Төлеби: Аудандағы 30 540 баланың 1303-і ерекше білім беруді қажет етеді

    Жаңа Қазақстан құру идеясын іске асыруда биылғы оқу жылын бірқатар жаңалықтармен бастағалы отырмыз. Олар: мектептердің 5 күндік оқу аптасына көшуі. Бұл мұғалімдердің демалыс күндерін өз отбасымен бірге өткізуіне, сабақтарына ізденіспен дайындалуына,  шығармашылықтарын  шыңдауға  мүмкіндік береді. Оқу 31 мамырға дейін 36 аптаға ұзартылды нәтижесінде оқушылардың апталық оқу жүктемесі төмендетілді. Төлеби  ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі  басшысының міндетін атқарушы Садықова Ардақ Мадыханқызы осылай деді. Оның сөзінше, биыл барлық бірінші сынып  оқушысы өз ана тілінде білім алады. Екінші сыныпта орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі пәндері кезең-кезеңімен оқытылады. Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде бірінші сыныптан бастап қазақ тілі пәні жүргізіледі.

Аудан мектептерінің  59,3% пайызы пән кабинеттерімен  жабдықталған (39 физика, 30 химия, 36 биология). Олардың  53% 2000-2015 жылдарда берілген.

Бүгінгі  таңда  2022-2025  жылдар  аралығында  мектептерді  кезең-кезеңімен пән кабинеттерімен қамтамасыз ету  міндеттері  тұр.

      Өздеріңіз білесіздер 2022 жылды Мемлекет басшысы «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» деп жариялады.

Аталған жыл шеңберінде балалардың қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейту, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар үшін жағдай жасау мәселесі аса назарда болды.

      Ауданда  54  мектепке  дейінгі  ұйымда  6605 бала тәрбиеленуде. Онда 633 педагог  жұмыс атқарады. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балалар 100 пайыз қамтылған. Білім мен тәрбие беретін педагогтардың біліктілігіне қатысты  талаптар күшейтілуде. Биылғы оқу жылынан бастап  балабақша  жұмысының  жаңа  моделі, мемлекеттік  стандарты, жаңа типтік  оқу жоспарлары  бектілді. Бұл баланың толық  дамуын түбегейлі өзгертуге  бағытталған.     

Тәрбиешілердің статусын, айлық жалақысын көтеру, біліктілігін арттыру, бір топқа  екі тәрбиеші қатар жұмыс атқару мәселелері  республикалық деңгейде көтерілуде. Балабақшада тілдік дағдыны, ұлттық құндылықты тәрбиеленушілердің бойына сіңірген жағдайда  сапа арта түседі.

       Балабақшадағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында лицензиялау тәртібі қолға алынуда. Лицензиялау өз кезегінде балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

Орта білім

      Ауданда жалпы білім беретін 68 мектепте 27 795 оқушы білім алуда.

       Биылғы оқу жылында 11 сыныпты 1532 түлек бітірді.

       «Алтын белгі» белгісін 20 оқушы,129 оқушы үздік аттестатқа иеленді (2021 жылы 1064 түлегінің  50-і «Алтын белгі» белгісін иеленді)

       Ұлттық бірыңғай тестті 1081 оқушы тапсырды.

Бітіруші түлектердің 402 жоғары оқу орнына мемлекеттік грантқа түсті. Ол ҰБТ тапсырғандардың 37,1%.

Оқушылардың жалпы білім сапасы 63,7% құрады (2021 жылы білім сапа 63,3%) +04% өсті.

Алдағы  оқу жылында  мектептердің  білім деңгейлері   бітірушілердің  жоғары оқу орнына түсу нәтижесімен  бағаланады. Сонымен қатар  әр мектепке  білім сапасын арттыру  бойынша  KPI жүйесі енгізілу  жоспарланып  отыр.

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге (ББЖМ) 2022 жылы 12 мектеп 4 сыныпта 423 оқушы, 9 сыныпта 385 оқушы қатысты.

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу бойынша әдістемелік  кабинет «ақпараттық сағат» уақытын ұйымдастырып, негізгі пәндер бойынша пән мұғалімдерімен онлайн, тәжірибелік және оқыту семинарларын өткізді.

Нәтижесі 4 сыныптар бойынша 21,7%, 9 сыныптар бойынша 49,6% болды.

PISA-2022 халықаралық зерттеуіне 3 білім беру ұйымынан барлығы — 92 оқушы қатысты.

 

       «Білімді  ұлт» сапалы білім беру»  жобасының негізгі  міндеті  орта білім беру сапасын арттыру. Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтығын азайту мақсатында        Павлодар облысы  Малайсары жалпы  орта мектебімен Қасқасу шағын жинақты жалпы орта мектебі педагогтарының кәсіби шеберлігімен шығармашылығын арттыру бойынша  меморандум  жасалынып, бір шама  жұмыстар атқарылды.

       Ауданда орналасқан мамандандырылған мектеп-интернатына  шалғайдағы 10 шағын жинақты  мектеп бекітілді.  Осы мектептер арасында  жұмыс жоспары жасалынып, педагогтармен бірнеше  тәжірибелік дөңгелек үстелдер, пікір таластар, ашық сабақтар өткізілді.

    Облыс бойынша басталған Назарбаев зияткерлік мектептерінің 17 «Темірқазық» тірек  мектептерінің  базасына  аудандағы №1 мектеп-гимназия  енді. Алдағы оқу жылында осы №1 мектеп-гимназия Назарбаев зияткерлік  мектептерінің  ең  үздік  тәжірибелерін оқып үйреніп, әрі қарай  басқа  мектептермен бөлісетін болады.

 

Оқулықпен қамту

Өткен оқу жылы «Оқуға құштар мектеп» ұлттық жобасы аясында өтті.

«Мектепке кітап сыйла!» акциясы ынталы түрде ұйымдастырылып, 1144 дана көркем әдеби  кітаптар мектеп бітіруші түлектерден жиналды.

 Республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында Ахмет Байтұрсыновтың  шығармаларын оқу жалғасын табуда. 

Облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастырумен өткізілген «КітапХан@» кітап оқу жобасына  педагогтар, кітапханашылар белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар аудан білім бөлімінің әдіскері Утегенова Салиманың «Оқы, ойлан, ой түй» авторлық жобасы іске асырылып, республика денгейінде таратуға ұсынылды. Жобаға барлық мектептердің 5-11 сынып оқушылары  қатысып, оқыған  кітаптарымен  әлеуметтік  желіде  бөлісу  белсенділігі арта түсті.

Балалар  жылына  орай «Біз кітаппен бірге өсеміз!» челленджі  аудан оқушылары  арасында жалғасын табуда.

Жаңа оқу жылында тиісті оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталатын болсақ.

 Аудандағы 63 мектептегі кітапханаларының  жалпы кітап қоры-1 102 392 дананы құрайды, оның ішінде көркем әдебиеттер саны — 310 605 дана, оқулықтар саны 69 1787 дана.

2022-2023 оқу жылында облыстық бюджет қаражатынан   114 380 дана оқулықтармен, оқу әдістемелік  кешендер алынуда.  2-сынып оқулықтары түгел жаңартылуда, 45 950 дана оқулық. 1-11-сыныптарда бала санының өсуіне байланысты  68 430 дана  қосымша  оқулықтар алынды. 7 сыныпқа «Физика», «Химия», «Биология» қос тілді  оқулықтар 4500 дана және 5-11 сыныптарға 16 920 дана «Абайтану» оқулықтары жаңартылды.  Бүгінгі күнге аудан мектептеріне 100 пайыз жететін оқулықтар сатып алынды.

Кадрлық қамтамасыз ету

 Аудан бойынша педагогтердің саны–3351 (2021 жылы 3156). Педагогтардың 67,8% пайызы (2273-і) жаңа форматтағы біліктілік аттестаттаудан өткен (2021 жылы 53% құрайды) Былтырғы жылмен салыстырғанда 14,8% өскен. Біліктілік арттыру курстарынан педагогтардың  84,6% өткен (2837). 2022-2023 оқу жылында педагогтерді жұмысқа қабылдау жаңа форматта конкурс және нақты критерийлер бойынша жүзеге асырылады.   Аталған өзгерістер мұғалімдерді жұмысқа орналастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерін жоюға және жұмысқа қабылдау кезінде меритократия қағидаларын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, сағаттар санын дұрыс бөлмей, үш-төрт мұғалім бір ставкаға қабылданған жағдайлар да орын алған. Бұдан былай білім беру ұйымдары барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізеді. Конкурсқа біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін мұғалімдер қатысады.

         Өздеріңіз білетіндей биылғы оқу жылында Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Үздік  педагог» арнайы бағдарламасы іске асырылуда. Аталған бағдарлама аясында келген педагогтарға кедген елді мекендерде тиісті жағдай жасалып бос орындарға  қабылданады. Бүгінгі таңға Төлеби ауданына 2 педагог келді.

 Білім беруді автоматтандыру процесі

Аудандағы орта білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыру мақсатында толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы бар бірыңғай интеграцияланған «Bilim Land», daryn.online білім беру онлайн платформасын пайдаланады.

— педагогтарды жұмысқа қабылдау бойынша Jumys.Smartnation.kz,

педагогтарды аттестаттау процесін автоматтандыру бойынша Е-Партфолио «jumys.snation.kz»,

Сонымен қатар мектеп кітапханаларының базасын есепке алу, мектептер арасындағы кітап алмасу, электронды түрде сұраныс беру жүйесі бойынша «Е-Кітапхана» платформасы енгізілді.

1 сыныпқа 2650 оқушы еgov.kz порталы және қағаз түрінде өтініш беріп қабылданды.

Ауданда барлық білім беру мекемелері «Kundelik.kz» автоматтандырылған электронды журналын жүргізеді.

    Инклюзивті біліммен қамту

 Аудандағы 0-18 жас аралығындағы 30540 баланың 1303-і ерекше білім беруді қажет етеді.

Осы балаларға ауданда білім беретін:

-1 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мекемесі;

-түзету дамыту қызметін көрсететін 1 арнайы білім беру ұйымы (коррекционный кабинет)  жұмыс  жасайды.

