Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің құттықтауы

Ата-бабамызға арман болған азаттық – бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақ. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханов «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» деген. Кең байтақ жеріміздің, ұлттық болмысымыздың, салт-дәстүріміздің, тіліміздің сақталып, бүгінде еңсесі биік егеменді елге айналғанымыз — ең алдымен ел бірлігінің, асқақ рух пен берік намыстың арқасы.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет дамуында тарихтың алатын орнына ерекше мән беріп келеді. Мемлекеттік мереке күнтізбесіне Республика күнін қайтару туралы бастама көтерген кезде бұл күнді тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтуді ұсынды.

Әрине, ел мүддесі биік қоғамда ерлік те, өрлік те болады. Оны біз тарих өткелдерінен білеміз. Бүгінгі ұрпақ тәуелсіздіктің шын бағасын білуі үшін өткенімізді ұмытпауымыз қажет.

Ахмет Байтұрсынов «Елін сүйген ер атанады. Өйткені, ерлік білекте емес, елін сүйген жүректе» деп, отансүйгіштіктің қайнарын атап өткен.

Қадірменді жерлестер!

Тәуелсіз Қазақстан үшін мәні терең, маңызы ерек — Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын! Ұлы даламыз — ұрпақтан ұрпаққа аманат. Осы аманатқа лайықты тірлігіміз, бекем бірлігіміз болсын!

Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен бақ тілеймін!

Ізге тілекпен, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.