Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақтарды бақылады

Қазіргі уақытта Түркістан қаласындағы №1 және 2 мөлтек аудандардағы көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелерін жаңарту мақсатында «Астана ритм» ЖШС тарапынан былтыр басталған құрылыс жұмыстары жалғасуда.


Биылғы жылу маусымында қолданысқа беру жоспарланған нысан аяқталғанда апаттық жағдайлардың алдын алып, құбырлардың жарылу қауіпін жояды деп күтілуде. Мұнда жалпы саны 20-ға жуық қызметкер мен техникалар жұмыс істеуде. Қала әкімі мердігерлерге жұмысты ширату қажеттігін ескертіп, істі сапалы орындауды тапсырды.

Одан өзге, Нұрбол Әбдісаттарұлы қала аумағында орналасқан кәріз жүйелерінің станцияларымен және резервуарлар құрылысымен танысты. Қаладағы №4 Канализациялық насостық станциясы өзге станциялардағы сарқынды суды айдап жеткізеді. Ондағы 37 кв насос сағатына 250 м3 суды айдайды. Сондай-ақ, сыйымдылығы 6000 м3 Орталық су қоймадағы 3 резервуар халық игілігі үшін жұмыс істеуде. Болашақта халық санының арту болжамы қарастырыла келе, 5000 м3 екі су қоймасының құрылысы жүруде. Құрылыс жұмыстарын жыл соңында аяқтау жоспарланған. Н. Тұрашбеков мекеме қызметкерлері сарқынды су құбырын сапалы тазалау үшін бюджеттен қаржы бөліп, көлік әперетінін айтты.

Сонымен қатар, шаһар басшысы аумағы 370 гектарға ұлғайған Индустриалды аймақтың жұмысын бақылады. Өнеркәсіп көлемін арттыру мақсатында қолданыстағы 40 га жер телімі қосымша 330 гектарға ұлғайып, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде. Мұнда мекеме өкілдері тарапынан теміржол мен кәріз жүйесі аумағын қалпына келтіру, қоршау жұмыстары бойынша ұсыныстар айтылды. Мәселелер алда жауапты бөлім және мамандармен қаралатын болады. Жалпы, аталған аймақта 2015-2020 жылдар аралығында 14 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтіп, іске қосылған. Олардан 651 жұмыс орны ашылды. Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтар-наурыз айында Индустриалды аймақтағы жобалардың өндірілген өнеркәсіп өнім көлеміндегі үлесі 18,1 пайызды құраған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.