№7 ІТ мектеп-лицей ғимаратында орналасқан психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде — 81 бала, ал үйде білім алатын балалар саны — 235 бала және жалпы білім беретін мектептерде 315 бала инклюзивті біліммен қамтылған.

Заман талабына сәйкес барлық білім беру ұйымдары ерекше білім беруді қажет ететін баланы қабылдауға дайын болу керек.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім ұйымдарының саны 68, оның ішінде 59-ы мектеп, 9-ы балабақша. Жалпы  білім ұйымдарының 73,9% құрайды деп статистикалық есеп берудеміз. Алайда бұл бағытта әлі тиісті жұмыс жасау қажет.

Балаларды әлеуметтік  қолдау, құқығын қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 Білім беру процесі білім алушыларға бағытталғандықтан оған қолайлы да, қауіпсіз орта құруға негізделуі тиіс. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт баланың жеке басына тілектестік қарым-қатынас, құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары бейнебақылаумен толық қамтылған. 67 мектептің 25-інің бейнекамералары облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Қаладағы 7 мектепте «дабыл түймелері» орнатылды.

67 мектептің ішкі әжетханасы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта 4 мектепте (Қ.Мамытов, Шомшақты, Шұбарағаш, Жаңажол) ішкі дәретханада су жоқтығынан дәретхана сыртқы аулада. Себебі, орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған.

Аудандағы 49 мектептегі асханалар сенімгерлікке берілген. Ондағы тұл жетім, жартылай жетім, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасының 971 баласы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Жаңа оқу жылында асханасы жоқ мектептердің аз қамтылған 321 оқушысына да тиісті жағдай жасау қолға алынуда.

          Аудан бойынша әлеуметтік  көмекті  қажет ететін 3234 оқушының 2033-іне Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес қаржылай көмек көрсетілді. Енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес бүгінгі таңға 37 389 көлеміндегі қаржы 2033 оқушының арнайы есеп шоттарына аударылып берілуде.

        Қалған 1201 оқушыға  «Мектепке жол» акциясы  аясында демеушілер есебінен көмек көрсетуді  ұйымдастырудамыз.

      «Мектепке жол — шекарасыз жақсылық» республикалық акциясын өткізу  тұжырымдамасына  сәйкес  шағын және орта  бизнес ұйымдарына аталған акцияға қатысу туралы өтініштер жолданып, халық арасында ақпараттық-насихаттық, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Акция 30 кыркүйекке дейін жалғасады.

Аудан бойынша 21 мектепте 2767 баланы тасымалдау жүзеге асырылады деп жоспарлануда (оның ішінде мектептері жоқ 4 елді мекенде (Қаратөбе ауылындағы Жамбыл, Зертас ауылындағы Жаңакүш, Екпінді ауылындағы Қорған, Нысанбек ауылындағы Жаңатұрмыс ауылдарынан -273 оқушы). 

Қостөбе  мектебін  апатты деп танылып, жабылуына байланысты  134 оқушысы Қаратөбе жалпы орта мектебіне тасымалданып, оқытылады деп  күтілуде.

Биылғы жылға дейін Балаларды тасымалдау «Төлеби автобус паркі» ЖШС арқылы жүзеге асырылып келген.

Жалпыға  міндетті  білім беру  қорынан бөлінген қаражатқа  әлеуметтік  статусқа ие 700  оқушы  «Эдельвейс-Тау гүлі» лагерінде, мектеп  жанындағы лагерлер мен аула  топтарында 4290  бала, ата-аналар демеушілігімен республика көлемінде орналасқан басқа  да лагерлерде 1682 бала  жазғы лагерлерде демалды.

Қосымша білім беру

      Ауданда 4 қосымша білім беру мекемесі бар.

1.Аудандық оқушылар үйінде — 1205 оқушы.

2.Аудандық саз мектебі – 311 оқушы.

3.Қалалық саз мектебі – 303 оқушы.

4.Көркем сурет мектебі – 232 оқушы

        Мектептен тыс мекемеге барлығы — 3025 оқушы.

    Жалпы білім беру ұйымдарындағы үйірмелерге өнер, спорт, туризм, сурет, қолөнер, дебат, шешендік өнер саласына 18039 оқушы, жалпы қосымша білім берумен – 21064 оқушы, 75,9% қамтиды. Өнер саласына — 9081 оқушы, 32,7%, спорт саласына – 11983 оқушы, 43,2%.

      Облыс әкімінің тапсырмасымен Бүгінгі таңда  балаларды қосымша  біліммен  қамтамасыз етуде «Fablab» лабараториясын ашайын деп отырмыз. Замануи барлық құрылғылары  алынды.  4-18 жас аралығында оқушылар соңғы  үлгідегі электроника мен бұйымдар құрастыруды үйрені, бос уақытын тиімді өткізеді.

       Заман қанша өзгерсе де өзгермейтін бір ұғым бар. Ол — білім мен ғылым. Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашанда қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы — білімді адам.

        Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сондықтан да шәкірттерімізге  сапалы білім беруде,  шығармашылықпен еңбек етейік.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.