Түркістан: 2-10 жасқа дейінгі балалар жиі жарақат алады

Балалар алатын жарақаттардың алдын алу ата-ананың тікелей міндеті! Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ата-аналарды осылай деп құлағдар етеді. Және балалардың денсаулығы мен өміріне аса мұқият болып, жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Облыстың ақхалаттылары соңғы кезде балалардың жиі жарақаттанатынына алаңдаулы. Бұған негізде жоқ емес. Себебі, жарақаттың басым бөлігі үй жағдайында орын алуда. Олар

балалардың үйде:

— төсектен, терезеден, үстел мен баспалдақтан құлаған кезде алатын соққылар, сіңір немесе буын созу, аяқ пен қолдың сынуы;

— кесетін заттар (пышақ, өткір жүздер, сынған әйнек, ыдыс) қол жететін жерде жатқан кезде алатын ашық жаралар, тілімдер;

— ыстық таба, ыдыс, қайнаған су, басқа электрлік аспаптар, оттан алатын күйіктер;

— 2-3 жас аралығындағы балалардың ұсақ заттардан тұншығып қалуы (тиын, түйме және т.б.);

— тұрмыстық химиялық заттардан улану (жуу заттары, ағартқыштар және т.б.);

— жөнделмеген электрлік аспаптардан, ашық тұрған электрлік құбырлардан, розеткаға ине, пышақ және басқа металл заттарды сұғудан тоқ соғу сиықты жарақат алатынын айтады.

Далалық, көліктік емес жарақаттар балалардың далада (аулада және балалар алаңында) жүру тәртібін сақтамаудан туындайды. Статистика бойынша мұндай жарақаттарға 2 жастан 10 жасқа дейінгі балалар шалдығады. Балалар осындай жарақаттарды 75% аулаларда, далада, 25 % үйде алады. Жарақаттардың түрлері, көбінесе, үстірт жарақаттар және ашық жаралар, сүйек сыну, буын шығу, буын созу, бұлшықет және буын жарақаттары болып табылады. Сүйек сыну арасында қол сыну — 37,7%, аяқ сыну -31,0%, бас пен мойын жарақаттары — 11,3% мөлшерде орын алады. Әсіресе осындай жарақаттарға ұл балалар көп шалдығады, өйткені, олар тұрмыста, мектепте, далада көп қозғалыста болады. Айта кету керек, ауладағы әткеншекте алатын жарақаттар кеңінен таралған, олардан алған жарақаттар әсіресе ауыр болады, сонымен қатар, велосипед, ролик, қысқы мерзімде стьюбтер, шана, шаңғы сырғанаған кезде алған жарақаттар көп кездеседі. Ата-аналары баласына тебу қауіпсіздігі ережесін түсіндірсе мұндай жағдайлардан аман қалуға болады, және тізеге, шынтаққа киетін заттарды және басқа киетін шлемдерді сатып алу тиіс. Бұл жарақаттардан аман қалуға ықпал етеді. Және балаға дұрыс құлауды түсіндіру қажет, өйткені, дұрыс құлауға да үйрену керек. Көлік жүретін жолдардан алшақ теуіп, мұқият болып, жоғары жылдамдықпен теппеу тиіс.

Жарақаттардың алдын алу ата-ана жауапкершілігінде. Халық арасында балалардың жарақаттары өздігінен жазылып кетеді деген қате пікір қалыптасқан. Бұл түбінде дұрыс емес. Көптеген жарақаттардың (күйіктен қалған жаралар, күйіктер және химиялық заттардан улану, көз зақымдары, сүйек сынулар сүйектің дұрыс өспеуіне, аяқ пен қодың дұрыс дамымауына және қысқарып қалуына әкеледі. Күйіктен кейін қалатын жаралар буындарды тартып, буын етінің дұрыс жетілмеуіне апарады) салдарынан 20-30 % жағдайда балалардың мүгедек болып қалуына шалдықтырады. Және де жеңіл жарақаттардың өзінде балалардың ағзасында патологиялық өзгерістер туындауы мүмкін, олар болашақта баланың мүмкіндіктерін шектеп, мамандық танадауына жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Ата-аналар балалардың жарақаттары туралы нені білуі тиіс:

1.Жарақат алуға ең қауіпті кезең – 3 жасқа дейін. Осы уақытта балалар көп соққы алып, күйіп қалып, бөтен заттарды жутып алады. Бір жасқа дейін балалардың мерт болу себептері 10% мөлшерінде орын алады.

Балалардың жарақат алуының басты себебі – ата-аналардың туындаған жағдайға немқұрайды қарауы, тиісті көңіл бөлмеуі. Ересектер арасында кездесетін қателіктер – терезелерді жаппау, қауіпті заттарды қол жететін жерде қалдыру, балаларды қараусыз қалдыру.

Жоғары биіктерден құлау және жол-көлік апаттары салдарынан туындайтын жарақаттарға жеке тоқталу қажет. Бұл жағдайларда 20% мөлшерде 5-6 жастағы балалар зардап шегеді – осы жағдайда балалар мүгедектікке немесе өлімге апаратын ауыр жарақаттарға шалдығады. Ата-аналар мұқият болыңыздар! Ауыл жолдарында көлік қозғалысы арта түсуде, ол қозғалыс қысқы мерзімде көк тайғақ кезінде көбейе түседі, осы тұста далалық көлік жарақаттары көбейеді.

Сонымен, балалардың жарақат алуын болдырмау, оның алдын алу, балалардың қауіпсіздігін сақтау – ата-аналар мен балаларға жауап беретін тұлғалардың (тәрбиешілер, күтушілер, оқытушылар, ағалар, апайлар және т.б.) негізгі мақсаты болып табылады. Әрине, біз 100% пайыз балаларымызды жарақаттардан және бақытсыз жағдайлардан толықтай сақтай алмаймыз, алайда біз негізгі алдын алу шараларын білуіміз және орындауымыз қажет. Баланы ерте жастан қауіпсіздік шараларына үйрету міндет.

Баламен әңгімелесіп, жарақаттар және олардың салдары туралы айтып, мысал ретінде көрші баланың алған жарақатын келтіруге болады.

Кішкентай сәбилерді жалғыз өзін және қараусыз мүлдем қалдыруға болмайды. Әрқашан өткір заттар, химия, қайнатылған ыстық су, от және басқа қауіпті заттарды баладан алшақ ұстаған жөн.

Балаларыңыздың жол қозғалысы туралы, даладағы тәртіп жөніндегі ережені, мектептегі, спорт секцияларындағы қауіпсіздік ережелері туралы білімін тексеріп отыру қажет. Балаларға жарақат алған кезде не істеу керек екені туралы үйрету абзал.

Жарақат салдарын емдеуден гөрі, балалардың жарақатын болдырмау анағұрлым жеңілірек түседі.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.