Түркістан қаласында халықтың 98,9%-ы ауызсумен қамтамасыз етілген

Соңғы 6 жылда Түркістан облыс орталығы ретінде жаңа серпінмен дамып, өркендеудің алғашқы кезеңін өткерді.

Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 2024 жылдың 4 айында  230,2 мыңға адамға жетті (2023 жылы — 228,0 мың адам).

«Ашық әкімдік» жобасы бойынша тоқталсақ. Қазіргі таңда қала әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда.

Халықтық кеңсе арқылы жыл басынан жалпы қызмет алған адамдар саны – 23 942.

«1310» Бірыңғай байланыс орталығына 2024 жыл 4 айда 3803 қоңырау түсіп, оның 100% шешімі табылды.

2024 жылдың 4 айында Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 326,3 мың адамға жетті, 2023 жылдың ұқсас кезеңімен (203,4 мың адам) салыстырғанда 37,6%-ға өсті.

Сонымен қатар, шетелдік туристер саны 4,3 мың адамға жетті, яғни өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 58,1%-ға өсті (2023 жылы  осы кезеңде — 1,8 мың адам).

Тұрғын үй саласында да ілгерілеу байқалады.

2024 жылға пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңы 394,5 мың шаршы метр (3967 пәтер) болып жоспарланса (көп қабатты тұрғын үй — 303,7 мың шаршы метр, жеке тұрғын үй — 90,8 мың шаршы метр), 4 айда нақты 60,6 мың шаршы метр пайдалануға берілді (көпқабатты тұрғын үйлер – 24,0 мың шаршы метр, жеке тұрғын үйлер – 36,6 мың шаршы метр).

Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 14,5 миллиард теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 645 азамат тіркеліп тұр.

Сонымен қатар, 2024 жылы кезектегі азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1314 пәтерді сатып алуға қаржы қарастырылып, сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 «Отбасы банк» арқылы 66 тұрғын үйдің 3317 пәтерін сату жоспарланып, бүгінгі таңға 2351 пәтері сатылды.

Қала аумағында 76 мектеп (52668 оқушы) бар болса, оның 34-і — мемлекеттік (42115 оқушы), 42-сі — жекеменшік (10553 оқушы).

Қала аумағында мектептердің мәселесін шешу мақсатында 8 мектептің құрылысы 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы жүзеге асыру жоспарланса, оның 3-і (ӘІО – 2 (әрқайсысы – 2 000 орындықтан), Яссы тұрғын алабы – 1 (1200 орындық) 2023 жылы құрылысы басталды.

2023 жылы 10 жекеменшік мектеп іске қосылып (2 686 бала жаңа ғимаратпен қамтылды), 2024 жылы 6 жекеменшік мектеп іске қосылды (250 бала жаңа ғимаратпен қамтылды).

Қаладағы 4 мектептің (№7 Саттар Ерубаев, №9 Некрасов, №31 Абай мектебі, №17 Ататүрік) ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына, 6 мектептің және 7 балабақшаның ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді.

Әлеуметтік салаға ойыссақ. Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтсақ, 2023 жылдың қорытындысына сәйкес 4 150 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленсе, 2024 жылдың 4 айында 1745 отбасыға тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 5 973 баласына азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілді, 2024 жылдың 4 айында 2981 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылдың 4 айында  Ұлы отан соғыстың 1 ардагеріне, 413 соғыс ардагеріне теңестірілгендерге, 302 тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді.

Өткен жылы 5 839-дан астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетілсе, 2024 жылдың 4 айында 2862 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен деңсаулығына оң жағдай жасау мақсатында ашылған «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» өткен жылы 2 983 адамға қызмет көрсетсе, 2024 жылдың 4 айында 1320 адамға қызмет көрсетті.      

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Бекзат» тұрғын алабынан орталықтың филиалы ашылып, «Белсенді ұзақ өмір» бөлімшесі іске қосылып, 90 адамға қызмет көрсетілді.

Жұмыспен қамту бойынша не атқарылды? Түркістан қаласының еңбек индикаторындағы негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша біраз жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 2023 жылдың қорытындысына орай жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.

2024 жылы «Еңбек» бағыты бойынша 8 513 азамат жоспарланса, 4 айдың қорытындысына сәйкес 3661 азамат белсенді шараларға тартылды.

Мәдениет және спорт салалары да жеміссіз емес. Қала аумағында 2024 жылы 68 мәдени іс-шара өткізіледі деп жоспарлануда. Оның ішінде бүгінгі таңда «Жас толқын -2024» аймақтық эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы, «Nauryz Big Fest» Халықаралық фестивалі, «Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет» атты іс-шарас «Қонаев – ғасыр адамы» атты танымдық-мәдени іс-шара, «Әлемді жүрегімен әлдилеген» атты салтанатты іс-шара, «Қош келдің Әз-Наурыз» мерекелік іс-шара, концерттік бағдарлама өткізілді.

Түркістан қаласында 500 орындық Мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр, ағымдағы жылы пайдалануға тапсырылады.

Қоғамдық қауіпсіздік туралы да тілге тиек етейік. 2024 жылдың 4 айында қала аумағында құқықбұзушылық саны 252 құрап, өткен жылдың осы кезеңімен 6,0%-ға төмендеген, қылмыстар – 217 (5,7%), теріс қылық – 35 (7,9%-ға артқан), ауыр санаттағы қылмыстар – 86 (8,5%) төмендеген.

Одан бөлек, сектор қызметкерлерімен бірлесе ортақ пайдаланатын орындарды ластағаны үшін жыл басынан 3324 азаматқа, абаттандыру қағидаларын бұзған үшін 628 азаматқа, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бұзғаны үшін 434 азаматқа айыппұл салынды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету хақында. Түркістан қаласында 44 548 абонент ішінде ауыз сумен 44 102 абонент, яғни 98,9%-ы қамтамасыз етілген.

Анықтама үшін нақтылай өтейік. Су алу көздері: Біресек (1590 текше метр/сағ) және Мырғалымсай (3200 текше метр/сағ). Су жинау резервуарларына 72 000 текше метр су жиналып, халыққа берілуде (Шобанақ — 4 дана (40 000 текше метр), Б.Майлин — 5 дана (16 000 текше метр),  ӘІО — 2 дана (16 000 текше метр), «Түркістан Су» МКК — 21 ұңғыма, «Арыс теміржолы» ЖШС — 14 ұңғыма).

2024 жылы 2 нысанның құрылысы (№1, 2 мөлтекаудандар және Ремзауыт аумағындағы ауыз су құбырларын қайта жаңғырту; Түркістан қаласы Сұлтанов (н/з) көшесіндегі «Сельмаг» су жинау ғимаратын қайта құру» (2600 текше метр, 2 дана) жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланып, нәтижесінде жыл қорытындысына орай таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,5% болады.   

Кәрізбен қамтамасыз ету бойынша облыс орталығында қызу шаруа атқарылып жатыр. Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 36,5%-ы немесе 16 336 абонент қамтылған. Жыл қорытындысына орай 55,8%-ға жеткізу жоспарлануда.

Жалпы, бүгінгі таңға 17 жобаны іске асыру жоспарланып, 2 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылды, қазіргі таңда 11 нысанның құрылысы жүргізілуде, 4 нысан құрылысы республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды (Шауғар ықшамауданы Ортақ тұрғын алабының кәріздік желісін салу (3-кезек); Баянауыл шағынауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы; №14 пен №15 КНС аралығындағы сарқынды су жүйесінің құрылысы»; Иассы шағынауданы, Бірлік тұрғын үй массивін кәріз жүйелерінің құрылысы (2-кезек).

Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады.

