Түркістан: 875 көшенің тазалығы күнделікті жүргізіледі

Түркістан қаласы көлемінде тазалық жұмыстары жүргізілетін 875 көше, орталық маңыздылыққа ие 39 көше бар.


Оның 136 көше механикалық жолмен тазаланса, 739 көше қолмен тазаланады.

Санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуге 88 техника, 491 жұмысшы жұмылдырылған.

Аталған 875 көшеге қарасты 9 984 абонент пен 654 сауда нүктесінің тұрмыстық қатты қалдықтарын тазалауға «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС тарапынан келісім-шарт жасалып, бекітілген кестеге сай тазалануда.

2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, жеке тұлғаларға жайлы үйлерге бір адам басына айына 105 теңгеден 95 теңгеге, ал, жайсыз үйлерге бір адам басына айына 122 теңгеден 112 теңгеге өзгеріп, бүгінгі таңға осы төмендетілген тарифпен есептелуде.

«Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» теңгеріміндегі Түркістан қаласы, Шәуілдір тас жолындағы 18 га қатты тұрмыстық қалдық полигоны «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-не сенімгерлікке берілген.

Аталған полигонға 2019 жылдың 7 тамызынан 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін қоршаған ортаны қорғау эмиссиясының рұқсат қағазы алынған.

Полигонға келіп түскен қоқыс қалдықтарын дер кезде жерге көму жұмыстары жүргізіліп отырады.

Қала тұрғындарына көше бойларына қоқыстарды бей-берекет шығарып тастамау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бекітілген кестеге сәйкес шығарып отыру жөнінде ескертулер күнделікті жүргізіліп, қағаз түрінде де таратылады.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You