Төлебилік шаруалар Түркістан қаласында жәрмеңке өткізді

Төлебилік шаруалар Түркістан қаласында жәрмеңке өткізді. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Түркістан қаласындағы «Экобазар» әмбебап сауда орталығында Төлеби ауданының шаруалары жәрмеңке өткізді. Санитарлық эпидемиологиялық талаптар толық сақталып өткен жәрмеңкеде өнім базар бағасынан 10-15 пайыз төмен сатылды.

Жәрмеңеге ауданның ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын ірі қожалықтардың тауарлары қойылды. Бұл күні бал және бал өнімдері, сүт өнімдерінің бағасы қол жетімді болды.

 Төлебилік шаруалар жәрмеңкеге барлығы 10 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін алып барды. Мұнда жеміс-жидек пен көкөністің де бірнеше түрін кездестіруге болады. Табиғи таза және сапалы өнімдерге аса мән берілген. Шаруалардың халықтың қыс қамын қиналмай жасап алуына септігін тигізу бағытында өткізген жәрмеңкесіне облыс орталығының тұрғындары риза болып, алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, экобазар – дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.