Осы тұрғыда тілге тиек етер жайт, Түркістан облысында елді мекендерді ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Облыс елді мекендерін 100 % ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, 41 елді мекенге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланса, халық саны 200-ден аз 29 елді мекенде кешенді блок-модуль орнатылмақ.

Биыл облыс аумағындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жалпы 129 нысанның құрылысына ұлттық қордан, республикалық және облымтық бюджеттен тиісті қаржы қаралған. Оның ішінде, 65 нысанды биыл, 64 нысанды келесі жылы аяқтау көзделуде.

Құрылыс-монтаж жұмыстарымен 32 нысан қамтылмақ. Нәтижесінде, 12 елді мекен ауыз сумен жеткізіледі. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданында – 2, Отырарда – 1, Төлебиде – 1, Келес – 4 және Созақ 4 елді мекен ауыз сумен қамтылады.

Одан бөлек, Бәйдібекте – 1, Арыста – 1, Сарыағашта – 1, Төлебиде – 3, Жетісайда – 2, Мақтааралда – 2, Түлкібаста – 1, Шардарада – 1, жалпы, 12 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылады. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы 3 мөлтекауданда, Арыс қаласындағы 3 мөлтекауданда су құбырын жүргізу және суаққы, резервуар салу жоспарланып отыр.

Ал, Сайрам ауданының Жібек жолы елді мекеніндегі тозығы жеткен су жүйелеріне күрделі жұмыстар жүргізіліп, жаңартылатын болады. Сондай-ақ, 21 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, 36 елді мекенде тозығы жеткен су құбырлары, су мұнаралары, қолданыстағы су ұңғымалары ретке келтіріледі.

Түйіндей айтсақ, Түркістан облысындағы ауылдар мен елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды бұл мәселелерді тұрақты бақылауына алған.

2024 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 807 елді мекеннің 737 елді мекені (7 қала, 730 ауылдық елді мекен) немесе 91,3% ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда 70 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Облыс аумағындағы елді мекендерді 100 % ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, 41 елді мекенге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, халық саны 200-ден аз шалғай орналасқан 29 елді мекенде кешенді блок-модуль орнатылады.

Биыл ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бойынша жалпы 129 нысанның құрылысына бюджеттен тиісті қаржы қаралды. Оның ішінде, осы жылы 65 нысан аяқталады деп жоспарланса, 64 нысан келесі жылға өтпелі.

2024 жылдың қорытындысымен 29 елді мекен жаңадан ауыз сумен қамту көзделіп отыр. Нәтижесінде, 807 елді мекеннің 766 елді мекені (7 қала, 759 ауылдық елді мекен) немесе 94,9 % ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

Түркістан облысын сапалы электрмен жабдықтау мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, облыста қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысын салу жобасы іске асуда. Жоба құрылысы 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Одан бөлек, 2023-2025 жылдары жалпы қуаты 90 МВт 4 күн электр станциясы мен қуаты 11,5 МВт 5 шағын гидроэлектростанция салу жоспарланған. Оның ішінде, өткен жылы Отырар ауданы аумағында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасады.

Электр қуатымен қамтамасыз ету туралы айтсақ. Түркістан қаласында 44 548 электр абонентінің 44 102-сі сапалы электр қуатымен қамтылған.

Ағымдағы жылы 1 нысанның құрылысын (Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, М. Абенов, Төле би, Н. Төреқұлов, Н. Тынышқұлов көшелері бойында 10-0,4 кВ кабель желілерін салу құрылысы (түзету)) аяқтау жоспарланып, нәтижесінде қосымша 4520-дан астам абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

3 нысан құрылысын қаржыландыруға республикалық бюджетке ұсынылды, абонент саны 2 704  (Айбергенов көшесі бойындағы 35-0,4 Кв кабель желілерін салу, Бірлік 2 және жобадан тыс қалған 7 нысанды электрмен қамту, Түркістан қаласындағы электр қондырғылары мен электр желілерін қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары).

Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту көрсеткішін 99,0%-дан 99,5% жеткізеді.

