Түркістан қаласында бизнес-инкубаторларды қолдау мақсатында меморандумға қол қойылды

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумы түзілді. Аталған келісімге басқарма басшысы Марат Айнабеков пен ректор өкілі Наджи Генч қол қойды.

Бұл келісім шаһардағы бизнес-инкубатор, инновация және технологиялық кәсіпкерлік саласында ынтымақтастық орнатуға, ІТ саласының өркендеуіне ықпалын тигізбек. Сондай-ақ цифрландыру саласында нақты жобалардың жүзеге асуына, студенттердің тағылымдамалардан өтуіне, хакатондар мен практикалық жұмыстар арқылы білімдерін нығайтуға үлкен мүмкіндік болмақ.

Келісімшарт аясында студенттерді технологиялық бизнес-идеялар мен жобаларды құруға арналған бірлескен іс-шаралар, лекция мен семинарлар, стартап демалыс күндері өтеді. Жастар арасында байқаулар мен бизнес-жобалардың жәрмеңкесін өткізіп, инновациялық бағыттағы үздік бизнес жобаларды іріктеу арқылы оларды жүзеге асыруға қолдау көрсетілмек.

Меморандум барысында басқарма басшысы Марат Фаритұлы халықаралық дәрежедегі университетпен ынтымақтастық келісімі орнағанына қуанышты екенін, студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуда және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуде басқарма тарапынан қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.

Естеріңізде болса, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Yasawi Бизнес-инкубатор бағдарламасының бесінші ағымын өткізген болатын. Түсіне білген адамға бұл — студенттерге, оқытушыларға және өз идеяларын дамытуға және оларды табысты стартаптарға айналдыруға ұмтылатындардың барлығына бірегей мүмкіндік.

Тіркелу 2024 жылдың 14 қыркүйегіне дейін ашық болып, басталу күні 2024 жылғы 16 қыркүйекке белгіленді.

«Бизнес-инкубатор не ұсынады?» дегенге келсек.

Yasawi Бизнес-инкубаторы – бұл жай ғана білім беру бағдарламасы емес, бұл кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға, инновациялық жобаларды құруға және кәсіби дамудың жаңа деңгейіне шығуға арналған платформа.

Қатысудың негізгі артықшылықтары:

Жетекші сарапшылардың мастер-кластары: Бағдарламаға қатысушылар табысты кәсіпкерлерден, инвесторлардан және әртүрлі саладағы кәсіпкерлерден құнды білім мен дағдыларды ала алады.

Нақты жобалармен жұмыс: Бағдарлама тәжірибеге негізделген. Қатысушылар тәжірибелі трекерлер мен тәлімгерлерден практикалық көмек пен кеңестер ала отырып, өз жобаларында жұмыс істейді.

Кәсіпкерлік қауымдастыққа қол жеткізу: Yasawi стартаперлер қауымдастығының бір бөлігі болу – бұл өз жобасын одан әрі дамыту үшін серіктестер, инвесторлар және пікірлес адамдарды табудың бірегей мүмкіндігі.

Презентациялар мен инвестицияларға арналған алаң: Бағдарламаға қатысушылар инкубатордың негізгі іс-шараларында инвесторлар мен әлеуетті серіктестер алдында өз идеяларын ұсынуға мүмкіндік алады.

Кім қатыса алады?

Бағдарлама университеттің барлық студенттеріне, қызметкерлеріне және түлектеріне, сондай-ақ шығармашылық идеялары бар және оларды жүзеге асыруға ұмтылатын адамдарға ашық.

Yasawi Бизнес-инкубаторы – бұл идеяны сәтті жобаға айналдыру және инновациялық болашақтың бір бөлігі болу мүмкіндігі!

Бизнес-инкубатор дегеніміз не? Бизнес-инкубатор — бұл шағын кәсіпорындардың қалыптасу кезеңінде өндірістік үй-жайларды, жабдықтарды, ұйымдастыру-құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді көрсету арқылы қолдау көрсету үшін құрылған заңды тұлға. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсіпкерлікті қалыптастыруға және дамытуға көмектеседі.

Бизнес-инкубатордың міндеттері:
Біріншіден, бизнес-инкубаторға орналастыру үшін шағын бизнес субъектілерін таңдау;

Екіншіден, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне білім беру, маркетинг, консалтинг және басқа ұйымдық және басқарушылық қызметтер ұсыну.

Шағын және орта бизнес субъектілерін мүліктік қолдау:

Біріншіден, шағын және орта бизнестің субъектілеріне сауда және делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызмет пен қызметтерді ұйымдастыру үшін бір жылдан астам пайдаланылмайтын мемлекеттік объектілерді сенімгерлік басқаруға немесе жалға беруге болады.

Шағын және орта бизнестің жалдау шартын немесе сенімгерлік басқару шарттарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады;

Екіншіден, Сауда және делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік меншік объектілері және олардың иелігіндегі жерлер, өндірістік қызметті ұйымдастыруға және мемлекеттік қызметтерді дамытуға арналған жалға алынған немесе сенімгерлік басқаруға шартты жасасқан сәттен бастап мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көзделген шарттарды орындаған жағдайда бір жыл өткен соң өтеусіз беріледі.

Мәселен, төменде көрсетілген ұйымдарды бизнес-инкубатор ретінде атауға болады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамы — Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қалыптасуын және экономикалық өсімін ынталандыру, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында құрылған Қазақстандағы мемлекеттік қор.

Қаржылық қолдау түрлері:

·  өңірлер мен жекелеген салалар үшін мақсатты бағдарламалар шеңберінде екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікті несие беру, микрокредиттік ұйымдар арқылы микрокредит беру;

·  субсидияу — банктер беретін бизнесті дамыту несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету;

·  кепілдік ету – банктердің кредиттері бойынша кепілзат ретінде жартылай кепілдік беру.

Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы — коммерциялық емес ұйым – кәсіпкерлік субъектілерінің одағы болып табылады. Шағын, орта және ірі бизнестің мүдделерін білдіреді және кәсіпкерлердің Үкіметпен және мемлекеттік органдармен келіссөздер күші болып табылады.

МИССИЯСЫ:

Кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету.

МІНДЕТ:

Кәсіпкерліктің құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіпкерлік қызметтің заңнамалық және басқа да реттеуші бастамаларын қалыптастыру үдерісіне кәсіпкерлерді кеңінен қамтуды және тартуды қамтамасыз ету.

Негізгі функциялары:
·  кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін ұсыну және қорғау;

·  өңірлердегі кәсіпкерлік қызметтің қоғамдық мониторингісін мен шарттарын жүргізу;

·  кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу;

·  отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру;

·  кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестациялау, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту;

·  кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;

·  инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру

Сонымен қатар, Ұлттық палата қазақстандық бизнестің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырады. Іскер топтардың мүдделерін мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында қорғайды, шет елдердің бизнес қауымдастығымен байланысын кеңейтеді және нығайтады, сондай-ақ интеграциялық үдерістер шеңберінде қазақстандық бизнесті қолдайды.

Түркістан қаласы үшін инвесторлар тарту мәселесі бірнеше негізгі аспектілерге байланысты. Бұл аспектілер қала экономикасының дамуына, жұмыс орындарының пайда болуына және әлеуметтік жағдайдың жақсаруына ықпал етеді. Инвесторларды тарту үшін келесі стратегиялық бағыттарды қарастыру қажет:

Әуелі, инфрақұрылым: Жақсы дамыған инфрақұрылым (жолдар, көлік, энергия, интернет) инвесторлар үшін маңызды фактор болып табылады. Түркістанда инфрақұрылымды жетілдіру — инвесторларды тартудың алғашқы қадамы.

Кейін, салықтық жеңілдіктер: Инвесторларға салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсыну, олардың бизнесін дамытуға көмектеседі.

Үшіншіден, бизнес-ортаны жақсарту: Кедергілерді азайту, әкімшілік рәсімдерді оңайлату және кәсіпкерлік экосистеманы дамыту — инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасайды.

Төртіншіден, мамандар даярлау: Инвесторларға қажетті білікті кадрлар даярлау үшін жергілікті оқу орындарымен ынтымақтастық жасау. Бұл жұмыс күшінің сапасын арттырады.

Бесіншіден, туризмді дамыту: Түркістанның тарихи және мәдени маңызы инвесторлар үшін туристік жобаларды дамытуға ынталандыруы мүмкін.

Алтыншыдан, ақпараттық кампаниялар: Инвесторларға Түркістанның мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы ақпарат беру үшін маркетингтік стратегияларды жүзеге асыру.

Жетіншіден, климат: Инвестициялық климатты жақсарту үшін заңнамалық реформалар жүргізу және сыбайлас жемқорлықты жою.

Соңғысы, шетелдік инвестицияларға қолдау көрсету: Шетелдік инвесторларды тарту үшін консалтингтік қызметтер, бизнес-инкубаторлар мен акселераторлар құру.

Ұлттық статистика бюросы жария еткен деректерге сүйенсек, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 857108,4 миллион теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,3% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 12,7%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 15,1% өсті, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 9,3% кеміді.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 740992,2 миллион теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 107,6% құрады.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 17680,7 миллион текше метрді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 95,5% құрады.

Жолаушы айналымы 1008,4 миллион жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 82,6% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 320165,6 миллион теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 132,6% құрады.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 17,7% өсіп, 788,2 мың шаршы метрді құрады, олардан жеке тұрғын үйлер – 36,1% (666,1 мың шаршы метр), ал көппәтерлі тұрғын үйлер 35% кеміді (116,8 мың шаршы метр). Бұдан бөлек, жалпы алаңы 5,3 мың шаршы метр жатақхана пайдалануға берілді.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 822343,5 миллион теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 123,4% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 18647 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 5% өсті, оның ішінде 250 адамнан жоғары қызметкерлері барлар 108 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 16895 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 16252 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 14809 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4% өсті.

2024 жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1757351,2 миллион теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 4% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 35,1%, қызметтер көрсету – 58,2% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың қыркүйегінде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,8% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы сол деңгейде қалған, ал азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 11%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің – 7,1% өсті.

2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың қыркүйегінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 1,7% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 247750,2 миллион теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% артық.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 126574,1 миллион теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 137,8% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 781,2 миллион АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 85,8% көбейді, оның ішінде экспорт – 644,8 миллион АҚШ долларын (90,4% көбейді), импорт – 136,4 миллион АҚШ долларын құрады (66,4% көбейді).

Айтпақшы, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Түркістан қаласында кәсіпкерліктің үлесі айтарлықтай ұлғайғанын айтып отыр. Мәселен, 2018 жылы өңірде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мың болса, қазір олардың саны 2 есе өсіп, 22 мыңға жеткен. Ол бюджетке де өз әсерін тигізеді. 2018 жылы қаланың өзіндік табысы 3,1 миллиард теңге болса, бүгінде көрсеткіш 10 есе өсіп, 32 миллиард теңге болды, — дейді Бауыржан Омарбеков.

Бұдан бөлек «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын дайындағанда талдау жүргіздік. 2018 жылы Түркістан облыс орталығы болды. Осы уақыттан бастап халықтың әл-ауқаты қалай өзгерді? Біріншіден, халықтың өмір сүру ұзақтығы 70-тен 73,5 жасқа дейін, яғни 3,5 жылға ұзарды. Мұны өте жақсы көрсеткіш деп айтуға болады, – дейді ол.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin