аймақ аумағын кеңейту және инфрақұрылым тарту жұмыстары да аяқталуға жақын. Онда газ, су, кәріз құбырлары тартылып, 25000 метр жарық желілері жүзгізіледі. Өндірістік паркке 100 миллиард теңгеге жуық инвестиция тарту көзделген. Маңызды жоба толық іске қосылған соң, екі мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.