Табиғи газбен қамтамасыз ету жөнінде. Бүгінгі күні «көгілдір отынды» 39 667 абонент немесе қала тұрғындардың  98,0%-ы дербес шот ашып пайдалануда.

Өткен жылы басталған Отырар мөлтекауданындағы 5 қабатты 36 тұрғын үйді 2 136 пәтерді газбен қамтамсыз ету құрылысы аяқталып, дербес шот ашу жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомартт Тоқаев ауылдарды дамыту, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Түркістан өңірінде жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Нәтижесінде Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастады. Халық санымен есептегенде, 1 миллион 750 мыңнан астам халық немесе облыс тұрғындарының 81 пайыздан астамы табиғи газбен қамтылған. Бұл – еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады.

2023 жылы өңірде 45-тен астам елді мекен газдандырылған болатын, бұл көрсеткіш республикада өңірлер арасындағы ең жоғарғы нәтиже болды. Түркістан облысында соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған 46 табиғи газ нысаны бар болатын. Оның ішінде 40 елді мекен, 2 көше, 2 автоматты газ тарату станциясы бар. Өткен жылдың қорытындысымен оның 44-і іске қосылды. 1,5 жылдың ішінде сақалды құрылыс ретке келтіріліп, 120 мыңнан астам тұрғын үй табиғи газбен қамтылды. Бұл жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауымен әрі үйлестіруімен жүзеге асуда.

Биыл облыста 54 нысан құрылысы аяқталып, 47 елді мекенде 75 мыңға жуық халыққа «көгілдір отын» жеткізу бойынша жобалар іске асырылуда. Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Самұрық-Қазына» қоры арқылы қосымша 10 миллиард теңге бөлініп отыр. Аталған қаражаттарды бөлуде Дархан Амангелдіұлының тапсырмасына орай газдандыру көрсеткіштері төмен Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Бәйдібек аудандарына басымдық берілуде.

Өткен жылы облыста 2 газ тарату станциясы пайдалануға берілді. Биыл дәл осындай газ тарату станциялары Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында ел игілігіне пайдалануға берілді. Ал, жыл соңына дейін тағы да 3 газ тарату станциясын іске қосу жоспарланған.

Тұрақты жұмыс нәтижесінде биыл Түркістан облысы тұрғындарының газбен қамту көрсеткіші 84,9 %-ға жетеді деп күтіліп отыр. Облыс елді мекендерін 100 % табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша табиғи газбен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес, облыстағы 319 елді мекенді (469,6 мың халық) 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етуге қол жеткізілмек. Елді мекендерді газдандыру жұмыстары тұрақты бақылауда және жүйелі түрде ары қарай жалғасады.

Жол саласында да оң өзгерістер бар. 2024 жылдың қорытындысына сәйкес қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 59,1%-ға жеткізіп, қаладағы асфальт жолдарды 499,5 шақырымға жеткізу жоспарланып отыр.

Аталған межеге жеткізу мақсатында қала аумағында 4 нысанда құрылыс жұмыстары атқарылуда, 2 көпір салынуда және сарқынды су жүйесі жүргізілген. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 115,6 шақырымды құрайтын 129 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Анықтама үшін тарқата айтайық.

  1. Ә.Жангелдин көшесі – 3,8 шақырым.
  2. І.Қожабаев көшесі – 5,6 шақырым.
  3. Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол – 2,5 шақырым.
  4. Б.Қалаби көшесін реконструкциялау (О.Жандосов – Ж.Майкөтов аралығы) – 7 шақырым. Нысан іске асқан жағдайда, индустриалды аймақтан шығатын ауыр жүк көліктерінің және Балтакөл бағытынан келетін жүргізушілердің Шымкент тас жолына тікелей шығуына, қаланың ішкі көшелеріндегі көлік кептелісінің азаюына ықпалы тиеді.
  5. Бекзат мөлтекауданы, Теміржол вокзалы аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірі (ПК5+45, 3106 шақырым).
  6. Бекзат мөлтекауданы, Түрік ауылының аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірі (ПК2+50, 3103 шақырым).

Қала аумағында жалпы 458 аялдамаға қажеттілік бар болса, бүгінгі таңға 276 аялдама жаңартылып орнатылған, қосымша қажетті 182 аялдама кезең-кезеңімен жаңартылатын болады.

Қоғамдық көлік жайына тоқталсақ. Түркістан қаласында қазіргі уақытта 22 қоғамдық көлік бағыты бар («Жолаушы» ЖШС-і — 16 қалаішілік бағытты, «ТехПрофАвто» ЖШС-і 6 бағытты қамтиды). Оларға 2 тасымалдаушы мекеме сыйымдылығы жоғары 210 автобусымен қызмет көрсетеді.

Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға жаңа 210 автобус (оның ішінде, 2021 жылы — 46; 2022 жылы – 40; 2023 жылы – 78. «Жолаушы» ЖШС — 106 автобус, ТехПрофАвто» ЖШС — 58 автобус; 2024 жылы «Жолаушы» ЖШС — 46) алынған. Жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 100%-ға жеткізілді. Одан бөлек, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес жыл соңына дейін қала аумағында қосымша жаңа бағыттар ашылатын болады. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген.

Түнгі жарықтандыруға келсек. Өткен жылы 84 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, нәтижесінде 757 көшесі (895,8 шақырымды құрайтын) түнгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етіліп, қаланың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 86,5%-ды құрады.

2024 жылы 230 көшеге жарықтандыру жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелердің үлесі 95%-ға жеткізу көзделуде.        

Абаттандыру саласында да ілгерілеу бар. Мәселен, 2024 жылы жалпы 49 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 23 нысан — ойын алаңшалары, 4 саябақ пен сквер (Керей хан көше бойындағы сквер; Бекзат мөлтекауданындағы саябақ; Бекзат аллеясы; Төреқұлов көшесіндегі саябақ; Шипа су аумағындағы саябақ; Ботаникалық бақ аумағындағы сквер; Шаяхметов көшесіндегі сквер; Жандосов көшесіндегі аллея)  және 22 нысан негізгі көшелерді (Қазыбек би, Қожанов, Тауке хан, Байбұрт, Алматы, Ерубаев және т.б.) көгалдандыру жүйелері ағымдағы жөндеуден өтуде.  

Көгалдандыру демекші, күтіп-баптау жұмыстары жалпы 258 нысанда аумағы 626 гектарды құрайды (оның ішінде, 32 саябақ (318 гектар), 49 сквер, аллеялар (89 гектар), 56 көше (92 гектар), 16 жасыл алқап (127 гектар)).

Күту жұмыстары қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығанда жыл бойы жүргізіледі. Жалпы қала аумағындағы нысандарды күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ-нің 250 көгалдандыру жұмысшысымен бірге мердігер мекемелер тарапынан 2200 жұмысшы жұмыс атқарады. Тазалау, суғару, қоқыс шығару, жасыл желектерді күтуге арналған, саябақтар мен аллеялардағы аяқ жолдарды тазалауға және ағаштарды бұтауға, сыпыру мен жолақтарды жууға арналған т.б жұмыстар жүргізетін 211 үлкен-кіші  техника жұмыс атқарады.

Түркі елінің астанасы — Түркістан қаласына келушілер саны жыл санап артып келеді. Осы ретте келушілер назарын аударатын қаланың сәулеті мен кіреберіс аумақтарды абаттандыру үлкен маңызға ие.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһарға кіреберіс аумақтарды аралап, тазалық пен абаттандыру жұмыстарының барысын қадағалады.

Алдымен, қала басшысы «Яссы» секторында орналасқан саябақ, Кентау, Қызылорда және Алматы тас жолдарының бойындағы қалаға кіреберіс аумақтардың абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Қала сәулеті мен тазалығына баса назар аударған Әзімбек Пазылбекұлы, аталған аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ Полиция департаментінің өкілдеріне заңсыз салынған кәсіпкерлік нысандары мен қала тұрғындарына келеңсіз жағдай туындататын автотұрақтардан тазалауды тапсырды.

Аралау барысында Әзімбек Пазылбекұлы Қолөнер орталығының құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты. Киелі шаһарда қолөнершілердің әлеуеті зор екенін тілге тиек еткен қала басшысы жұмысты ширатуды тапсырды.

Елімізде теңдесі жоқ туристік кешеннің жалпы алаңы – 2,56 гектар. Қолөнершілер қалашығы 25 архитектуралық нысаннан тұрады. Қазіргі таңда құрылыс алаңында жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан қаласын қолөнершілер орталығына айналдыру бағытында ірі жобалар қолға алынған. Қаланың мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы бой көтеріп жатыр. Жаңа қалашықта ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын, даярлау технологиясын оқытатын ірі қолөнер шеберхана, қонақүйлер мен ас үйлер салынбақ. Осы ерекше жоба арқылы өңірге туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту, қолөнершілерге қолдау көрсету, жұмыс орындарын ашу, ұлттық брендті қалыптастыру көзделіп отыр.

Түркістан облысы – туризм саласын дамытуда әлеуеті жоғары өңір. Әсіресе, тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндіктер бар. Облыста туризм саласын дамытумен қатар ұлттық қолөнер ісін дамыту да жолға қойылған.

Жуырда ғана Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен облыс қолөнершілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша мәжіліс өтті. Жиын барысында облыстың саланы дамытуға, қолөнершілердің кәсібін өркендету мақсатында арнайы механизмдер енгізу бойынша ұсыныстар қаралды.

Жиынға Түркістан облысы Туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразакова, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директор орынбасары Ербол Әуелбеков, «Qazaq-Oner Turkistan Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанболат Сүйімбай және «Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Индира Икапова қатысып, баяндама жасады.

Қазіргі уақытта Түркістан қаласының өзінде 40-тан астам қолөнерші жұмыс істейді. Мемлекеттік қолдау шарасын қабылдай отырып, қолөнершілер санын 100-ге дейін, ал дайын өнімді сатуды қолөнершілердің сериялық өндірістерді ашуы есебінен 2 есе ұлғайту күтілуде. Осы уақытқа дейін жергілікті қолөнершілердің ортақ мәселесі – өз өнімін ұсына алатын бірыңғай алаңның жоқтығы болып келеді. Бұл ретте, Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске асырылуда.

Басқосуда қолөнер шеберлері өзекті мәселелерді ортаға салып, өңірдің қолөнер саласын дамыту мен насихаттау бағытында ұсыныстарын жеткізді.

Қуантарлығы, Түркістан қаласын халықаралық талапқа сай қолөнер орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар басталды. Оның алғышарты ретінде шаһарда «Қолөнершілер орталығының» ғимараты салынып жатыр. Алдағы уақытта Түркістанның брендіне айналатын бұйымдар шығарылып, нарыққа енеді деп күтілуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу үшін қолөнершілер мен сала мамандарымен, туризм өкілдерімен кеңес өткізді. Жиында қолөнер саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар берілді.

– Қолөнерді дамытуға өз тарапымнан, әкімдік тарапымнан толық қолдау көрсетіледі. Өнім шығаруға қажетті құрылғыларды алып беруге де дайынбыз. Бірақ бізге нақты жоспар қажет. Қолөнершілер де өздеріне міндеттеме алып, қанша бұйым шығаратынын жоспарлаулары тиіс. Шеберлерімізді тәжірибе жинап, үйренулері үшін шетелге, еліміздің өзге өңірлеріне жіберген жөн. Шетелдегі қандастарымыздың арасындағы қолөнер шеберлерін де арнайы шақырып, қолдау көрсетуге ниеттіміз. Қазақтың мәдениеті, Түркістанның тарихы қолөнері арқылы да дәріптеліп, туризм мен мәдениет саласының бір бөлігіне айналып, жаңа жұмыс орындарын ашуға да ықпал етуі керек деп есептеймін, – деді Дархан Сатыбалды.

