Тәуелсіздік — Азаттықтың жемісі

 
25 қазан – Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті үшін елдің саяси-экономикалық даму принциптерін айқындаған мемлекеттік құжаттың, дәлірек айтсақ, мемлекеттік Егемендікті тарихи құжатпен бекіткен күн.
Бұл тарихи датаны талдап, таразылау арқылы бүгінде біз Тәуелсіздік жолының ұзақ та, қымбат болғанын білеміз.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация өз кезегінде республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды.
Міне, сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде әлемдік аренада таныла бастады.
Декларация Қазақ КСР-нің егемендігін және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялап, онда алғаш рет аумақтың тұтастығы, егемендігі мен таласқа түспейтін тәуелсіздігі, мемлекеттік бюджеті, мемлекеттік рәміздері, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттарды бекітті.
Казақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы — республиканың тұңғыш заң актісі. Құжаттың 14-бабында Қазақстан «халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жариялаған. Сондай-ақ, республика шет мемлекеттермен экономикалық және сауда байланыстарын ерiктiлiк пен тең праволылық принциптерiн сақтай отырып, өзара тиiмдi шарттар негiзiнде құрады, сыртқы экономикалық қызмет мәселелерiн дербес шешедi делінген.
Иә, Декларацияның әрбір 17 бабы республикамыздың еркін әрекеті мен бейбіт өміріне негізделген, келешегін нық айқындаған бағдарламалық саси құжат.
Декларацияның 17-бабы негізінде 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды.
Республика күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өту арқылы халқымыздың ұлттық рухын асқақтататын, елжандылыққа баулыйтын, тарихты ұлықтауға, құрметтеуге негіз болатын құндылықтарды дәріптеу болмақ.
Егемен елдің еңсесі биік деген даналыққа сүйене отырып, Шоқан Уәлиханов айтқандай, халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек деген пікіріне басымдық жасағым келеді.
Сәуле Рысбаева
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
Шымкент қаласы бойынша филиал доценті, саяси ғылымдар кандидаты
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin