Түркістан шаһарында бой көтеретін әрбір құрылыс нысандары мен ғимараттардың сәулеттік жобасы тұрақты түрде арнайы кеңес отырысында талқыланады. Қыркүйек айының 10-ында өткен кезекті мәжілісте 14 жоба талқыға түсіп, сәулетшілер мен жауапты басшылардың, мамандардың сараптауынан өтті.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының Бас жоспарын жүйелей түсу, әлеуметтік және туристік нысандар салу, реттеу, тұрғын үйлер салу мәселелері бойынша ұсыныстарды тыңдап, жауаптыларға тиісті міндеттер жүктеді.
– Жобалардың жүзеге асырылу барысын тұрақты қадағалаңыздар. Түркістан қаласын, өңірін дамыту жұмыстары жалғасады. Қалаларымыз бен елді мекендеріміз сәнді әрі тұрғындарға жайлы болуы тиіс. Міндеттеме алып, арнайы жер берілген инвесторлар жұмыстарын жедел атқарулары керек. Егер құрылысты бастамай, созбалаңға салатын болса, жер қайтарылады, – деді Дархан Сатыбалды.
Сәулеттік жобалар талқыланған жиында инвесторлардың бірі тұрғын үй кешенін салу туралы ұсынысын білдірді. Арнайы жоспарын баяндады. «Мақсатымыз – Әл-Фараби бабамыздың «Қайырымды қала тұрғындары» трактатына сай үйлесім тапқан, тұрғындарға жайлы үй салу», — дейді инвестор.
Мәжілісте Домалақ ана және Гауһар ана, Арыстан баб кесенелерінің маңын реттеу, Түркістандағы ескек есу каналының маңындағы нысандарды жүйелеу, Төлеби ауданында этнотуристік орын ашу және өзге де жобалар талқыланды. Құрылыс нысандарының сапасы мен сәулеті тұрақты бақылауда болады.
Ауыз толтырып атап өтерлігі, Түркістан облысы білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар салып, пайдалануға тапсырудан республикада көш бастап келеді. Әрбір аудан, қаланың елді мекендерінің жай-күйі сарапталып, тиісті құрылыс жұмыстары қарқынды әрі жүйелі түрде жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды биылға жоспарланған құрылыс нысандарын уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
– Әрбір құрылыс нысанындағы жұмыстар бақылауда болсын. Қадағалаңыздар. Уақтылы әрі талапқа сай тапсырылуы тиіс. Бұл нысандар елдің сұранысына және өңірдің даму жоспарына сәйкес салынып жатыр. Маған бос уәде емес, нақты жоспар, жұмыс қажет. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер өңір тұрғындарының тұрмыс сапасы мен әлеуетін көтеруге серпін береді. Сондықтан ел қазынасына салынып жатқан әрбір ғимарат жауапкершілікпен салынуы қажет, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға жұмысты ширатуды жүктеді.
Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің айтуынша, Құрылыс басқармасы мен аудан, қала әкімдіктерінің тапсырысымен қолға алынған бюджеттік инвестициялық жобалар саны – 485. Оның 22-сі пайдалануға берілген. Қаржысы толық шешілген жағдайда жыл соңына дейін тағы 396 нысан құрылыс аяқталса, 67-сі 2025 жылға өтпелі. Өңірде 21 білім нысанының құрылысы қолға алынып, оның 4-еуі тапсырылған. Жыл соңына дейін 10 білім нысаны тапсырылады, 7-і келесі жылға өтпелі.
Денсаулық сақтау нысанында 94 нысанның құрылысы жоспарланса, оның 3-еуі тапсырылған, жыл соңына дейін тағы 90-нын тапсыру көзделген. Бұл ретте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 жоба жүзеге асуда. Облыста 3 әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталса, жыл соңына дейін үшеуі ел игілігіне берілмек. Сонымен бірге құрылысы жүріп жатқан 12 мәдениет нысанының 4-еуі биыл ашылса, 23 спорт нысанының 3-еуі берілген. Жыл соңына дейін 10 спорт нысаны беріледі.
Тұрғын үй, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары да қарқынды. Аймақта 221 үй, 2469 пәтердің құрылысы жүріп жатыр.
Түркістан қаласы бойынша 2024 жылға пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңы 394,5 мың шаршы метр (3967 пәтер) болып жоспарланса (көп қабатты тұрғын үй — 303,7 мың шаршы метр, жеке тұрғын үй — 90,8 мың шаршы метр), 4 айда нақты 60,6 мың шаршы метр пайдалануға берілді (көпқабатты тұрғын үйлер – 24,0 мың шаршы метр, жеке тұрғын үйлер – 36,6 мың шаршы метр).
Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 14,5 миллиард теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 645 азамат тіркеліп тұр.
Сонымен қатар, 2024 жылы кезектегі азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1314 пәтерді сатып алуға қаржы қарастырылып, сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
«Отбасы банк» арқылы 66 тұрғын үйдің 3317 пәтерін сату жоспарланып, бүгінгі таңға 2351 пәтері сатылды.
Қала аумағында 76 мектеп (52668 оқушы) бар болса, оның 34-і — мемлекеттік (42115 оқушы), 42-сі — жекеменшік (10553 оқушы).Қала аумағында мектептердің мәселесін шешу мақсатында 8 мектептің құрылысы 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы жүзеге асыру жоспарланса, оның 3-і (ӘІО – 2 (әрқайсысы – 2 000 орындықтан), Яссы тұрғын алабы – 1 (1200 орындық) 2023 жылы құрылысы басталды.
2023 жылы 10 жекеменшік мектеп іске қосылып (2 686 бала жаңа ғимаратпен қамтылды), 2024 жылы 6 жекеменшік мектеп іске қосылды (250 бала жаңа ғимаратпен қамтылды).
Қаладағы 4 мектептің (№7 Саттар Ерубаев, №9 Некрасов, №31 Абай мектебі, №17 Ататүрік) ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына, 6 мектептің және 7 балабақшаның ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді.
Жалпы, Түркістан қаласы халықты баспанамен қамту бағытында елімізде алдыңғы қатарда келеді. Жаңа шағынаудандар пайда болып, тозығы жеткен тұрғын үйлер ретке келтірілді. Сол сияқты облыстың аудандарында да тұрғын үй құрылысының қарқыны жақсы. Тұрғын үйлер бірінші кезекте жеңілдікпен алатындарға, сосын кезекпен алатындарға беріледі. Сол сияқты тұрғын үйді несиемен, сатып алу арқылы да алуға болады
Мәселен, Түлкібас ауданында бірнеше көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Бұл жерде 2 қабатты, 20 пәтерлік 2 тұрғын үйдін құрылыстары ағымдағы жылдың мамыр айында бастау алған. Нысандар осы жылдың қыркүйек айында толық аяқталып, үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек. Сондай-ақ жаңа шағынауданда 56 пәтерлі үш тұрғын үй салынып жатыр. Аталған баспаналарды банк арқылы қолжетімді бағамен ұсыну бағыттары қарастырылуда. Айта кетерлік, бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 3100 азамат үй кезегінде тұр.
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Кезекте тұрғандарға 2024 жылы 2469 пәтер сатып алуға 36,5 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде: «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 504 пәтер сатып алуға 6,6 млрд. теңге қаралған. Ал «Самұрық-Қазынаның» кредиттік қаржысы есебінен 1989 пәтер сатып алуға 29,9 млрд. теңге қаралып отыр. Бүгінде аудан, қалаларда аталған үйлерді салатын жер белгіленіп, кейбір аудандарда құрылыс басталып кеткен.
Аудан, қала әкімдіктеріне, құрылыс жүргізуге 1, 2 және 3 қабатты тұрғын үйлердің типтік жобалары ұсынылған. Аталған қаржы аясында облыс бойынша жалпы 113 000 шаршы метр құрайтын 114 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл үйлердің басым бөлігі сатып алу құқығымен жалға немесе ипотекаға беріледі деп жоспарланып отыр.
Жалпы, Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Тұтас қалашыққа айналатын 20 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы алаңы 145 мың шаршы метрге жуық. Жаңа үйлерден 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болады. Облыс құрылғаннан бері өңірде 176 көпқабатты үй салынып, 40 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 232 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Түркістан қаласында 80 мыңнан астам тұрғынға инфрақұрылым жасақталып, тұрғын үй салынды. Жаңа шағынаудандар пайда болып, талай отбасының баспана мәселесі шешілді. Биыл бюджет есебінен — 41, жеке инвесторлар есебінен 24 көпқабатты үй салу жоспарланған. Жеке қаржы есебінен салынатын жер үйлер жоспары – 781,851 мың шаршы метр. Сонымен қатар 2024 жылы 191 үй салу жоспары бекітілді. 159 тұрғын үйді жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.
Түркістан облысында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Облыс орталығында тұрғын үй кешендерінің саны артып келеді. Бүгінгі таңда Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 190 пәтерден тұратын 20 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Тұрғын үйге осы жылдың қазан айында Түркістан облысы аумағында тұратын, тұрғын үй кезегінде тұрған, «Отбасы банк» АҚ-ның салымшылары тарапынан конкурсқа өтінімдер қабылданады.
Тұрғын үйдің барлық пәтері – 2 бөлмелі, 65-80 шаршы метр. Мердігер мекеме – «Inter Construction» ЖШС.
Былтыр қалада құрылыс жұмыстарының көлемі 218 миллиард теңгеге жеткен. Жоспар 13 миллард теңгеге артығымен орындалып ғана қоймай, пайдалануға берілген тұрғын үй саны да артқан. Яғни, құрылысы біткен тұрғын үйлердің шаршы метрі 417 мыңға жетіп, жоспар 23 мың шаршы метрге артығымен орындалған. Бүгінде 16 мыңнан астам адам тұрғын үйге мұқтаж аазмат ретінде тіркелген. Оларды баспанамен қамту мақсатында 2024 жылы 1314 пәтерді сатып алу үшін 30,2 миллиард теңге бюджеттен қаралған. Одан бөлек «Отбасыбанк» арқылы 3317 пәтер сату жоспарланған. Бүгінгі таңда 2 мыңнан астам пәтер сатылды. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін сатылатын болады.
Сату демекші, елімізде тұрғын үй өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Баспаналы болғысы келетін көптеген қазақстандықтың жалғыз үміті – ипотека. Биыл «Отбасы банкі» АҚ түрлі әлеуметтік топтар үшін жеңілдетілген шартпен бірнеше мемлекеттік ипотекалық бағдарламаны ұсынады. Олардың шарттары туралы толығырақ айта өтейік.
«2-10-20» және «5-10-20» бағдарламаларының талабы қандай?
Бұл бағдарламалар бойынша кредиттер 10% мөлшерінде бастапқы жарна болған кезде жылдық 2% және 5% (тиісінше 2% — дан және 5,2% — дан бастап) ставкалар бойынша беріледі. Несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін.
Жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған келесі санаттағы азаматтар (жылдық 2% ставка бойынша қолжетімді қарыздарға (2% — дан бастап СЭС) үміткер бола алады:
— Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
— Мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
-Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар.
Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйге кезекке қою күні мен санатына қарап іріктеледі. Әлеуетті қатысушыларды іріктеуде бірінші кезекте 1 және 2-ші топтағы мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық беріледі.
5% мөлшерлеме бойынша займдар жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың барлық басқа санаттарына қолжетімді.
Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға өтінімдерді қабылдау жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) сатылатын объектілер шеңберінде жүзеге асырылады. Осы бағдарламалар бойынша жылжымайтын мүлікті займ арқылы алушы тұрғын үйге кезегінде тұрған аймақта сатып алуы тиіс.
Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бар ма?
Жастар бағдарламалары Алматы, Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау Абай, Ұлытау және Павлодар облыстарында іске қосылды.
Бағдарламаға Қазақстанның 35 жасқа дейінгі кез келген азаматы қатыса алады. Оған ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады. Өтінім берген кезде қатысушының ресми жұмыс өтілі 6 айдан 12 айға дейін болуы керек. Сонымен қатар соңғы 5 жыл ішінде қатысушының меншігінде жылжымайтын мүлік болмауы тиіс.
Банк тұрғын үй құнына емес, тек несие сомасына шектеу қоя алады. Аймаққа байланысты ол 10 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ауытқиды. Егер таңдалған опция қымбаттырақ болса, онда бағдарламаға қатысушылар қарыз сомасы мен тұрғын үй бағасы арасындағы айырмашылықты өзі жабады.
Жастар бағдарламасы бойынша бастапқы жарна – 10%, ал пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5%-дан (ЖЭС-5,2% — дан). Ипотеканың максималды мерзімі – 19 жылға дейін.
Жас ғалымдарға арналған бағдарлама қалай жұмыс істейді?
Бағдарлама ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, жас ғалымдарды қолдау, тұрғын үй сатып алуға жеңілдікті кредиттер беру үшін іске асырылып жатыр.
Қаржыландырудың жалпы көлемі – 5 жыл. 1000 жас ғалымды қолдауға арналған қаржы көлемі – 16,6 миллиард теңге.
Бағдарлама ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Ғылым комитетіне және министрліктің тіл саясаты комитетіне ведомстволық бағынысты ұйымдарда ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар үшін қолжетімді. Бұл ғалымдардың гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландырумен ғылыми жобаларға, сондай-ақ ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысуды қоса алғанда, кемінде магистр дәрежесі және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 3 жыл тәжірибесі болуы тиіс.
Ғалымдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы жылдық 5% ставка бойынша (ЖЭС 5,2% бастап) ең аз бастапқы жарнамен 10% — дан несие алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысушыға берілетін кредиттің ең көп сомасы – 20 миллион теңгеге дейін.
«Жасыл ипотека» аясында қарыз алу мүмкіндігі бар. Несиенің ең жоғары сомасы 35 млн теңгеге дейін. Қарыз бойынша мөлшерлеме -жылдық 8% (ЖЭС 8,2% — дан бастап). Бастапқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін.
Бағдарлама аймақтар бойынша тұрғын үй таңдауды шектемейді, яғни елдің кез келген қаласында жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың тізімін жұмыс беруші қалыптастырады, ал кредитке өтінімдерді банк ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының тізіміне енгізілген тиісті ұйымның жолдамасы негізінде қабылдайды.
Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде соңғы 5 жыл ішінде баспана болмауы керек. Үміткердің жасы 40-тан аспауы қажет. Кредит берудің ашықтығы мақсатында бағдарламада қарыз алған қатысушылар туралы ақпарат қарыз алушылардың келісімімен банктің ресми сайтында жарияланатыны көзделген.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен баспаналы болудың жолы қайсы?
Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беруді көздейді. Қарыздың ең жоғары сомасы – 1500 АЕК-ке дейін. Кредит бойынша мөлшерлеме 0,01% — ға тең (СЭСВ – жылдық 0,01% — дан бастап). Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде ауылдарда көтерме жәрдемақы төлеу қарастырылған. Азаматтардан өтінімдер жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданады otbasybank.kz.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасына кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Ең бастысы, олардың дипломы бар және бірқатар мамандық бойынша жұмыс істейді. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).
Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтардан талап етілетін қызметкерлердің тізбесін жасайды және сол тізбе шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Займ (қарыз) — маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Несиенің максималды мерзімі – 15 жыл. Шарт бойынша жобаға қатысушы ауылдық жерлерде мамандық бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.