Жиында Алматы мен облыс аумақтарынан арнайы келген қолөнер шеберлері өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Өнердің осы саласына қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғыстарын жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.

Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов облыс әкімінің тапсырмасымен әзірленген қолөнерді дамыту бағытындағы жоспарларға тоқталды. Алғашқы кезекте облыстағы шеберлердің тізімі жинақталып, 144 қолөнерші қызмет атқаратыны анықталған.

Облыста қолөнер орталығын дамыту арқылы шеберлередің өндірісін қалыптастыру көзделіп отыр. Қолөнершілердің өнімдерін сату және оны нарыққа жылжыту, туристік бизнес өкілдерімен серіктестік орнату арқылы жаңа туристік өнімдер қалыптаспақ.

Облыстан жинақталған мәліметтер мен шеберлердің өнімдерін талдау нәтижесінде тоқыма, киіз басу, құрақ құрау және кесте тігу, зергерлік өнімдер, ағаш және сүйектен бұйым жасау өнері басым бағыттар екені анықталды. Дәстүрлі қолөнершілерді зерттеу, талдау жұмыстарының нәтижесімен Түркістан қаласындағы «Қолөнер орталығында» «Qazaq-Oner» шеберлер орталығын құру көзделген. Шеберлер орталығы шоу-рум, шеберханалар мен фото аймақтарды қамтиды. Қолөнер шеберлері тек өнім дайындаумен айналысады. Өнімдерді сату шоу-румда арнайы жауапты адамдармен жүзеге асырылады. Өнімдерді сату мақсатында арнайы мамандармен маркетингтік жоспарлар әзірленеді. Бұл бастама қолөнер саласының дамуына ықпал етеді және қолөнершілердің кәсібін өркендетуге жағдай жасайды деп күтіліп отыр. «Қолөнер орталығында» туризмді дамытуға бағытталған жұмыстар да атқарылады. Қазақ қолөнері, мәдениеті мен ұлттық тағамдары, киімдері де дәріптеледі.

Сөз ыңғайы келгенде, биыл Түркістан қаласының 24 мыңнан астам тұрғыны кәріз жүйесімен қамтылатынын да айта өтейік.

Түркістан облысына қарасты қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейін 100%-ға жеткізу бойынша жұмыстар атқарылуда. 2024 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы 528,1 мың халқы бар 7 қаланың 6 қаласы кәріз жүйелерімен қамтылған. Атап айтқанда, Түркістан, Кентау, Арыс, Леңгір, Жетісай, Шардараның 202,6 мың тұрғыны орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.

Биыл су бұру саласы бойынша 15 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен тиісті қаржы қаралған. Соның ішінде, осы жылы Түркістан қаласындағы 3 нысаның және Сарыағаш қаласындағы 1 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қалған 11 нысан келесі жылға өтпелі. Жыл соңына дейін Түркістан қаласының 24 мыңнан астам тұрғыны кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар Сарыағаш қаласында жаңадан кәріз тазалау имараты іске қосылады.

Айта кетейік, Түркістан қаласындағы 228 003 тұрғынның 83 335 тұрғыны, яғни 36,5% кәріз жүйелерімен қамтылған. Кәріз жүйелерінің ұзындығы – 127,5 шақырым. Облыс орталығында 27 дана кәріздік сорғы станциясы және қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 болатын кәріз тазалау имараты (КОС) бар. Қызмет көрсетуші мекеме – «Түркістан су» МКК. Қолданыстағы кәріз тазалау имараты 2010-2014 жылдары салынып, пайдалануға тапсырылған. Бүгінгі таңда БОС-1, БОС-2 тазартқыш имараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin