Түркістан өңірінің спортшысы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты

Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының боксшысы, Түркістан өңірінің өкілі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты.

63,5 келі салмақта бақ сынап жатқан қазақстандық боксшы аса қиын жекпе-жекте Азия Ойындарының күміс жүлдегері, тайпейлік боксшы Лай Чжуэнді 3:2 есебімен жеңді.

Енді Мұхаммедсабыр 1 тамыз күні грузин боксшысы Лаша Гурулимен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Олимпиада төрінде түркістандық тағы бір спортшы Панарин іріктеу кезеңінен өте алмады.

Бүгін рингке боксшы Сәкен Бибосынов шығады. Отандасымызға сәттілік тілейміз!

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының боксшысы, Түркістан өңірінің өрені Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады.

Бұл жекпе-жекті Түркістан жастары мен тұрғындары амфитеатрда тікелей эфирде тамашалады. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бастаған түркістандық жанкүйерлер спортшымызға қолдау көрсетті.

51 келі салмақта бақ сынаған Бибосынов бірінші кездесуде 2024 жылғы Еуропа чемпионы, талантты Самет Гумушпен (Түркия) кездесті.

Отандасымыз барлық раунда өте шебер жұдырықтасты. Алғашқы раундта 4:1 есебімен алға шықты. Екінші раундта ол басымдықты толық қолға алып, 5:0 есебімен жеңді. Үшінші раундта да Сәкен соққыларын дәл тигізді.

Осылайша, Айтжановтың шәкірті айқын жеңіске жетті.

Бибосыновтың ширек финалдағы қарсыласы да анықталды. Ол – өзбекстандық Хасанбой Дусматов. Қос мықтының жеңгені жүлдеге қол созады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin