Түркістан қаласында 7 мыңнан аса жұмыс орнын ашатын 192 инвестициялық жоба жасақталды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланды. Қалаға іргелес аумақтарда тарихи және көне ескерткіштердің орналасуына байланысты туризм дамып келеді. Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың болуы да облыс орталығын ерекшелендіріп отыр. Өңір басшысы қала дамуына қажетті инфрақұрылымның төмендігін алға тартып, жан-жақты жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

– Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуі де бекер емес. Облыс орталығында халық саны артып келеді, жұмыс күші де жеткілікті. Барлық жағынан дамуға мүмкіндік бар. Халықаралық әуежайдың салынуы, «Батыс Европа – Батыс Қытай» автодәлізі мен теміржол торабының бойында орналасуы туристерді көптеп тартуға серпін береді. Жуырда өткен инвестициялық форумда біраз келісім жасалды. Соның өзі шаһардың экономикасын көтеруге үлес қосады. Бірақ мұнымен шектелмей, инвестиция тартуды тоқтатпау керек. 2030 жылға қарай Түркістан өзін-өзі қаржыландыратын шаһарға айналуы тиіс. Осы бағытта жұмысты күшейтіңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.

Иә, «Түркістан ерекше мәртебеге ие болады», — деп хабарлаған болатын Ұлттық экономика министрлігі.

«Заң жобасын әзірлеуге Түркістан қаласын Түркі мемлекеттері ұйымымен түркі әлемінің рухани астанасы ретінде тануы, қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі негіз болды», — дейді ведомство жауаптылары.

Заң жобасының негізгі новеллалары:

Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру,

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу,

кәсіпкерлер мен қолөнершілерді қолдау сынды өзге де шаралар.

«Қалаға ерекше мәртебе беру Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы, туристер мен қажыларды тарту орталығы ретіндегі әлеуетін жан-жақты ашуға мүмкіндік береді, нәтижесінде бүкіл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әрі халықтың өмір сүру деңгейін сапалы жақсартуға мультипликативтік әсер етеді», — деп атап өтті Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.

Түркістан қаласының мәслихаты қала құрылысы регламентін, қаланың дизайн-кодын, сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын, Түркістан аумағында рәміздерді қолдану тәртібін және т.б. бекітеді.

Қала әкімдігіне 3 бағыт бойынша 27 құзырет беріледі. Алғашқысы қаланың мәдени игілігі мен рухани дамуын сақтау мәселелерін реттеуге, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Екінші бағыт – кесененің айналасындағы құрылыс стандарттарын және қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдану.

Үшінші бағыт – туристік қызметке жәрдемдесу мәселелерін реттеуге және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, туристік тартымдылық орындарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік және инженерлік инфрақұрылымды бейімдеуге бағытталған.

Бұдан бөлек, ілеспе заң жобасы әзірленді, оның шеңберінде Жер кодексіне, «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «ҚР туристік қызмет туралы» заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған байланысты жаңа заң жобасы әзірленді. ҚР Парламенті Мәжілісінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы таныстырылды. Аталған заң жобасын депутаттарға Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков таныстырып, халық қалаулыларының сұрақтарына жауап берді.

Аталған маңызды мәжіліске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бастаған жұмысшы топ өкілдері қатысты. Осы Заң жобасы Түркістан қаласының дамуына оң серпін береді деп күтіліп отыр.

Заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі Түркістан облысына сапарында берген тапсырмасына және 2023 жылғы 10 сәуірдегі қарарына сәйкес әзірленген. Оны әзірлеуге Түркістан қаласының Түркі мемлекеттері ұйымы мен түркі әлемінің рухани астанасы ретінде танылуы да негіз болды. Сонымен бірге қаланың тарихи келбетін және оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі, Түркістан қаласының халық санының тез өсуі де негіз болған. Соңғы 6 жылда халық саны 60 мыңға өсіп, қазір 233 мыңнан асты.

Заң жобасын әзірлеу барысында Англия, Италия, Өзбекстан, Әзібайжан және тағы басқа мемлекеттердің тарихи ескерткіштерін сақтап қалу бойынша тәжірибелері зерттелген. Министрліктің өкілдері Заң жобасы бойынша Түркістан қаласына іссапарға шығып, халықпен кездескен, онда Заң жобасының ережелері, нормалары талқыланды.

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР МЕН МҰРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙЕДІ

Заң жобасы 4 тараудан және 15 баптан тұрады. Мақсаттары мен міндеттері – Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде Түркістан қаласының қалыптасуы, дамуы және жұмыс істеуі үшін құқықтық шарттар құру, сондай-ақ жалпы мемлекеттік маңыздылығын тану; қаланың тарихи-мәдени маңызы бар, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүкіләлемдік мұра объектісінің қорғау аумағында орналасқан ескерткіштер мен объектілерді басқару мен сақтаудың оңтайлы жүйесін құру. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және рухани объектілердің киелілігін сақтау – Заң жобасының негізгі қағидаттары.

Осы бастама арқылы Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру, ұлттық қолөнер саласындағы шеберлерге қолдау көрсету, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу, құрылыстың бөгде элементтеріне жол бермеу және оның бірегейлігін сақтау көзделген. Атап айтқанда, кесененің қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан жүз метрлік қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын, сондай-ақ ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін объектілер салуға жол берілмейді.

ЖЕРГІЛІКТІ ӘКІМДІК ПЕН МӘСЛИХАТТЫҢ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ КЕҢЕЙЕДІ

Заң жобасы аясында Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзыретті беру көзделген. Осылайша, қала мәслихатына 7 құзырет берілмек. Олар:

— қала құрылысы регламентін мен қаланың дизайн кодын;

— Сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын, тарихи, ландшафттық-табиғи, функционалдық, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау тәртібін айқындайды;

Ұлттық қолөнер саласындағы шеберлер шығындарының белгілі бір бөлігін бюджеттен өтеу қағидаларын (өтемақы мөлшері 10%-дан 25%-ға дейін) қарастырады. Бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын; Көпшілікті тамақтандыру, сауда және қызмет көрсету стационарлық емес объектілерін, жазғы алаңдарды орнату қағидаларын айқындайды. Түркістан қаласының аумағында нышанды (қаланың эмблемасы мен таңбасы) пайдалану тәртібін бекітеді.

Қала әкімдігіне 27 құзырет беріледі, олар негізгі 3 бағытқа бөлінген. Бірінші бағыт қаланың мәдени игілігі мен рухани дамуын сақтау мәселелерін реттеуге, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағдарланған. Осы міндеттерді іске асыру үшін Түркістан қаласының әкімдігіне құзыреттер беріледі. Мәселен, қала әкімдігі маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің пайдаланылуына және оларды күтіп-ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін; жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жүргізілуін бақылауды қамтиды. Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің ғылыми реставрация жұмыстары бойынша ғылыми-жобалау құжаттамасын келісу және тағы басқа мәселелерді реттейді.

Екінші бағыт кесене айналасындағы құрылыс стандарттарын және қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдануға бағдарланған. Қала әкімдігі қаланың дизайн кодын және қала құрылысы регламентін әзірлейді. Қаланың дизайн коды әзірленіп, сәулетіндегі бірізділік сақталады.

Үшінші бағыт туристік қызметке жәрдемдесу мәселелерін реттеуге және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, туристік орындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік және инженерлік инфрақұрылымды бейімдеуге бағдарланған. Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау, сондай-ақ жол бойындағы сервис бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қаралады. Туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсету, туризм инфрақұрылымын дамыту шаралары қабылданады.

Сонымен қатар Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе Заң жобасын әзірледі. Заң жобасымен Жер кодексіне, «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «ҚР туристік қызмет туралы» ҚР заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген.

ТҮРКІСТАНҒА КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІК САЯХАТШЫЛАР САНЫ АРТЫП, ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ КӨТЕРІЛУДЕ

Түркістан қаласының жер көлемі – 22,4 мың гектар. 2024 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша халық саны 233 533 адам. Оның экономикалық белсендісі 87873 адам.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің аудан, қалаларын дамыту жұмыстары жүруде. Оның ішінде Түркістан қаласына ерекше көңіл аударылған. Жұмыстар нәтижесінде көрсеткіштер жақсаруда. Өнеркәсіп өнім көлемі 19 902,5 миллион теңге, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 11 845,6 миллион теңге немесе 107,8%-ды құрады. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 3466,3 миллион теңге немесе НКИ 104,0% құрады, жылыжайлар – 1,5 гектар. 2024 жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысымен 22 002 бірлік шағын және орта бизнес тіркелген. Қалаға 163 185,4 миллион теңге (138,3%) инвестиция тартылған. Оның ішінде жеке инвестиция 104 508,9 миллион теңгеге ұлғайған. Құрылыс жұмыстары: 109 858,5 миллион теңгені құрады. Пайдалануға берілгені – 152 257 шаршы метр оның ішінде 82 426 шаршы метрі жеке тұрғын үйлер есебінен салынған

Қалаға келетін туристер саны артып келеді. Туристер мен зиярат етушілер саны 2023 жылы 1 015 211 адам болса, 2024 жылдың 6 айында 752121 адам келген. Шетелден 2022 жылы 7113 адам келсе, 2023 жылы 12 169 адам мейман болған. Ал 2024 жылдың 6 айының өзінде шетелден 13 732 турист келіп отыр.

Жиын барысында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы баяндама жасады. Оның айтуынша, қала халқы 234 мыңнан асты. Экономикалық белсендісі 83 мыңнан асса, оның жұмыспен қамтылғаны 80 мыңға жуықтаған. Соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 30 мың адамнан асып отыр. «Қаланың жалпы өңірлік өнім көлемін 2030 жылға қарай 2,8 есе арттырамыз», — дейді қала әкімі.

Соңғы 4 жылда қала экономикасына 1,3 триллион теңге инвестиция тартылған. Алдағы 6 жылда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемін 4,6 триллион теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Жалпы, Түркістан облысына 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар индикаторы 1 трлн 133,8 млрд теңге көлемінде бекітілген. 9 айдың қорытындысы бойынша өңірге тартылған инвестициялар көлемі 822,3 млрд теңге (9 айға жоспар – 674,4 млрд теңге) құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл 123,4%-ға өсті.

Жалпы алғанда жылдық жоспар 1 149,7 млрд теңге көлемінде орындалады деп күтілуде. Сонымен қатар 2024 жылы өңірге тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $467 млн көлемінде бекітілген, осы жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685,1 млн долларды құрады. 

Өткен жылы облыс экономикасына 972 млрд теңге инвестиция тартылып, көлемі 26%-ға артты. Оның ішінде жеке инвестиция 1,5 есе артып, 588,4 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың 7 айында 499,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 128,9% деңгейінде қалыптасты. 2023 жылы жоспарланған 56 инвестициялық жоба толығымен іске қосылды (2 141 жұмыс орны ашылды).

Жалпы 195 пул қалыптасқан. Биыл жалпы құны 142,4 млрд теңгеге 59 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Соның нәтижесінде 2 233 жұмыс орны құрылады. 7 айда 76 млрд теңгеге 25 жоба іске қосылып, 866 жұмыс орны ашылды. 

Ауыл шаруашылығы бойынша:

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 124,5 млрд теңге инвестиция тартылды, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 22,6 млрд теңге инвестиция тартылып, 2 есе артты.

АӨК-те инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. Нарықты отандық өнімдермен толықтыруда ірі инвестициялық жобалардың маңызы жоғары. 2024-2027 жылдары жалпы құны 507,3 млрд теңгені құрайтын 105 жобаны жүзеге асыру жол картасы әзірленді. Нәтижесінде, жаңадан 8 346 жұмыс орны құрылады. 2024 жылғы 9 айда құны 28,1 млрд теңгеге 26 жоба жүзеге асырылып, 194 жаңа жұмыс орны құрылды.

Оның ішіндегі ірі жобалар:

  • Бәйдібек ауданында «Ernur-Корпорация» ЖШС — құны 2 млрд теңгеге «5000 басқа арналған ІҚМ бордақылау кешені» жобасы;
  • Қазығұрт ауданында «Қарқын-2030» ЖШС — құны 1,1 млрд теңгеге «Қуаттылығы жылына 25 мың бас ІҚМ сою бекеті» жобасы;
  • Сайрам ауданында «Nurym Group» ЖШС — құны 2,3 млрд теңгеге «Қуаттылығы жылына 46 мың тонна құрама жем зауыты» жобасы;
  • Сауран ауданында «Жасыл аймақ» АШӨК — құны 3,5 млрд теңгеге «5000 басқа арналған ІҚМ бордақылау кешені» жобасы;
  • Шардара ауданында «VITA» ЖШС — құны 1,5 млрд теңгеге «Қуаттылығы жылына 136 тонна құрама балық өнімін өндіру» жобасы.

Мал шаруашылығын дамытуда инвесторлар қой және ірі қара мал етінің жаһандық топ-өндірушілерінің бестігіне кіретін, әлемнің ең ірі экспорттаушысы Аустралия әдісін пайдалануға ниетті. Аустралия тәжірибесін енгізу мақсатында жалпы құны 55,2 млрд теңгеге 5 ірі инвестицялық жобаны жүзеге асыру көзделген. 600 жаңа жұмыс орны ашылады. Атап айтқанда: 2025 жылы Арыс қаласында 25 мың ІҚМ басына арналған бордақылау кешені іске қосылады; 2025-2026 жылдары Сайрам ауданында «1500 басқа ірі қара малды сою және өңдеу» және «Мал сату биржасы» жобасы, Ордабасы ауданында «30 мың қой бордақылау және 10 мың ІҚМ бордақылау кешені» және «30 мың басқа қой бордақылау алаңы» жобалары жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде жылына 35,2 мың тонна ет өндіріледі (7,2 мың тонна қой еті, 28 мың тонна ІҚМ еті), ет экспортының көлемі 3 есеге артады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту туралы тапсырма берген болатын. Осы тұрғыда Түркістан облысында 2024-2027 жылдары жүзеге асырылатын 145 инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды. Жобалардың жалпы құны 2,5 трлн тг құрайды. Олардың есебінен 20 мыңнан аса жұмыс орны ашылатын болады.

Атап айтсақ:

  • өнеркәсіп саласында – 69 жоба, 1,1 трлн теңге;
  • энергетика саласында – 7 жоба, 1 трлн теңге;
  • агроөнеркәсіп саласында – 28 жоба, 151 млрд теңге;
  • туризм саласында – 16 жоба, 149 млрд теңге;
  • құрылыс саласында – 13 жоба, 72,4 млрд теңге;
  • басқа салаларда – 12 жоба, 31,8 млрд теңге.

Оның ішінде, шетелдік капиталдың қатысуымен – жалпы құны 431 млрд теңгеге 6 878 жұмыс орнын құрумен 13 инвестициялық жоба бар. 

Өңдеу өнеркәсібі саласында 2024 жылы жалпы құны 24,2 млрд теңгеге 528 жұмыс орнын құрумен 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Салалар бөлінісінде: жеңіл өнеркәсіп – 3 жоба, 3,9 млрд тг; құрылыс саласы – 1 жоба, 1,5 млрд тг; азық-түлік өнімдері – 2 жоба, 3,3 млрд тг; жиһаз өнеркәсібі – 4 жоба, 6,9 млрд тг; пластмасса өнімдері – 2 жоба, 6 млрд тг; қағаз өнімдері – 1 жоба, 2,5 млрд тг.

9 айдың қортындысы бойынша жалпы құны 16,9 млрд теңгеге 293 жұмыс орнымен 9 жоба іске қосылды.

Талқылауда Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Облыстық туризм басқармасының басшылары баяндама жасап, ұсыныстарын жеткізді.

Түркістанда алдағы 6 жылда бірқатар жобалар іске асырылмақ. Жоспарлы кезеңде 541 миллиард теңгені құрайтын 7 мыңнан асатын жаңа жұмыс орнымен 192 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Жұмыс орны демекші, жуырда ғана Түркістан қалалық Мансап орталығының ұйымдастыруымен ерекше қажеттілігі бар жандар үшін кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда 11 жұмыс беруші мекеме 38 бос жұмыс орнын ұсынды.

Орталық директоры Райхан Нұридинқызының мәлімдеуінше, шараға 30-дан аса жұмыс іздеуші келген. Оларға мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары түсіндіріліп, тұрақты жұмыстарға жолдамалар берілді. Жәрмеңке қорытындысымен бір тұрғын «CAPABLE GROUP» мекемесіне, тағы бірі Некрасов атындағы №9мектепке жұмысқа орналасты.

Жалпы, жыл басынан бері орталықта 8 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Онда 2958 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алған. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін жұмыспен қамту бағдарламалары жүргізіліп, нәтижесінде жыл басталғалы 20 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Орайы келгенде облыстағы жұмыссыздықты азайту шараларына да тоқтала кетейік.

Облыстағы жұмыссыздар саны – 40,7 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрады. 2024 жылғы ІІ тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 324 470 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5%-ға артып, нақты ақшалай табыс 101,7%-ды құрады.

2024 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша Түркістан облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат:

Жұмыспен қамту мәселелері

2024 жылы облыс әкімімен бекітілген «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 118 889 жұмыс орнын (74 051 тұрақты, 44 838 уақытша жұмыс орындары) ашу жоспарланса, оның ішінде «Еңбек бағыты» бойынша 87 820 жұмыс орнын құрайды (45 664 тұрақты, 42 156 уақтыша жұмыс орын).

2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 88 928 жұмыс орны ашылып, 46 218 тұрақты, 42 710 уақытша жұмыс орнын құрады. Оның ішінде бағыттары бойынша:

  1. Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар аясында 397 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру аясында 3 661 жұмыс орнын ашу көзделіп, бүгінгі таңға 2 533 адам жұмысқа жолданды.

525 орын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша; 306 орын «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бойынша; 216 орын «ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде; 865 орын «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бойынша; 248 орын «ҚР агрөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында; 331 орын «ҚР өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бойынша; 42 орын «Облысты дамыту бағдарламасы» аясында қамтылған.

  1. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес 16 156 жұмыс орны ашылды (жоспар – 22 295 орын).
  2. «Еңбек» бағыты аясында 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нақты 70 239 адам жұмыспен қамту шараларына жолданды (80%). Оның ішінде:
  • 27 282 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданып, жылдық жоспардың 63,1%-ы орындалды (жоспар – 43 250 адам);
  • 30 230 адам субсидияланатын жұмыс орындарына қатысып, жоспар 96,9%-ға орындалды (жоспар – 31 208 адам).

4 674 адам әлеуметтік жұмыс орындарына (жоспар – 4 680 адам, 99,9%); 6 053 адам жастар практикасына (жоспар – 8 500 адам, 71,2%); 15 321 адам қоғамдық жұмыс орындарына (жоспар – 13 950 адам, 109,8%); 1 741 жастар «Алғашқы жұмыс орны» жобасына (жоспар – 1802 адам, 96,6%); 2 441 адам зейнеталды жасқа дейінгі «Күміс жас» жобасына (жоспар – 2 208 адам, 110,6%) жолданды.

2023 жылдан өтпелі 10 948 адам субсидияланған жұмыс орындарын жалғастыруда («Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» мен «Күміс жас» жобаларына қатысқандар).

  1. Жаңа-бизнес идеяларын дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіште 1 779 адамға 2,6 млрд теңгеге грант берілді (жоспар – 1 793 адам). 

Сонымен қатар жұмыссыздарға кәсіптік білім беру мақсатында Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 3 847 адам онлайн оқытудан өтіп, 3 662-і немесе 95 пайызы сертификат алды.

Өз кәсібін бастау мақсатында жұмыссыздар қатарындағы 6 266 адам «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды. Жалпы, жұмыспен қамту шараларына бөлінген 37 148,1 млн теңге қаржының 19 552 млн теңгесі (52,6%) игерілді.

Сонымен қатар сыртқы талдау жұмыстарының нәтижесінде мемлекет тарапынан бөлінген қаржының мақсатты игерілуі мен заң бұзушылықты болдырмау мақсатында Еңбек мобильділігі орталығының тарапынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, субсидияланған жұмыс орындарын мониторингілеу жұмыстарының жүргізілуі қатаң бақылауға алынды. Яғни, ай сайын жұмысқа орналасқан азаматтардың жұмыста болуын тексеру және жұмыс орнына қабылданған азаматтарға қоңырау шалу арқылы қатысқанын растау шаралары жүргізілді. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде жұмыс орындарына қабылданғандар ішінде 1 309 адамға (4,3%) еңбек тәртібін сақтамағаны үшін жұмысты тоқтату шешімі қабылданды (оның ішінде 694-і жұмыста болмаған, 615 адам жұмысқа орналасқанынан бейхабар). Тиісінше, аталған жұмыс берушілермен келісімшарт бұзылып, тиісті шаралар қабылданды. 

Мониторингілеу жұмыстарының барлық шараларын қолдану және қатысу мерзімдерін қысқарту (12 айдан 9-6 айға дейін) нәтижесінде жыл соңына дейін субсидияланған жұмыс орындарына бөлінген қаржының 7,3 млрд теңгесі үнемделді. 

Өз кезегінде, 2024 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5% құрады.

Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,8 есе өсіп, 1,1 триллион теңгеге, ал тартылатын инвестиция көлемі 3 есе өсіп, 1,2 триллион теңгеге ұлғаяды. Жергілікті түсім 44,2 миллиард теңге немесе 2,2 есе өсіп, 81,2 миллиард теңгені құрайды деп жоспарлануда. Келетін сыртқы туристер саны 2 есе өсіп, 20 мың адамға артады. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға төмендетіп, 22 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу көзделуде. Баспанамен қамту бойынша 2411 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар алдағы жылдары өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі арттыру мақсатында жалпы өнеркәсіп саласында құны 142 миллиард теңгені құрайтын, 3 575 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, 34 жоба қарастырылуда. Арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы – 180 гектар. Онда жалпы құны 126 млрд. теңгені құрайтын және 3 050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жобаны іске асыру көзделуде.

Индустриалды аймақтың аумағы 190 гектарды құрайды. Бүгінгі таңда индустриалды аймақта жалпы құны 10,5 миллиард теңге болатын 954 жұмыс орнымен 21 жоба іске асырылған. Сонымен қатар алдағы жылдары құны 15,8 миллиард теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 19 жобаны іске асыру жоспарлануда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жалпы ауданы 540 гектарды құрайтын 4 индустриялық аймақ (Сауран, Келес, Тұрбат, Сарыағаш) құрылды.

Индустриялық аймақтар орналасқан ауданның экономикалық өсімін көтеруге, инвестициялық әлеуетін арттыруға зор септігін тигізетін болады. Индустриялық аймақтар импортты алмастыратын және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруды ынталандыру, шетелдік және отандық инвестицияларды тарту үшін жағдайлар мен заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру мақсатында құрылған.

Бүгінгі таңда, облыс аумағында жалпы ауданы 1083,2 гектарды құрайтын 14 индустриялық аймақ (Түркістан, Кентау, Созақ, ҚТИЗ-БАДАМ, Мақтаарал, Қазығұрт, Түлкібас, Шардара, Бәйдібек, Мақтаарал (ХӨКО), Сауран, Келес, Тұрбат, Сарыағаш) орналасқан.

Жалпы құны 93,5 миллиард теңгені құрайтын, 4 554 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 76 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңда құны 38,6 млрд тг құрайтын, 2 789 жұмыс орнымен 51 жоба іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, машина жасау (4 жоба), тамақ өнеркәсібі (7 жоба), жеңіл өнеркәсіп (5 жоба), құрылыс (33 жоба), экономиканың басқа да салалары (27 жоба). 

Алдағы жылдары құрылыс жұмыстарының көлемі жылдық орташа өсім 17 пайыз болады деп болжам жасалып отыр. Жеке инвестициялық жобалар есебінен құрылыс жұмыстарына құны 243,9 миллиард теңгені құрайтын, 2552 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 136 жоба қарастырылуда. Қаланың жалпы өңірлік өнімінің негізгі бөлігін көтерме және бөлшек сауда құрайды. Салаға 6 миллиард теңгені құрайтын, 340 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 8 жобаны ұйымдастыру көзделген.

Иә, облыста құрылыс саласы қарқынды дамуда. Құрылыс жұмыстарының көлемі алдыңғы жылы 407,5 миллиард теңгені құрады. 898,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 320,2 миллиард теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 132,6%-ды құрады. Өңірдегі пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 788,2 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,7%-ды құрады. Осы жылдың соңына дейін 500 мыңға жуық шаршы метр 219 көпқабатты үйді тапсыру көзделген. Соның нәтижесінде, кезекте тұрған жалпы 5 мыңға жуық отбасының баспана мәселесі шешілетін болады.

Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесінің берілуі шаһардың дамуына серпін берді. «Жаңа қала» шағын ауданы пайда болып, онда заманауи көпқабатты тұрғын үй кешендері бой көтеруде. Жаңа тұрғын үй салу кезінде қаланың сәулеттiк келбетін сақтау үшiн құрылысқа қойылатын белгіленген талаптар, яғни, шығыс үлгісінде болуы және биіктігі 7 метрден аспауы қадағаланады. Түркістан қаласында бой көтеретін әрбір құрылыс нысандарының сәулеттік жобасы тұрақты түрде Түркістан қаласының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде келісуден өткізіліп, құрылыс нысандарының сәулеті тұрақты бақылауда болады.

