Түркістан қаласында «ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпаздары анықталды

Әлеуметтік жобаға өңірдің барлық аудан-қалаларынан 500-ден астам жас қатысып, өз жобаларын ұсынған. Оның ішіне 225 жоба талапқа сай деп танылған. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша «ZHAS PROJECT» жобасының менторы Сая Сағынғалиева брифингте мәлімдеді.

«Іріктеу кезеңінен өткен жастар 3 күндік онлайн семинар-тренинг оқуынан өтті. Соңғы комиссия отырысында 129 қатысушы өз жобасын қорғап, 20 жоба грант иегері атанды. Үздік деп танылған жастарға кәсібін бастау үшін 1 миллион теңге көлемінде қаржы беріледі. «Zhas project» жобасының негізгі мақсаты – жастардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады»- деді спикер.

Сондай-ақ, бұл 18 жастан 35 жасқа дейінгі және NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жобаларды іске асыруына бағытталған.

Сонымен қатар бүгін Түркістанда кезекті «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Жалпыреспубликалық науқанда 2000-ға жуық тұрғынға тегін заңгерлік кеңес берілді.

«Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған шарада тұрғындар еліміздің заң қоғамдастығының ең үздік өкілдерінен қажетті ақпараттарын алды.

Тұрғындардың талап-тілегі мен өзекті сауалдарын қанағаттандыруды көздеген айтулы шараға ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Әділет министрлігінің, Zakon.kz желілік басылымының, «Параграф» ақпараттық жүйесінің, Республикалық адвокаттар алқасының сондай-ақ, мемлекеттік билік органдары мен Қазақстанның үздік заңгерлері қатысты.

Айта кетейік, халық сұранысы негізінде науқан жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырылып келеді. Акция арқылы күні бүгінге дейін 165 мыңнан астам азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілген.

Ал бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков І мөлтекауданда орындалған жұмыстарды аралап тексерді.

Сауран секторында жалпы 17 мәселе көтерілген, оның 10-ы Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне тиесілі, 6 мәселемен Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі айналысуда.

Нұрбол Әбдісаттарұлы өтініш иесімен кездесіп пікірлесті. Қазіргі таңда аулаларда тазалық жұмыстары жүріп, ағаштар бұталып реттелген. Көпқабатты үйлердің жертөлесінде тозығы жеткен құбырлар ауыстырылып, жаңартылуда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin