Түркістан қаласында тазалық акциясы өтті

Түркістан қаласында Нұрбол Тұрашбековтың бастамасымен «Түркістан – таза қала» акциясы аясында Құрылыс, Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары, Инфрақұрылым және коммуникациялар, Жылу, Түркістан-Су, Түркістан жарық-тазалық, Жасыл Түркістан және Жасыл арман бөлімдері мен мекемелерінің қатысуымен сенбілік өтті.


Тазалық акциясы аясында көше бойларындағы ағаштар әктеліп, қабырғалар сырланды. Сонымен қатар, жиылған және жәшіктердегі қоқыстар тазаланып, шөптер алынды. Аталған акция Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдер тарапынан апта сайын жалғасып отырады.

Жалпы қала аумағында орналасқан саябақтар мен гүлбақтарды күтіп ұстау бойынша қураған ағаштарды қырқу, шөптерді орып, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жедел мобильді топ анықтаған кемшіліктер шұғыл түрде ретке келтіріледі. Жасыл желектерді суаруда әр түрлі әдістер қолданылады. Ауа райының күрт ысып кетуіне орай, қазіргі таңда аэрация әдісі қолданыла бастады. Бұл өз кезегінде асфальт жолдың ыстық күннен балқуынан сақтап, ыстық ауаның көтерілуіне кері әсерін беріп ылғалдандырады және ауаның жол бойында орналасқан ағаштардың жуылуына септігін тигізеді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.