Түркістан өңірін туристік бағытта жандандыру үшін арнайы жол картасы әзірленді. Онда негізгі 6 тарау қарастырылған. Атап айтқанда, туристік нысандардағы инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетинг жұмыстарын күшейту, «Open Turkistan» мен аудан, қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру мәселелері қамтылған. Қыркүйек айының аяғында осы және өзге де жобалар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте таныстырылды. Өңір басшысы туристік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

– Нақты іске көшетін кез келді. Туризмді дамыту бағытындағы жұмысты жүйелеңіздер. Жол картасындағы әрбір тапсырма орындалуы тиіс. Түркістанды қолөнершілер орталығына айналдыру жолдарын қарастырылсын. Бұл – нақты тапсырма. Гастротуризм, этнотуризм және өзге де тармақтары бойынша жұмысты назарға алып, нақты ұсыныс беріңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.

Жиында Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов баяндама жасады. Оның айтуынша, аталған жол картасын орындау нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысымен ішкі туристердің санын 25%-ға, шетелдік туристердің санын 2,5 есеге, туризм саласындағы қызмет көлемін 30%-ға жеткізу күтілуде. Өңірдегі танымал туристік орындар мен нысандар жүйеленіп, дамиды. Осыған байланысты, әлеуеті жоғары 10 туристік нысан таңдалып алынған. Туристік нысандардың ақпаратын жаңарту және әдістемесін дайындаудан бөлек, гид-экскурсовод қызметінің сапасын арттыру қаралып отыр. Туристік қызмет көрсетушілер (такси, электрокар, шырақшы) үшін бірыңғай қызмет көрсету қағидасы әзірленіп, туристік субъектілердің қызмет көрсету сапасы көтеріледі. Әзірленген біркелкі брендке сәйкес түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама, туристік операторлар мен агенттіктермен жұмыс, нысандардың 3Д фотоларын интернет порталдарына орналастыру жоспарлануда. Туристік өнімдер санын арттыру және күшейту, сондай-ақ ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру көзделген. Жол картасында орталық қызметін монетизациялауға басымдылық беріледі. Тарихи нысандарды күтіп ұстау да басты назарда. Туристерге қазақтың ұлттық тағамдары мен ою-өрнектері, қолөнер бұйымдары ұсынылады. Биыл, жалпы туризм саласы бойынша облыс аумағында жалпы соммасы 37 туристік инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Өткен жылы облыстың туризм саласына 53,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Медиа алаңдар мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысының туристік әлеуеті жайлы ақпараттар мен жан-жақты материалдар таратылуда. Түркістанға келетін халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында Венгрияның «Wizz Air» авиакомпаниясымен бірлескен жұмыс нәтижесінде іске қосылған «Түркістан – Әбу-Даби (БАӘ)» әуе бағыты бойынша рейстердің саны артады.

Әуе демекші, бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов шетелдік компания өкілдерімен кездесу өткізді.

Басқосуда Түркістан қаласының халықаралық әуежайын дамыту перспективалары, жаңа авиакомпанияларды тарту, қосымша әуе бағыттарын ашу, инфрақұрылым нысандары мен көліктік-логистикалық хаб салу және кіші авиацияны дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Түркістан облысында туризмді дамыту, облыс экономикасының әртүрлі салаларына инвестициялар тартуға қатысты ұсыныстар қарастырылды.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан халықаралық әуежайын дамыту жолдары қаралуда. Қаладағы туристік әлеуетті арттырып, өңірдің экономикасына оң әсерін тигізетін ұсыныстар мен пікірлер зерделенеді.

«Қаламызға келуші туристердің қала көркімен танысуы ең алдымен әуежай және теміржол вокзалынан бастау алады. Түркістан теміржол вокзалы — 1904 жылдан бастап қызметін атқарып келе жатқан тарихи орын.

Қазіргі таңда Түркістан теміржол вокзалының жағдайы қаламыздың көркіне кері әсерін тигізуде.

2022 жылы вокзалды күрделі жөндеуден өткізу бойынша Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің тарапынан жөндеуден өткізу бойынша жұмыстар басталған.

Алайда, қазіргі таңда вокзалдың сыртқы фасады ішкі инфрақұрылымдық жүйелері: әжетхана, кәріз жүйесі, ауыз су, кіре беріс қауіпсіздік жүйесі істен шығып, тозығы жетіп пайдалануға жарамсыз күйге түскен.

Осы мәселелер бойынша, аралау жұмыстарын жүргізіп, арнайы жиын өткіздім. Тиісті сала өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, тапсырмалар берілді» — дейді шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлы.

Айта кетейік, Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай және ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып саналады. Облыс аумағында 1780 тарих және мәдениет ескерткіші бар. Сондай-ақ облыста 229 орналастыру орны (қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерлері) және 75 санаториялық-курорттық ұйым жұмыс істейді. Бұдан бөлек облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи объект орналасқан. Олар – ЮНЕСКО биосфералық объектілерінің тізіліміне енгізілген «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, сондай-ақ «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі және «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі.

Еліміздің туристік картасындағы негізгі орындар Түркістан облысының аумағында орналасқан. Мәселен, қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана, Үкаша ата, Домалақ ана кесенелері, «Ақ мешіт әулие» үңгірі, Кеме қалған, «Жылаған ата» үңгірі т.б. киелі жерлер мен мәдени даму орталығы болған Сауран, Отырар секілді тарихи қалалар орнындағы музейлерді туристер мен инвесторларға тартымды ету үшін көптеген жұмыстар қолға алынған.

Бұл мақсатта инфрақұрылымды жақсарту, жеңіл инфрақұрылымды жетілдіру, маркетингтік ілгерілету жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Өткен жылы инфрақұрылымды жақсарту үшін туристік нысандарға барар жолдарды жөндеу бойынша жалпы сомасы 10,6 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылды. Оның ішінде, «Түркістан – Қарнақ» бағытындағы және «Самара – Шымкент» жолдары жөндеуден өткен. Аталған бағытта биыл жалпы сомасы 17,6 млрд теңгені құрайтын 19 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде, Түркістан – Арыстанбаб және Сауран қалашығына бұрылыс алаңын орнату секілді жобалар қамтылған. Жобалардың аяқталу мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Медиа алаңдар мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысының туристік әлеуеті жайлы ақпараттық жұмысты күшейтіп, жан-жақты материалдар таратылуда. Instagram, Facebook, TikTok және Telegram-да түрлі сапалы роликтер, креативті қысқа reels видеолар салынды. Жыл басынан бері жасалған талдауға сәйкес видеолардың жалпы қаралымы 10 млн-ға жуықтады. Күнделікті қызықты ақпараттар, хабарландырулар мен туристік маршруттар жөнінде посттар жарияланып жатыр. Олар пабликтер мен оқырмандардың парақшаларында таралуда. Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 200-ден астам материал жарық көрді.

Сонымен қатар өңірдің туристік әлеуеті халықаралық туристік көрмелерде таныстырылады. Сондай-ақ облыс аумағында оқиғалық іс-шаралар мен ақпараттық турлар ұйымдастырылып, өткізіледі. Бұдан бөлек, Түркістанға келетін халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында Венгрияның «Wizz Air» әуе компаниясымен «Түркістан – Әбу-Даби (БАӘ)» әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілді. Рейстер аптасына 2 реттік жиілікпен А-321 заманауи ұшақтарымен орындалуда.

Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 47,5 млрд теңгені құрады. Өз кезегінде, 2024 жылы жалпы туризм саласы бойынша облыс аумағында жалпы сомасы 35,6 млрд теңгені құрайтын 37 туристік инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Lords Heir» қонақ үйі, «Khan Palace 2» қонақ үйі, «Yassy Hall and Apartments» қонақ үйі, «Болашақ құрылыс» ЖШС-нің демалыс аймағы және т.б. нысандарды осы жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланған. Айта кету керек, 2023 жылы облыстың туризм саласына 53,5 млрд теңге инвестиция тартылды.

Қаланы дамытудың негізгі басым бағыты – туризм. Салаға соңғы 2 жылда 74,2 миллиард теңге инвестиция тартылса, биыл 53,5 миллиард теңгеге жетеді деп көзделіп отыр. Алдағы уақытта 145 миллиард теңгені құрайтын, 955 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 13 жобаны іске асыру жоспарға енгізілген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin