Түркістан қаласында климаттың өзгеруіне байланысты күрделі сын-қатерлерде сарапшылар мен жас ғалымдар бас қосып, осы құбылысқа қарсы тұрудың жолдарын талқылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым қоры және Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы серіктестікте ұйымдастырған лекцияар мен семинарлар Қазақстаннның өңірлерінен келген ғалымдар мен докторанттар, сондай-ақ бизнес және үкімет өкілдерінің назарын аударды.
Кездесуде қазіргі экологиялық өзгерістер мен оларды энергетика мен көлікті тиімді дамыту арқылы еңсеру жолдары ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік салдар мен климаттың өзгеруіне әділетті көшуді қамтамасыз ету қажеттілігі де талқыланды.
Мамандар жас ғалымдар үшін бұл саладағы халықаралық тәжірибенің маңыздалығын атап өтті. Еуропалық Одақтың негіздемелік бағдарламалары бойынша Ұлттық орталықтың жетекшілігімен өткен стратегиялық сессия энергетика және көлік арқылы климаттың өзгеруі контекстіндегі тұрақты болашақтың стратегияларына арналды. Шараның маңызды бөлігі жас ғалымдардың әртүрлі салаларындағы соның ішінде климаттың өзгеруі, медицина және атом өнеркәсібі бағытындағы жобаларының тұсаукесері болды.
Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Камиль Ақатов және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ басшылығы қатысты. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар секторының меңгерушісі Мақсат Байбеков, Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов атап өткендей, «бүгін біз Қазақстанға да әсер ететін жахандық экологиялық өзгерістерді талқылап жатырмыз. Әрине, климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық тәжірибе ғалымдарға пайдалы болды».
Ғылыми қауымдастық пен қоғамдық сектордың өкілдері осы саладағы халықаралық тәжірибе алмасудың және оны қазақстандық тәжірибеде қолданудың маңыздылығын атап өтті. Талқылаудың негізгі тақырыптары климаттың өзгеруінің энергетика мен көлікке әсері, сондай-ақ, ғылыми жобалаларды халықаралық қаржыландыру мүмкіндіктері болды.
Халықаралық ғылыми-технологиялық орталығының атқарушы директоры Дэвид Клив: «Біз осы іс-шараның бір бөлігі болғанымызға өте қуаныштымыз және ғалымдарға қаржылық қолдау көрсету – 30 жылдан астам уақыт бойы ғылыми-зерттеу жобаларын басқаруда ХҒТК 220-дан астам жобаларға тұрақты түрде қолдау көрсетті жүзеге асырылды, оған 5 400 қазақстандық ғалым жаһандық деңгейде 4500-ден астам жобаны аяқтадық, 1,6 миллиард доллар қаржы жинадық, 80 000-нан астам ғалымдарды жұмылдырдық және әлемнің 100 түрлі елінде белсенді ынтымақтастық орнаттық» — дейді.
ЮНЕСКО-ның аймақтық кеңсесінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының меңгерушісі Мақсат Байбеков атап өткендей, «Бүгінгі таңдағы экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелер келісілген әрекет пен ынтымақтастықты жақсартуды талап етеді. Климаттың өзгеруі, су тапшылығы және ресурстарды теңгерімсіз пайдалану тек аймақтық ғана емес, сонымен бірге, бәрімізге әсер ететін жахандық мәселе. ЮНЕСКО ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы көшбасшы ретінде білім алмасу және прогреске жету үшін әртүрлі мүдделі тараптарды біріктіретін бағдарламаларды қолдайды. Біз жас ғалымдарға арналған бірнеше жобаларды, атап айтқанда, жас ғалымдарға арналған Орталық Азия желісін қолға алып жатырмыз және Келісімге қол қою арқылы Ғылым қорымен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз».
Жас ғалымдар медицина, атом өнеркәсібі және климаттың өзгеруі сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын жобаларын ұсынды. Жапон ғалымдары да баяндама жасап, Қазақстанмен ынтымақтастық және тұрақты даму бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Негізгі баяндамашы ретінде Хоккайдо университетінің докторы Тошихико Ямада, сонымен қатар Жапониядағы Цубака университетінің Қиыр Шығысты зерттеу кафедрасының шақырылған профессоры доктор Такаши Ниномия сөз сөйледі.
Реті келгенде атап өтейік, былтыр елімізде маусымнан желтоқсанға дейін ай сайын күн ысып, температуралық рекорд орнатылды. Бұл туралы 12 қаңтарда жарияланған Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) 2023 жылдың қорытынды баяндамасында мәлім етті.
ДМҰ 2023 жыл 1850 жылдан бері рекордтық ең ыстық жыл болғаны туралы Коперник еуропалық метеорологиялық қызметі мәліметтерін растады. ДМҰ басшысы Селесте Сауло кезінде Эль-Ниньоға байланысты 2024 жылы жаңа температуралық рекордтар күтілуі керек деп ескертті.
«Эль-Ниньо әдетте жаһандық температураға ең үлкен әсер ететіндіктен және ол 2023 жылы шарықтау шегіне жететіндіктен, 2024 жылы одан да ыстық болуы мүмкін» — деп түсіндірді ол.
Бірқатар мойындалған институттар алған деректерге негізделген ДМҰ есебіне сәйкес өткен жылы орташа жаһандық температура 1850 жылдан 1900 жылға (индустриялық дәуір) дейінгі аралыққа қарағанда 1,45 градус жоғары болды.
Сонымен қатар, 9 қаңтарда жарияланған Коперник деректеріне сәйкес, орташа ғаламдық температура 1,48 градусқа жоғарылады.
Климаттың өзгеруінің апатты салдарын болдырмау үшін әлемдік қауымдастық 2015 жылы Париж келісімін жасады, оған сәйкес жаһандық жылыну екі градустан төмен, ал индустриялық дәуірге дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,5 градуспен шектелуі тиіс.
Американдық Ұлттық мұхит және атмосфералық басқарманың (NOAA) есептеулеріне сәйкес, Жер бетіндегі орташа жаһандық температура 2023 жылы бүкіл ХХ ғасырдағы орташа деңгейден 1,18 градусқа жоғары болды. ДМҰ басшысы Сауло климаттың өзгеруін адамзат үшін ең үлкен сынақ деп атады.
Климаттың өзгеруі соңғы онжылдықтағы өзекті мәселелердің бірі екені даусыз. БҰҰ ұсынған тұрақты даму мақсаттарының бірі климаттың өзгеруімен күрес болуы да бекер емес.
Жалпы, климат дегеніміз – белгілі бір жердегі ауа райының көпжылдық режимі. Ал жаһандық климат – ұзақ уақыт бойы өтетін атмосфера-мұхит-құрлық-криосфера метеорологиялық жүйесін құрайтын режимнің ансамблі. Яғни жаһандық климатты қарастырғанда тек климатология, метеорология тұрғысынан ғана емес, океанология, гляциология, геохимия, география, геофизика, геология ғылымдарымен де тығыз байланысты екенін ескеру керек. Сондықтан климаттың жаһандық өзгеруі қоғамдағы барлық салалардың дамуына өз әсерін тигізетінін атап өткен жөн.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының (ДМҰ, Женева) мәлімдемесіне сәйкес, 2015-2023 жылдар аралығы бақылау кезеңдерінің ішіндегі ең жылы жыл болды. Ал өткен жылдың жаһандық ауа температурасы мәні (қазан айында) 1850-1900 жылдардағы орташа мәнінен 1,40 °C (±0,12) жоғары болған. Қазан айына дейінгі бақылау мәліметтеріне сәйкес, 2023 жыл 174 жылдық бақылау кезеңіндегі ең жылы жыл болды. Бұған дейінгі ең жылы жылдар: 2016 ж. – 1850-1900 жылдардағы орташа мәнінен 1,29 (±0,12) °C жоғары, 2020 ж. – 1,27 (±0,13) °C жоғары болған. Климатолог ғалымдардың пікірінше, жылынудың себебі – Эль-Ниньо құбылысы, яғни Тынық мұхитындағы оңтүстік тербелістері болып отыр. Эль-Ниньо құбылысы 2023 жылдың көктемінде пайда болып, жаз мезгілінде қарқынды дамыған, сонымен қатар 2024 жылдың жаһандық температурасының жоғары болуына алып келуі де мүмкін.
Жаһандық климаттың өзгеруі шеңберінде Қазақстан климатының да өзгерулері орын алуда. Еліміздің барлық облыстарының аумағында орташа жылдық ауа температурасының тұрақты жоғарылауы байқалады. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, ел аумағы бойынша ауаның орташа жылдық температурасының жоғарылауы әр 10 жыл сайын 0,32 ºС құрайды.
Жоғарыдағы мәліметтер солтүстік жарты шарда орналасқан шамамен 8500 метеорологиялық станцияның бақылау мәліметтері бойынша нақты есептелген метеорологиялық шамалардың өзгеру мәндері болып табылады. Ал жаһандық климаттың өзгеруін болжау қалай жүзеге асады? Әлемдік ғылымның заманауи деңгейі жүз жылдың ішіндегі болашақ климаттың өзгеруін болжай алмайды, оның өзгеруін бағалау үшін климаттық сценарийлер қолданылады.
Климаттың өзгеруі бойынша халықаралық эксперттер тобы адамзат дамуының 40 сценарийін ұсынды. Бұл сценарийлерге сәйкес, 2081-2100 жылдарға қарай жер бетіндегі ауа температурасының көтерілуі: төрт сценарийдің үшеуі бойынша 1,5 °С артады, екі сценарий бойынша 2°С жоғары; бір сценарий бойынша 1750 жылға қарағанда 4 °С-қа дейін көтеріледі.
Сонымен қатар парниктік газдардың әсерін ескергендегі климаттық сценарийлер бойынша болашақ климаттың өзгеруін бағалайды. Қазақстан территориясы үшін GRADS кешені көмегімен IS92a сценарийі бойынша жасалған климаттық сценарийлер бірінші ретті 5 модель бойынша құрылды, олардың сезімталдығы жоғары болғандықтан, орташа температураның жоғары мәнін көрсетті.
Барлық сценарийлер бойынша ХХІ ғасырдың соңында ауа температурасының артуы күтілуде. «Максималды жылыну» сценарийлері бойынша (UK89 және СССМ) жылыну 6,9 °С құрайды, ал жауын-шашын 12% төмендейді немесе мүлде өзгермейді. Температураның максималды өсуі мен жауын-шашынның азаюы көктемгі кезеңге болжанып отыр. «Минималды жылыну» сценарийі бойынша (GISS) температураның көтерілуі 4,5 °С және жауын-шашын мөлшері 28% артады. Қалған екі сценарий бойынша температура 4,9 °С-қа көтеріліп, жауын-шашын 7 және 24%-ға артады. Осылайша GISS сценарийі жауын-шашынның 28% артуы нәтижесінде «жұмсақ», ал UK89 сценарийі ең жоғары жылыну мен жауын-шашынның төмендеуі нәтижесінде «құрғақ» болып табылады. Дегенмен бұл көрсеткіштер «жоғары» болып саналады.
Жоғарыдағы климаттық сценарийлер бойынша ауа температурасының жоғарылап, жауын-шашынның төмендеуі күтілетіні бағалануда, дегенмен бірқатар ғалымдардың пікірінше, бұл жылыну тек антропогендік үлес емес, табиғи өзгерістер де болуы мүмкін деген көзқарас білдірді.
Климаттың өзгеруі әлемдік қоғамдастық деңгейінде талқылануда. Былтыр желтоқсан айында Дубайда климат жөніндегі дүниежүзілік саммит өтті, бұл саммиттің әлемдік деңгейде өтуінің өзі де климат өзгеруі мәселесінің маңызды екенін дәлелдегендей. Бұл саммитте еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сөз сөйлеп, еліміздегі климатқа қатысты мәселелерді қозғады. Қазақстан Париж келісімін ратификациялағанын, парниктік газдардың бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдағанын, әлемдік деңгейдегі «жасыл дамуға» қатысты бастамаларды қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ еліміздің басшысы Арал теңізі мәселесін де көтеріп, оны құтқару бойынша іс-шараларға қажетті қаржыландыруды да басшылыққа алды. Климаттың 1,5 0С-қа дейінгі жаһандық жылынуын атап өтіп, тұрақты даму мақсаттарына сай, климаттың өзгеруімен күрес және оның өзгеруіне бейімделу шараларын да қамтыды. Еліміз қорға төрағалық етіп, 2024 жылы «Біртұтас су» атты бірінші тақырыптық саммит, 2026 жылы өңірлік климаттық саммит ұйымдастырылатынын да атап өтіп, әлемдік қоғамдастықты халықаралық форумдарға шақырды.
Климаттың өзгеруі – бұл тек мемлекеттік деңгейде ғана қарастырылатын мәселе емес, жеке тұлға ретінде әрбір адамның жауапкершілігіндегі іс. Климаттың өзгеруімен күресу, суды ысырапсыз пайдалану, экожүйені сақтау сияқты мәселелерде әрбір адам әрекет етіп, үлес қоса алады.
«Климат өзгерді. Әрине, егер климаттың өзгеруін немесе Жер планетасындағы ауа температурасының 1,5-2 градустан аспауын қадағаласақ, сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл процесті тоқтатуға болады. Бүгінде мемлекеттер бұл мәселе бүкіл адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндіретінін түсінеді. Сондықтан, біз тарихта қазба отынының көп мөлшерін пайдаланғандықтан, бұл бағытта өте мұқият қозғалуымыз керек. Бірақ сонымен бірге экономикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ету керек», – дейді сарапшылар.
Климаттың өзгеруінің алдын алу бойынша өз жұмысының бір бөлігі ретінде Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша міндеттемелер алды, Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясын (БҰҰНӨК) және Париж келісімін ратификациялады. 2023 жылы 2060 жылға қарай Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы, сондай-ақ 2030 жылға қарай жаңартылған ұлттық үлес қосылды.
Саммиттің маңызды аспектісі ғылыми жетістіктерді коммерцияландыру бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу ережелерін талқылау болды. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ өкілдері бұл саладағы тәжірибелерімен бөлісіп, жас зерттеушілер үшін құнды ақпарат көзі болды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.