«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Spaсe» үлгісіндегі қоғамдық қабылдау орнында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.
Қоғамдық қабылдауды Клышбаева Негина Гайдаровна —Түркістан облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары;
Еркебекешов Нұрлан —Түркістан облыстық Әділет департаментінің құқық түсіндіру заңды бөлімінің басшысы; Мусаев Ғалымжан Дамирбекұлы — Түркістан облыстық Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі бас маманы; Азимов Муминжан Каримович – Сот орындаушы; Құлжанов Берік Үшкемпірұлы — «Nur Otan» партиясы ТОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Жалпы акция брысында 11 азамат онлайн, 7 азаматтың өтініші оффлайн түрде тыңдалды. Атап айтқанда, Шериева Кулеш інісі жазасын өтеуде адвокаттың көмегін сұрай келген. Азаматшаға білікті адвокат жұмыс жүргізуге көмек көрсететіндігін жеткізді. Қала тұрғыны Пахирдинова Мунира жұмыс жасайды бала күтіміне шығатын /декретке/ әйелдердің жалақысы қалай есептеледі?-деген сауалын қойды.
Тұрғындардың сұрақтарына қоғамдық қабылдау барысында барлық өтініштерге ҚР заңдылықтарына сәйкес тиісті кеңес, жауаптар беріліп, хаттамаға енгізілді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат